Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
17:56, 01 января 2011

Қазақша шрифт проблемасы

Байқаған шығарсың, кейбір тұлғалардың посттарын оқығанда, олар "ә", "ғ", "қ", "ө", "ң", "ү", "ұ" әріптерін қолданбай, орнына кирилл баламаларын ғана қолданады. Сонда "маган сол олен оте катты унайды" деген сияқты туындылар пайда болады. Неге сондай болады? Мәселен, мына суреттегі (http://www.voxpopuli.kz/post/view/id/119 бетінен принт-скрин) посттарға назар аударайық. Дегенмен, "і" әріпін ағылшын әріпімен алмастырғанына рақмет.
kaz posts print screen

Жау алыстан келмейді дейді. Менің 20-жасар інім де дәл солай жазады: "туган кунинмен куттыктаймын". Досым да солардың бірі.

Інімнен сол сұрақты сұрағанда "үйреніп кеттім" деген. Сөз жоқ. Ал досым болса Әппл-дың компьютерын қолданады, бірақ оған қазақша шрифтты орнатуға болар-болмасын білмедім. Боламекен?

Жалпы, бұл құбылыстың себебін білгім келеді. Бұл кісілер мектепте қазақ тілін нашар оқыған ба? Немесе mail.ru агентіне үйреніп кеткендер ме? Әлде болмаса интернетте қазақ тілі дамымаған, қазақша әріптер басылып шықпайды дейді ме? Басқа ойларым жоқ.

Дегенмен, маған ешкім ашу ұстамасын деймін, ешкімді ренжіткім келмейді. Жай ғана бұл ситуацияны қалай өзгертуге болатынын білгім келеді. Білсең, айтшы...

Сонымен, олар неге солай жазады?

0
1500
6