Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
07:58, 15 января 2011

Бөкенбай батыр туралы баяндама

Қадірлі ағайын!

Құрметті конференцияның қонақтары!

2006 жылы қазан айында Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына қол қойғаны белгілі.

Президент жарлығына байланысты «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында еліміздің мәдени рухани өмірінде, шын мәнінде, тарихи деп айтуға болатын, мән-маңызы айрықша зор, әрі ерекше жауапты жұмыстар қолға алынды.

Ақтөбе облысының 2006 жылы мәдени Меккеге айналып А.Жұбановтың 100 жылдық, Ш.Берсиевтің 125 жылдық мерейтойы тойланып, Жиренқопа жеріне 40 жылдан кейін Қобыланды батырдың сүйегінің қайта жерленуі және ХIV-ХV ғасырлар ескерткіші болып табылатын Абат Байтақ кесенесінің қайта қалпына келтірілуі соның айғағы деп ойлаймыз.

Еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін нығайтудың маңызды факторы мемлекеттік идеологияны, оның іргетасы- объективтік тарихын сапалы қалыптастыру екендігі баршамызға аян. Өткен өмірдің тағлымдарын дұрыс таразылап, одан тиісті сабақ алмай, қоғамның алға жылжуы мүмкін емес. Қазақ халқы үшін, әсіресе, бірнеше ғасыр бойы бодандық қасіретін шеккен кезеңін зерделеудің ғылыми- танымдық қана емес, саяси, практикалық маңызы ерекше.

Осыған байланысты аудан зерттеушілерінің нәтижелі жұмыстарының арқасында біраз тарихи тұлғалардың есімдерінің тарих бетіне шыққаны куә. Атап айтсақ Құрманғазы ұлт-аспаптар оркестірінің  негізін қалаушылардың бірі, майталман күйші Қамбар Медетов, халыққа белгілі әнші Тәңірберген Молдабай, Арынғазы ханның ұрпақтары Камалитдин, Ахметше, Уәлиша, Каир медресесінен дәріс алып, Оксфорд университетінде сабақ берген Мұртазин Абдрахман осы Мәртөк жерінің түлектері. Ізденсе аталатын аттар көп.

Қазақ халқының тағдырында ерліктің айбынын көрсетіп, елдің қорғаны болған тарихи тұлғалардың ішінде дулығалы батырлардың алар орыны ерекше

Қазақ жұртының іргелі ел, қабырғалы халық болып қалуына, ұлан-байтақ далаға қызыққан жауға тойтарыс беріп, бүгінгі ұрпағына мұра етіп қалдыруға ұлтымыздың батырлары мен бағландары, ақылгөй даналары өлшеусіз үлес қосқанын тарихтан білеміз. Сондай ұлтының ұлы батырларының бірі-Табын Бөкенбай Қарабатырұлы елінің бірлігі мен болашақ тірлігін ойлаған данышпан саясаткер, екі дүркін үш жүздің қолын бастаған батыр, ақылы асқан алаш арысы екені айқын.

Осы салада        ХVIII ғасырда қазақ елінің жоңғарларға қарсы ұлт- азаттық соғысында аты аңызға айналған табын Бөкенбай Қарабатырұлының ерлік ісіне тарихи әділ бағасының берілмей келе жатқаны, есімінің тасада қалуы өкінішті жағдай.

Бөкенбай батыр туралы жазушы Ә. Кекілбаев «Үркер» романында жазса, профессор З.Байдосов, ғалым Н.Жетпісбай, А.Қожанов газет беттерінде көптеген мақалалар жазған болатын.

Құрметті ағайын ! Бүгінгі ғылыми-теориялық конференцияның негізгі мақсаты Бөкенбай батыр туралы ой-пікірі бар адамдардың басын қосып, жасалынып жатқан жұмысты жүйелеп, жандандыруына мүмкіншілік қарап, негізгі жүргізілетін жұмыстың бағытын анықтау деген ойдамын. Сондықтан конференция қонақтарына бір кісідей ат салысып, ой-пікір таласына қатысып, табысты жұмыс жасауларыңызды тілеймін.

Тыңдағандарыңа рахмет!

 

Қадірлі ағайын!

Құрметті конференцияның қонақтары!

2006 жылы қазан айында Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына қол қойғаны белгілі.

Сондықтан Президент жарлығына байланысты «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында еліміздің мәдени рухани өмірінде, шын мәнінде, тарихи деп айтуға болатын, мән-маңызы айрықша зор, әрі ерекше жауапты жұмыстар қолға алынған болатын.

