Құрманбек Бакиев директор атанды

Ардабек Солдатбай 2011 M01 14
548
2
0
0

Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбев Бакиевті қандыкөйлек досы Александр Лукашенко әскери зауыттың директоры қылып тағайындады. 2010 жылы еліндегі бей-берекетсіздіктер мен төңкерістен соңы...

Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбев Бакиевті қандыкөйлек досы Александр Лукашенко әскери зауыттың директоры қылып тағайындады. 2010 жылы еліндегі бей-берекетсіздіктер мен төңкерістен соңы Бішкекті тастай қашқан Бакиев Минискіден пана тапқан болатын. Саша досы Құрекеңнің ешкімге маңдайынан шерткізбеймін деген еді. Әзірге сөзінде тұрып келеді.

Ол қандықол қарақшы, талай адамның жазықсыз қаны төгілуіне себепкер, оны бер бізге, аяусыз жазалаймыз деген сарындағы Бішкектің жаңа билігінің сөздерін құлағына да ілмеді. Ол тіпті талай уақыт бойы оны заңды президент санайтынын айтып жүрді. Алайда, 2010 жылы желтоқсан айында ол Роза Отынбаевмен кездескен еді. Шынын айту керек, екеу ара әңгімеде Бәкиев туралы сөз болмады. Неге деген сауалға А.Лукашенко «Егер ол бұрынғы президент болса неменесіне талқылаймыз» деген еді. Айқайлап айтапса да досының бұрынғы күні қайтып оралмасын мойындағанын білдірген еді.

Бәкиевті елге қайтару туралы Бішкектің талабынан Минскінің прокурорлары заңды негіз көріп тұрған жоқпыз деп бас тартқан еді. Ал Интерпол болса өздерінің «саяси, әскери, діни және нәсілдік істерге» тұмсық тыға алмайтынын айтып жалтарған. Сөйтіп, жаз бойы алашапқын болған айырқалпақты ағайын ақыры бәріне кінәлі атанған Бәкиевті уыстарына түсіре алмай пұшайман күйде қалды.

Ал Бакиев мұртынан күліп әскери зауыттың билігін қолына алды. Ол қаруды жақсы көреді. Оның әскери зауытқа басшы болуы сол қару-жараққа деген сүйіспеншілігінен болуы керек. Әлде, Алатооның ар жағындағы туыстарын қынадай қыратын қару жасауды армандап жүр ме? Әйтпесе, «батьканың» елінде электронды есептегіш машинаның маманына басқа да қызметтер табылар еді ғой.

Әли СЕКЕЛ.

Оцените пост

0

Комментарии

0
Ну пипец Теперь там воровать будет. Горбатого только ...
0
...Лукашенко перевоспитает)))
Показать комментарии
Дальше