40 жылдан кейін темекіні қоямыз

Ардабек Солдатбай 2011 M01 15
1593
0
0
0

40 жылдан кейін Жер бетінде темекі шегетін адам қалмауы мүмкін. Әлем елдеріндегі темекі  шегушілердің саны туралы статистикалық мәліметтерді зерттеп шыққан Citygroup мамандары осындай   түйінге келіп...

40 жылдан кейін Жер бетінде темекі шегетін адам қалмауы мүмкін. Әлем елдеріндегі темекі  шегушілердің саны туралы статистикалық мәліметтерді зерттеп шыққан Citygroup мамандары осындай   түйінге келіп отыр.

Зерттеу мәліметтеріне сүйенсек, соңғы онжылдықта темекі шегушілердің саны әлем бойынша 9,4   пайызға төмендеген. Атап айтқанда, 1960 жылы Ұлыбритания халқының барлығы дерлік никотинге тәуелді болған, бірақ содан бері темекі шегушілердің саны тез азайып келеді, 2008 жылғы көрсеткіш бойынша, жалпы британдықтардың 20 пайызға жуығы ғана көк түтінге үйір екен. Бельгия, Финляндия, Норвегия және АҚШ елдеріндегі темекі шегушілердің мөлшері де осы шамалас.

Ермек ҚАРАБАЛА.

Оцените пост

0