Ақтөбе облысында 2006 жылы мәдени Меккеге айналып А.Жұбановтың 100 жылдық, Ш.Берсиевтің 125 жылдық мерейтойы тойланып, Жиренқопа жеріне 40 жылдан кейін Қобыланды батырдың сүйегінің қайта жерленуі және ХIV-ХV ғасырлар ескерткіші болып табылатын Абат Байтақ кесенесінің қайта қалпына келтірілуі соның айғағы деп ойлаймыз.

Еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін нығайтудың маңызды факторы мемлекеттік идеологияны, оның іргетасы- объективтік тарихын сапалы қалыптастыру екендігі баршамызға аян. Өткен өмірдің тағлымдарын дұрыс таразылап, одан тиісті сабақ алмай, қоғамның алға жылжуы мүмкін емес. Қазақ халқы үшін, әсіресе, бірнеше ғасыр бойы бодандық қасіретін шеккен кезеңін зерделеудің ғылыми- танымдық қана емес, саяси, практикалық маңызы ерекше.

Қазақта ата-бабадан ұрпаққа жалғасып келе жатқан, үлгілік мәні өте зор мақал бар. Ол – «Өлі разы болмай, тірі байымайды»-деген қағидалы сөз. Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасын орындауға байланысты Мәртөк ауданында өткен жылдары аудан зерттеушілерінің нәтижелі жұмыстарының арқасында біраз тарихи тұлғалардың есімдерінің тарих бетіне шыққанын айтуға болады. Атап айтсақ Құрманғазы ұлт-аспаптар оркестірінің  негізін қалаушылардың бірі, майталман күйші Қамбар Медетов, халыққа белгілі әнші Тәңірберген Молдабай, Арынғазы ханның ұрпақтары Камалитдин, Ахметше, Уәлиша, Каир медресесінен дәріс алып, Оксфорд университетінде сабақ берген Мұртазин Абдрахман осы Мәртөк жерінің түлектері. Ізденсе аталатын аттар көп.

Қазақ халқының тағдырында ерліктің айбынын көрсетіп, елдің қорғаны болған тарихи тұлғалардың ішінде дулығалы батырлардың алар орыны ерекше

Қазақ жұртының іргелі ел, қабырғалы халық болып қалуына, ұлан-байтақ далаға қызыққан жауға тойтарыс беріп, бүгінгі ұрпағына мұра етіп қалдыруға ұлтымыздың батырлары мен бағландары, ақылгөй даналары өлшеусіз үлес қосқанын тарихтан білеміз. Сондай Қазақ халқының  ұлы батырларының бірі-Табын Бөкенбай Қарабатырұлы елінің бірлігі мен болашақ тірлігін ойлаған данышпан саясаткер, екі дүркін үш жүздің қолын бастаған батыр, ақылы асқан алаш арысы екені айқын.Осы салада Мәртөк ауданында «Мәдени мұра» бағдарламасының талабы бойынша аудан көлемінде әуесқой тарих зерттеушілерінің ізденісінің арқасында және аудан әкімшілігінің, аудандық мәдениет бөлімінің бірлескен жұмысының нәтижесінде Табын Бөкенбай Қарабатыр ұлының атын елге танытуда біршама жұмыстар жасалғанын конференция делегаттарына жеткізгім келеді.

Атап айтсам, 2007 жылдың 20 шілдесінде Мәртөк селосында Республика көлемінде бірінші рет Бөкенбай батырдың 340 жылдығына арналған «Бөкенбай баһадүр – ескерусіз ерлігімен отты рухы» атты ғылми-теориялық конференция ұйымдастырылды. Конференцияға біршама Ақтөбелік ғалымдар мен жазушылар шақырылып, іргелес қоныстанған елдерден Ресей делегациясы қатысқан болатын. Негізгі баяндаманы Бөкенбай батырды зерттеуші алғашқылардың бірі профессор Закретдин Байдосов жасап, зерттеу негізінде Бөкенбай Қарабатырұлының туған жылы 1667 жылдың шамасы деген келісімге келген болатынбыз. Көпшіліктің қолдауымен Бөкенбай батырға ас садақа беріліп, бағышталған құран оқылды. Аудандық мәдениет қызметкерлерінің күшімен Әбіш Кекілбаевтың «Үркер» романының негізінде сахна төрінде театырландырылған, Бөкенбай батырдың өмірінен тарихи шиеленістерге байланысты көріністер қойылды. Қазіргі уақытта аудан әкімшілігі конференция делегаттарының ұсынысын қолдап, аудан орталығында орталық көшеге  Бөкенбай бабамыздың атын берді, аудандағы ұлттық мектеп гимназиясына Бөкенбай батырдың атын беру туралы ұсыныс аудандық, облыстық ономастика туралы комиссияларының отырысында қолдау тауып, Республикалық ономастика туралы комиссияның шешімін күтудеміз.

Құрметті делегаттар!

