Журналист. Ұлт тұлғасы.

Айнур 2009 M05 20
2201
13
1
0

Сәлем! Көптен бері ғаламтор беттерінде жазбалар жазуға жүрексініп жүр едім. Бүгіннен бастап блог жүргізуге кірістім. Жазбаларымда өзімнің арман-мақсаттарымды, журналистика жайлы өз көзқарастарымды...

Сәлем! Көптен бері ғаламтор беттерінде жазбалар жазуға жүрексініп жүр едім. Бүгіннен бастап блог жүргізуге кірістім. Жазбаларымда өзімнің арман-мақсаттарымды, журналистика жайлы өз көзқарастарымды жазып жүретін боламын.

Мен еліміз тәуелсіздік алып, “ақ түйенің қарны жарылған” шақта 1991 жылы дүние есігін аштым. Тағдырым тәуелсіз Қазақ елімен егіз іспеттес. Азат еліммен бірге қанаттанып, бірге өсіп келемін. Осы орайда тәуелсіз елімізді төрткүл дүниеге танытуды бүгінгі қазақ қоғамының қалыптасу жолдарында журналистер қауымы жасаған еңбектің шоқтығы биік. Себебі, мемлекеттің тыныс-тіршілігі, ондағы адамдар тағдыры, жалпы ұлт келбеті журналист қаламы арқылы жамағатқа жол тартады. Ел арасында олардың “Төртінші билік өкілдері” аталуы да содан шығар.

Әлемнің арғы-бергі тарихында ел мақтанышына, тіпті халық батырына айналған қаламгерлер аз емес. Журналист – ұлт тұлғасы. Қазақ журналистикасының паспорты іспеттес Шерхан Мұртаза, Қамал Смайылов, Сейдахмет Бердіқұл, Марат Қабанбай, Сағат Әшімбай сынды қаламгерлерді ұлт қаһармандары деп қалай айтпасқа? Сондықтан журналист – ұлттың ұлылығын, бүкіл болмысын танытатын мамандықтың бірі, тіпті бірегейі десем де болады.

ХХ ғасырдың басында-ақ қазақтың ұлы зиялысы Ахмет Байтұрсынұлының “Ұлт болашағын ойламаған жаннан без!” деп айтқан аманаты бүгінгі таңда өмірлік мұратқа айналуы тиіс.

Журналист – мен үшін шындықтың шырақшысы секілді. Кәсіби журналистика әсіре мақтаудың да, есіре даттаудың да құралы емес. Ол – қоғам мен адамның жаршысы, қоғамдағы әр топтардың пікір таластырып, ой бөлісетін алаңы. Қай қырынан қарасақ та, мемлекеттік немесе мемлекеттік емес журналистика болмайды. Тәуелсіз журналистика деген ұғым да қате деп ойлаймын. Жалпы сөз бостандығы журналистикаға ғана емес, мемлекеттің дамуына да қажет. Алайда тәуелді журналистика түсінігінің белең алып жүргені қуантарлық жайт емес.

“Журналистикасы дамыған елдің ғана демократияға жетуге толық мүмкіндігі бар. Тіпті, бәсекелестікке қабілеттіліктің бастауы да – журналистика” дейді ағылшынның көрнекті саясаткерлерінің бірі. Мендік толғаныс осымен тәмам.

Оцените пост

1

Комментарии

0
Қош келіпсіз! Журфактың бірінші курс студенті емессіз бе ;) ?
0
добро пожаловать.)
0
ия. рахмет
Показать комментарии