Тараз қаласының тұрғындары Азиада алауын көре алды

Аруна Ортаева 2011 M01 13
1003
5
0
0

Азиада алауын тамашалауға Тараздықтар таңертең сағат 9-дан бастап дайындалды. Спортшылар жүгіріп өтетін басты көшелерде қоғамдық көліктер тоқтатылып, жан-жақтан студенттер, оқушылар, оқытушылар...

Азиада алауын тамашалауға Тараздықтар таңертең сағат 9-дан бастап дайындалды. Спортшылар жүгіріп өтетін басты көшелерде қоғамдық көліктер тоқтатылып, жан-жақтан студенттер, оқушылар, оқытушылар қауымы жинала бастады. Биылғы жылдың басты оқиғасын көруге мемлекеттік қызметкер еместер де асықты. Жамбыл жұртшылығының жолы болды. Күн райы қатты аяз болмай, эстафетаны біраз қызықтауға мүмкіндік берді. Азиада алауын алып жүріп өту құрметі белгілі әнші Досымжан Таңатаровқа бұйырыпты. Арланның ақ образына оранған оның көңіл-күйінен қобалжығанын анық байқауға болады. Міне, халық ұзақ жаурап, тағатсыздана көп күткен сәт!

Ал мына көліктің ішінде біздің Қазақстанымыздың намысын қорғайтын спортшыларымыз отыр.

Ендеше алаушыларымызға сәттілік тілейік! Қазағымыздың мерейін асырып, туымызды өзгелерден жоғарырақ желбірете берсін! P.S. Суреттер "Қазақтелеком" АҚ филиалы - Жамбыл облыстық телеколммуникациялар дирекциясы ғимаратының алдынан түсірілді.

Оцените пост

0

Комментарии

0
АЛҒА ҚАЗАҚСТАН!!!
0
ҚАЗАҚТАР ҰЛЫ ХАЛЫҚ!
0
у меня тоже есть фотосет, тока с Алматы)
Показать комментарии