Конференцияда тарихи белгі ретінде Мәртөк ауылының атын сақтай отырып , ауданға Бөкенбай батырдың атын беру туралыда ұсыныстар болған болатын. Ол ұсынысты жергілікті аудандық «Мәртөк тынысы» газетінде жариялап, көпшіліктің талқысына салғанбыз және заңдылығын қарастырғанбыз. Редакцияға түскен ұсыныстар әртүрлі болғандықтан бұл жағдай әлі шешімін тапқан жоқ, бірақ жұмыс әрі қарай жалғаса бермек. Міне, алғашқы қозғалған сең сияқты, Бөкенбай батырдың атын халыққа, өсіп келе жатырған жас ұрпаққа таныстырудағы Мәртөк ауданындағы жасалынған жұмыстардың барысы осы.

Атамыз қазақтың өсиет ретінде айтып кеткен :«Елін силамаған ер азады. Ерін силамаған ел тозады» деген қағидалы сөзі ұлтын ардақтайтын әр азаматқа  толғаныс сезімін тудыруға тиіс деп ойлаймын.   Осы салада      ХVIII ғасырда қазақ елінің жоңғарларға қарсы ұлт- азаттық соғысында аты аңызға айналған табын Бөкенбай Қарабатырұлының ерлік ісіне тарихи әділ бағасының берілмей келе жатқаны, есімінің тасада қалуы өкінішті жағдай.

Бөкенбай батыр туралы жазушы Ә. Кекілбаев «Үркер» романында жазса, профессор З.Байдосов, ғалым Н.Жетпісбай, А.Қожанов газет беттерінде көптеген мақалалар жазған болатын. Бөкенбай Қарабатырұлының тарихта айтылатын аңыз емес, тарих төрінде жасаған ерлігіне сай орыны бар тарихи тұлға екенін дәлелдейтін құжаттардың жеткілікті екені даусыз. Бөкенбай бабамыздың ерлігін қаса-қана кейбір «тарихшылардың» басқаға таңғанымен, ақиқат өзінің орынын табатынына сенімдімін. Сондықтан, міне бүгін Сіздердің қатысуыңызбен Ақтөбе жерінде тәуелсіздігіміздің арқасында тағы да бір тарихтың беті екінші рет ашылды деп есептеуге болады.

Құрметті ағайын! Бүгінгі ғылыми-теориялық конференцияның негізгі мақсаты Бөкенбай батыр туралы ой-пікірі бар адамдардың басын қосып, жасалынып жатқан жұмысты жүйелеп, жандандыруына мүмкіншілік қарап, негізгі жүргізілетін жұмыстың бағытын анықтау деген ойдамын. Амалсыздан, «біз осыны баяғыдан бері неге жасаған жоқпыз»- деген ой келеді. «Көп түкірсе – көл»- деген қазақ даналарының айтқан сөзі басталған жұмыстың көпшіліктің қатысуымен бітетіндігінің айғағы.

Жерге тамған тамшыдай, Бөкенбай бабамыздың аты тарих төрінен істеген ісіне сай орын алуына аз да болса көмегіміз тиіп, алғашқы қадам жасағанымыз мені қуантады және жалғасын табады деген ойдамын. Сондықтан конференция қонақтарына бір кісідей ат салысып, ой-пікір таласына қатысып, табысты жұмыс жасауларыңызды тілеймін.

Тыңдағандарыңа рахмет!

 

Тағыда Бөкенбай батыр туралы.

Президент жарлығына байланысты «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында еліміздің мәдени рухани өмірінде, шын мәнінде, тарихи деп айтуға болатын, мән-маңызы айрықша зор, әрі ерекше жауапты жұмыстар қолға алынған болатын.

Ақтөбе облысы 2006-2007 жылдары мәдени Меккеге айналып А.Жұбановтың 100 жылдық, Ш.Берсиевтің 125 жылдық мерейтойы тойланып, Жиренқопа жеріне 40 жылдан кейін Қобыланды батырдың сүйегінің қайта жерленуі және ХIV-ХV ғасырлар ескерткіші болып табылатын Абат Байтақ кесенесінің қайта қалпына келтірілуі соның айғағы деп ойлаймыз.

Еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін нығайтудың маңызды факторы мемлекеттік идеологияны, оның іргетасы - объективті түрде тарихты сапалы қалыптастыру екендігі баршамызға аян. Өткен өмірдің тағлымдарын дұрыс таразылап, одан тиісті сабақ алмай, қоғамның алға жылжуы мүмкін емес. Қазақ халқы үшін, әсіресе, бірнеше ғасыр бойы бодандық қасіретін шеккен кезеңін зерделеудің ғылыми- танымдық қана емес, саяси, практикалық маңызы ерекше.

Қазақта ата-бабадан ұрпаққа жалғасып келе жатқан, үлгілік мәні өте зор мақал бар. Ол – «Өлі разы болмай, тірі байымайды»-деген қағидалы сөз. Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасын орындау барысында Мәртөк ауданында өткен жылдары аудан зерттеушілерінің нәтижелі жұмыстарының арқасында біраз тарихи тұлғалардың есімдерінің тарих бетіне шыққанын айтуға болады. Атап айтсақ Құрманғазы ұлт-аспаптар оркестірінің  негізін қалаушылардың бірі, майталман күйші Қамбар Медетов, халыққа белгілі әнші Тәңірберген Молдабай, Арынғазы ханның ұрпақтары Камалитдин, Ахметше, Уәлиша, Каир медресесінен дәріс алып, Оксфорд университетінде сабақ берген Мұртазин Абдрахман осы Мәртөк жерінің түлектері. Ізденсе аталатын аттар көп.

Қазақ жұртының іргелі ел, қабырғалы халық болып қалуына, ұлан-байтақ далаға қызыққан жауға тойтарыс беріп, бүгінгі ұрпағына мұра етіп қалдыруға ұлтымыздың батырлары мен бағландары, ақылгөй даналары өлшеусіз үлес қосқанын тарихтан білеміз. Сондай Қазақ халқының  ұлы батырларының бірі-Табын Бөкенбай Қарабатырұлы елінің бірлігі мен болашақ тірлігін ойлаған данышпан саясаткер, екі дүркін үш жүздің қолын бастаған батыр, ақылы асқан алаш арысы екені айқын.Осы салада Мәртөк ауданында «Мәдени мұра» бағдарламасының талабы бойынша аудан көлемінде әуесқой тарих зерттеушілерінің ізденісінің арқасында және аудан әкімшілігінің, аудандық мәдениет бөлімінің бірлескен жұмысының нәтижесінде Табын Бөкенбай Қарабатыр ұлының атын елге танытуда біршама жұмыстар жасалған сияқты.

Алғашқы Бөкенбай батыр туралы біздерге дерек берген облысымызға танымал, Есет Көкіұлының 325 жылдығына арнап жыр-дастан жазған, Мәртөк жерінің тұрғыны, ұстаз, шайыр ақын Жангалиев Сейтқали ақсақал болатын. Әнші Тәңірберген Молдабайдыңда аты халыққа танымал болып, Алтын қызбен айтысының бүгінгі ортаға жетуіне де себепкер болған осы Сакең ақсақал еді. 1994 жылдың күзінде Есет батырдың тойынан кейін маған келіп: «Ауданда халық алдында көзге түсіп жүрген азаматтардың бірісің, білсең табыннан шыққан Бөкенбай деген батыр аталарың бар. Қазақта одан асқан батыр болған емес. Есет қанша батыр дегенмен Бөкенбайды қатты силап, алдына шықпаған. Айтқанын жасап, ылғида қасында жүрген, әрі күйеу баласы болған. Палтау елді мекенінен 12 шақырым жерде, Орынбор облысының, Қуандық ауданының, Приуральный совхозының 2-бөлімшесінде Қарабатырдың шыңы деген шың бар. Сонда Бөкенбайдың әкесі Қарабатыр жерленген. «Ақтөбе» газетінде Өтегенов Амантай деген журналист бар, сонымен хабарласып, Бөкенбай бабаларыңның атын көтеріңдер, сауап болады»-деп, Амантай Өтегеновке арналған хат тастап кеткен. Жұмыс басты болып жүріп, хат иесіне 1995 жылдың қараша айында табыс етілген болатын. Хатта жоғарыда көрсетілген жағдайлар қағазға түсірілген екен. Бұл мезгілге дейін Сейтқали ақсақал қайтыс болғандықтан, ертеңіне Амантай екеуіміз ақсақалдың өсиетін орындау үшін айтқан жеріне барып, Қарабатырдың шыңына шығып, дұға оқып, ауыл ақсақалдарымен кездескен болатынбыз. Ауыл ақсақалдары Сейтқали ақсақалдың айтқандарын толықтай қостап, аталарымыздың айтуынша шыңның басына Қарабатыр жерленген. Қайтыс боларында: «Басымды шығысқа беріңдер. Жау келсе шығыстан келуі мүмкін. Аян берсемде жаудың келе жатқанынан хабар берермін»-деген екен деп әңгімелеген болатын. Сол кездесулерден кейін «Актюбинскиий вестник» газетінде Бөкенбай мен оның әкесі Қарабатыр туралы «Вершина Карабатыра» деген атпен Амантай Өтегеновтың алғашқы мақаласы жарияланған болатын. Міне, бастау осы жерден басталды деп есептеуге болады. Бұл 1995 жыл болатын. Содан кейінгі жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 2007 жылдың 20 шілдесінде Мәртөк селосында Республика көлемінде бірінші рет Бөкенбай батырдың 340 жылдығына арналған «Бөкенбай баһадүр – ескерусіз ерлігімен отты рухы» атты ғылми-теориялық конференция ұйымдастырылды. Конференцияға біршама Ақтөбелік ғалымдар мен жазушылар шақырылып, іргелес қоныстанған елдерден Ресей делегациясы қатысқан болатын. Негізгі баяндаманы Бөкенбай батырды зерттеуші алғашқылардың бірі профессор Закретдин Байдосов жасап, зерттеу негізінде Бөкенбай Қарабатырұлының туған жылы 1667 жылдың шамасы деген келісімге келген болатынбыз. Көпшіліктің қолдауымен Бөкенбай батырға ас садақа беріліп, бағышталған құран оқылды. Аудандық мәдениет қызметкерлерінің күшімен Әбіш Кекілбаевтың «Үркер» романының негізінде сахна төрінде театырландырылған, Бөкенбай батырдың өмірінен тарихи шиеленістерге байланысты көріністер қойылды. Қазіргі уақытта аудан әкімшілігі конференция делегаттарының ұсынысын қолдап, аудан орталығында орталық көшеге  Бөкенбай бабамыздың атын берді, аудандағы ұлттық мектеп гимназиясына Бөкенбай батырдың атын беру туралы ұсыныс аудандық, облыстық ономастика туралы комиссияларының отырысында қолдау тауып, Республикалық ономастика туралы комиссияның шешімін күтудеміз.

Конференцияда тарихи белгі ретінде Мәртөк ауылының атын сақтай отырып , ауданға Бөкенбай батырдың атын беру туралыда ұсыныстар болған болатын. Ол ұсынысты жергілікті аудандық «Мәртөк тынысы» газетінде жариялап, көпшіліктің талқысына салғанбыз және заңдылығын қарастырғанбыз. Редакцияға түскен ұсыныстар әртүрлі болғандықтан бұл жағдай әлі шешімін тапқан жоқ, бірақ жұмыс әрі қарай жалғаса бермек. Міне, алғашқы қозғалған сең сияқты, Бөкенбай батырдың атын халыққа, өсіп келе жатырған жас ұрпаққа таныстырудағы Мәртөк ауданындағы жасалынған жұмыстардың барысы осы. Одан кейінгі уақытта облыс әкімінің сол кездегі орынбасары  Ә.М.Рақымжановқа депутатық сауал қойып, басталған жұмыстың облыс көлемінде әрі қарай жалғасуына себепкер болған да Мәртөктен алынған бастама болатын. Сол істелген істердің жалғасы, қараша айында Қ.Жұбанов атындағы университеттің «Жастар» сарайында Бөкенбай батырға  арналған, түгелдей батыс өңірінің ғалым-жазушыларының қатысуымен өткен ғылми теориялық конференция еді. Конференция көлемді және өте мазмұнды болды деп айтуға болады. Қуантатыны, конференция делегаттарының қолдауымен «Бөкенбай батыр» атында қордың құрылуы. Екінші қуанышымыз, Ақтөбе қаласында облыс және қала әкімшілігінің түсіністікпен қолдауының арқасында қала ортасынан жаңа және үлкен даңғылға Бөкенбай батырдың атының берілуі.

Атамыз қазақтың өсиет ретінде айтып кеткен : «Елін силамаған ер азады. Ерін силамаған ел тозады» деген қағидалы сөзі ұлтын ардақтайтын әр азаматқа  толғаныс сезімін тудыруға тиіс деп ойлаймын. Бөкенбай батыр туралы жазушы Ә. Кекілбаев «Үркер» романында жазса, профессор З.Байдосов, ғалым Н.Жетпісбай, А.Қожанов газет беттерінде көптеген мақалалар жазған болатын. Бөкенбай Қарабатырұлының тарихта айтылатын аңыз емес, тарих төрінде жасаған ерлігіне сай орыны бар тарихи тұлға екенін дәлелдейтін құжаттардың жеткілікті екені даусыз. Бөкенбай бабамыздың ерлігін қаса-қана кейбір «тарихшылардың» басқаға таңғанымен, ақиқат өзінің орынын табатынына сенімдімін. Сондықтан конференцияда айтылған үш мағлұмат қосымша анықтауды қажет етеді деген оймен өзімнің түсінігімді тыңдаушы қауымның талқысына ұсынамын:

Бірінші: ол Бөкенбай батырдың нақты туған жылын анықтау. З.Байдосов Орынбордағы ақсақалдың өлең шумағында «алты мүшел толтырып»-деген жолды негіздеп, Бөкенбай батыр 1669 жылы туған деп көрсетеді, ал мүшелден қанша асқаны бізге белгісіз болып қала береді. А.Құнтөлеуұлы «Әбілқайыр хан»- деген кітабында «Бөкенбай 1693 жылы туған. Әбілқайырмен құрдас, қанжығалы Бөгенбайдан 10-12 жас, ал күйеу баласы Есеттен 15-17 жастай кіші және 49 жыл өмір сүрген» деген болжам айтады./сол кітап,358 бет/. Ал, Е. Тұрбаев 2010 жылдың 15 сәуірде «Ақтөбе» газетінде шыққан  «Тағы да Бөкенбай батыр жөнінде» атты мақаласында-«Бөкенбай батырдың туған және қаза болған жылдары жөнінде нақты мәлімет кездеспейді»-деп жазады. Бұл талас тудыратын анықтама. Біз Ә.Кекілбаевтің «Үркер» романы әдеби-көркем туынды болғанымен тарихи құжаттардың негізінде жазылған шындық екендігін мойындап және А.Тевкелевтің Кіші жүз хандығында болған уақытта жазған күнделігінің негізінде Бөкенбай батырдың туған жылы 1667 жыл деп есептейміз. Негізі: Әбіш ағамыз «Үркер» романында 512 бетінде «Июльдің он бірі күні Тевкелевті Бөкенбай батыр қонағасыға шақырды»-деп көрсетеді. Бұл ойдан шығарылған емес. Осы қонағасыны Тевкелев өзінің күнделігінде 65 жастағы Бөкенбай батырдың баласының шілдеханасында 1732 жылдың шілде айында болғандығын жазады. Егер Бөкенбай батыр Жайық казагі Харкиннің 1742 жылдың 7-ші маусымында Орынбордың экстракт комиссиясына жазған хатында мамыр айында түрікпендердің қолынан қайтыс болды дегенін ескерсек, бастауыш мектептердің есептеу амалдарын пайдалана отырып, сол мезгілде Бөкенбай батырдың жасының 75-те екенін анықтауға болады. Тарих ғылымының кандидаты Сакен Уталиев «Букенбай или Богембай»-деген мақаласында:-«В дневниках известного российского посла к Абулхайр хану Тевкелева есть запись о том, что он и видные казахи Младшего жуза были гостьями у 65-летнего Букенбай батыра по поводу рождения его сына в 1732 году. Значить, табынец родился в 1667 году» - деп жазған. /Актюбинский вестник, 16 апрель 2009 год. № 47-48/. Тағыда бір ескеретін жағдай, қолымызға түскен құжаттарда, Е.Тұрбаевтің мақаласында, Сейтқали ақсақалдың айтуында Есет батыр Бөкенбайды аса құрметпен қадірлеп, ылғида кішілік көрсетіп отырған. Есет біреуден қорқатын батыр емес, 17 рет жекпе-жекке шығып, ерліктің шыңына шыққан адам. Сол кездегі этикет бойынша қазақта әуелі ханды емес, дәреже төрінде отырған адамды емес, жасы үлкенді сыйлаған. Сондықтан Есет Бөкенбайға жол беріп, жағаласпай, жасын сыйлаған. Жоғарыда көрсетілген деректер  осы айтылғандардың айғағы ретінде Бөкенбайдың жасы Есеттен үлкен болмаса кіші емес екендігін көрсетеді.

Екінші: Конференция барысында Бөкенбай батырдың әкесінің атын Қара деп көрсеткендері талас тудырып тұрған сияқты. Бұл сәттеде шындықтың негізінде жазылған тарихи роман болғандықтан және Бөкенбай батыр туралы Кеңес дәуірінде жазылған алғашқы әдеби туынды деген оймен тағыда Әбіш ағамыздың «Үркер» романына жүгінеміз. Романда 314 бетте «Әкесі Абдолла сұлтан қара найза Қарабатырға қарындасы Құттыбикені беріп қолын ұзартса, бұл одан туған Бөкенбайға нағашылығын бұлдап қолын ұзартып отыр»-деп көрсетсе, ал 315 бетте «Анадайдан ауылға жалпылдап қағыта сөйлеп, бұны көрсе, төбесі көкке бір жетіп қалатын қара атандай талтаң да тарпаң жездесі Қарабатырдың дүние салып, бір айғыр төбенің басын бөлек иемденіп жатып алғанына біраз болған.» деген жолдар бар. 409 бетте «Әбілқайыр Мырзатайды Қарабатырдың ауылына шаптырды» деген сілтеулерді Әбіш ақсақал білмей жазды деуге болмайтын шығар. Профессор Т. Қаратаев «Бөгенбай аттас батырлар» деген мақаласында тайға таңба басқандай Бөкенбай Қарабатырұлы деп көрсетеді./Алтын Орда, 14.04.2000 жыл/.Ұзақ жылдар бойы талмай Бөкенбай батырды зерттеп жүрген профессор З.Байдосовта өзінің жазған мақалаларында Бөкенбайдың әкесі Қарабатыр деп жазып, Қарабатырдың шыңында болғандығын көрсеткен./Ақтөбе,20.11.2003 ж., Ақтөбе,27.09.2007 ж., № 119-120./ Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ильясова Рысжан апайда өзінің «Бөкенбай шоқысы»-деген мақаласында қазіргі Ресей жеріндегі «Қарабатыр шыңы» осы Бөкенбай батырдың әкесінің атымен байланысты екендігіне күмән келтіруге болмайтындығын атап өткен/Алтын орда, 19-25 қараша 2009 жыл, №47(513)/. Е.Тұрабаев «Аршып алар бір ақиқат»-деген мақаласында «Ырғыз жерінің «Қара батыр алабында» белгісіз күйде батырдың әкесі Қарабатырдың да қорымы жатыр»-деген жолдарды жазған./Ақтөбе,01.10.2009ж., №117-118/. Қарабатыр лақап аты екені ақиқат. Біреулер шын аты Бисен немесе Бисенбай деп көрсетеді. Біздегі деректі берген Бөкенбай батырдың Тіленшіден тараған Жайсан стансасында тұратын жетінші ұрпағы Ғалымгереев Қапият деген ақсақал болатын. Қарттың айтуынша Бөкенбайдың әкесінің азан шақырып қойған аты Алдасүгір. Ел Әбіш ағамыз суреттегендей қараторы алып адам болғанғандықтан, әрі ерлігімен көзге түскендіктен Қара батыр деген атпен атап кеткен деп Қапият ақсақалға Сақыпкерей деген атасы айтып, шежірелерін жазып кеткен. Сол шежіре бойынша Бөкенбай тарақты табынның ішінде Амандәулет – Жиенбеттен тараған. Асандәулет жылқышыға кірмейді. Соның ішінде кейбір деректерде көрсеткендей Кедейқұл бөліміне ешқандайда қатысы жоқ.. Қазақ дәстүрінде лақап аттарымен тарихқа кіргендер көп. Қабанбай батырдың шын аты Ерасыл болған. Халық тек қана түсіне ғана емес, соның ішінде сүйсініп көңіл толатын аса бір ерекшелігін бағалап, батырлығына риза болып, өнеріне тамсанғанда немесе көңілі толмай, налып кемсіткенде лақап ат жапсырып, дәріптеп немесе кемсітіп отырған. Ат бергенде ерекшелігінің қасына анықтауыш сөздер тіркесіп отырған дейтін болсақ Бөкенбайдың әкесінің тарихқа енген аты Қара емес, Қарабатыр  болғаны дұрыс деп есептейміз.

Үшінші: Тарих бетінде Әбілқайыр мен Бөкенбайдың бірлескен қазақ қолын басқарып, жоңғарлармен Бұланты,Аңрақай өңірінде болған шайқаста алғаш рет жоңғарларға күйрете берген соққысының маңызы осы күнге дейін дұрыс бағаланбай келеді.Осы соғыста қуатты жоңғар тұмсығы тасқа тиіп бір мәртеге тоқыраған болатын. Жазушы М.Мағауин өзінің «Қазақ тарихының әліппесі»-деген деректі толғамында:- «Бұланты мен Аңырақай шешуші шайқас емес-ті, бірақ алаш ұлының ғұмырын ұзартқан, оған ең қажет кезінде тыныс берген аса елеулі оқиға болды. Егер осы жеңістер болмаса, Қазақ Ордасы осыдан жүз жыл бұрын мүлде тозып құрып біткен Ноғай Ордасының кебін киері анық-ты. Тоқтау көрмеген Жоңғар қалмағы енді бірер серпіннен соң Еділ қалмағымен тоғысар еді. Сары Арқадан айырылған соң қазақтың барар жері, басар тауы қалмас еді. Хандық садаға, халқының өзі құрып кетер еді»- деп көрсетеді. Бұл ақиқат, оның маңызы қазақ халқының халық болып сақталынып қалғандығында.  Бұл шайқас жөнінде 1998 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаев Ақтөбе облысына келген сапарында: «Орыс ұлты мен мемлекетінің тағдыры үшін Полтава, Куликово, Бородино түбіндегі орыс жасақтарының жеңісі қандай маңызды болса, қазақ халқы үшінде Бұлаңты-Білеуті және Аңрақай бойындағы даңқты ұлы жеңістеріміз сондай қымбат»-деп атап көрсеткен болатын. Егер жазушы, драматург Смағұл Елубайдың сөзімен айтатын болсақ, қазақ геосаясатында, қазақ стратегиясында Әбілқайыр хан мен Бөкенбай батырдың тарихи орыны қазақ халқын мәңгілік құлдықтан құтқарушылар деп түсінген жөн сияқты.

Келесі бір көп бұрмалауға түсіп, талас тудырып жүрген Әбілқайыр хан мен Бөкенбай батырдың Ресей патшалығының құрамына бодан болып кіру саясаты. Тарихи деректерде қазақ халқының басына түскен саяси-экономикалық күйзеліске байланысты Ресей патшалығына кіру туралы ойлар «Ақтабан шұбырынды» уақиғасынан да бұрын хан мен билердің орталарында айтыла бастаған. XVIII ғасырда орыс патшалығына алғашқы елшілікке 1715 жылы Тайқұмар Күлтебай барған болатын. Содан кейін 1716 жылдың қыркүйек айында Тәуке хан мен мұрагері Қайыптың тапсырмасы бойынша елшілікке Бекболат Екешев және Байдәулет Бөриев барды. 1718 жылдың желтоқсанында қазақ елшісі Тайқұмар Күлтебай жергілікті әкімшілікте Қазанның губернаторы П.С.Салтыковке Әбілқайыр ханның Бірінші Петрге Ресей патшалығының қоластына кіру туралы өтініш хатын табыстады. Өкінішке орай Бірінші Петр өлгеннен кейін, жоңғарлардың «Ақтабан шұбырындыға» соқтырған жойқын шабуылына байланысты, келіссөз жұмыстары тоқтап қалған болатын. Жоңғарларға Бұланты мен Аңрақай бойында күйрете соққы бергеннен кейін қазақ халқына елін, жерін сақтау саясатында Ресей патшалығына бірден-бір бодандыққа кіру қажеттілігі айқындалды. Бұл жерде Әбілқайыр ханды даңққұмарлығын айтып, үш жүздің ханы болмағасын өкпелеп кетіп қалды деп күстаналаудың орыны жоқ. Әбілқайырдың хан ордасы болған Түркістанды тастап, Кіші жүздің жері Ырғыз аймағындағы Мойынтөбеге келу себебі сол кездегі көптеген тарихи жағдайларға байланысты болған сияқты.

Ол, біріншіден Ресей құрамына бодандыққа кіру саясатын іске асыру мақсатында алаңсыз келіссөз жүргізу үшін Ресей мемлекетіне территориялық жақын жерде болу, келетін елшілерге қуіпсіздік жағдайын туғызу және Кіші жүз бен Орта жүздің би - батырларына арқа сүйей отырып, өзінің қауіпсіздігін сақтау болатын.

Ал, екіншіден Ұлы жүз бен Орта жүздің хандарынан және кейбір би-батырларынан Ресей құрамына бодандыққа кіру саясатында ашық қарсылық болғандықтан көрсеткен сенімсіздігі болатын.

«Бодандық туралы ол кездегі қалыпты түсінік, әсіресе көшпенді жұрттардың көзқарасы біздің қазіргі ұғымнан мүлде басқаша болаты. Әбілқайыр бастаған, кейінрек Әбілмәмбет пен Жолбарыс қостап, қазақтың басқа да шонжарлары үміт артқан бодандық мәселесі – бостандықтан айрылу емес, әскери одақ дәл осы кезеңде қауіп-қатері кемірек, күш-қуаты мол, үлкен жұрттың саяси демесін, ұзын арқау қорғанышына сүйене отырып, өзінің елдігін, тәуелсіздігін сақтап қалу тәсілі ғана.»-деп көрсетеді аталған кітабында М.Мағауин / 99 бет /.Осыны шындық деп есептеуге болады.

Қ. Жұбанов атындағы университетте және Орал қаласында  ұйымдастыылған ғылыми-теориялық конференциясының негізгі мақсаты Бөкенбай батыр туралы ой-пікірі бар адамдардың басын қосып, жасалынып жатқан жұмысты жүйелеп, жандандыруына мүмкіншілік қарап, негізгі жүргізілетін жұмыстың бағытын анықтау деген ойдамын. Амалсыздан, «біз осыны баяғыдан бері неге жасаған жоқпыз»- деген ой келеді. «Көп түкірсе – көл»- деген қазақ даналарының айтқан сөзі басталған жұмыстың көпшіліктің қатысуымен бітетіндігінің айғағы.

Жерге тамған тамшыдай, Бөкенбай бабамыздың аты тарих төрінен істеген ісіне сай орын алуына аз да болса көмегіміз тиіп, алғашқы қадам жасағанымыз мені қуантады және жалғасын табады деген ойдамын.

 

Жақсат Мұратұлы Қарылғашов.

0
2357
1