• 76903
  • 16
  • 9
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Тілдегі сөздерді жеке сөз таптарына топтастыру

Тілдегі сөздерді жеке сөз таптарына таптастыру да тіл білімінде танылған, ертеден келе жатқан дәстүрге айналған, ғылыми негізі бар мәселе.

Тіл білімінде сөздерді таптастыру белгілі ғылыми негізге сүйеніп, жүзеге асырылады. Ғылымда сөздерді сөз таптарына таптастыруда тірек, негіз болатын үш ұстаным қалыптасқан, олар: 1) сөз табының ортақ семантикалық мағынасы; 2) сөздердің морфологиялық, грамматикалық белгілері; 3) сөздердің синтаксистік қызметі. Осы ұстанымдарға жеке-жеке тоқталайық.

1. Сөздерді таптастыруда бір сөз табына кіретін сөздердің бәрінің ортақ мағынасы, ортақ семантикасы есепке алынады. Мәселен, зат есімге жататын сөздердің бәрі заттың атын, яғни, заттық ұғымды білдіреді. Мұндай мағынасы жоқ сөздер зат есім сөз табына жатпайды. Заттық мағына, заттық ұғым – зат есім сөздердің бәріне ортақ жалпы мағына. Зат есім сөз табының ортақ жалпы мағынасы – бүкіл осы бір сөз табына жататын сөздердің бәрінен абстракцияланып алынған жалпы грамматикалық мағына. Ол мағына – зат есім сөздердің әрқайсысының лексикалық мағынасынан мүлдем басқа мағына. Мысалы, кітап, дәптер, ағаш, жидек, шөп, су, теңіз деген сөздердің әрқайсысы өмірдегі белгілі заттардың аты, ол – олардың лексиклаық мағынасы. Ал, осы сөздердің бәрі заттың атын, заттық ұғымды білдіреді, бұл мағына осы сөздердің бәрінде бар, бәріне қатысты және басқа да зат есім сөздің бәріне тән, оларға ортақ мағына. Сондықтан да лексикалық мағына мен сөз табының ортақ жалпы грамматикалық мағынасы – екі түрлі мағына, екі түрлі тілдік құбылыс.

Семантикалық ұстаным барлық сөз табына қатысты. Мәселен, сын есім сөздердің семантикалық ұстанымы – сындық белгіні білдіруі, сондықтан сын есімге тек сындық белгіні білдіретін сөздер ғана жатады. Сан есім сөздердің семантикалық ұстанымы – сандық ұғым, етістік сөз табының семантикалық ұстанымы – қимыл ұғымы, үтеудің семантикалық ұстанымы – қимылдың белгісін білдіру, есімдіктің семантикалық ұстанымы – олардың басқа сөздердің орнына қолданылу қабілеті, жалпылық мағынасы т.б.

Сөздерді сөз таптарына таптастыруда семантикалық ұстаным негізгі қызмет атқарады.

2. Сөздерді таптастыруда семантикалық ұстаныммен қатар, сөздердің морфологиялық, грамматикалық белгілері де негізгі ұстанымдардың бірі, яғни, екінші ұстаным болып саналады. Морфология – тілдегі сөздердің түрлену жүйесін зерттейтін ғылым. Ал, сөздер сөйлемде тілде қалыптасқан заңдылықтар бойынша түрленеді. Мысалы:

Тарап кеткен балаларыңды баурыңа

Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім (М.Ж.)

Осы өлең жолдарындағы түрленіп қолданылған сөздер тарап кеткен, тарта аларсың және балаларыңды, баурыңа, қолыңмен, тілім деген екі топтан тұрады. Бірінші топтағы сөздерді түрлендіріп тұрған қосымшалар: –п, –кен, –а, –ар, –сың. Екінші топтағы сөздерді түрлендіріп тұрған қосымшалар: –лар,ың,ды, –ың, –а, –ың, –мен, –ім.

Бұлардағы 1-топтағы сөздердегі қосымшалар 2-топтағы сөздерге жалғанбайды, олармен бұл қосымшалар қолданылмайды. Керісінше, 2-топтағы сөздерді түрлендіріп тұрған қосымшалар 1-топтағы сөздерге жалғанбайды, олармен бұл қосымшалар қолданылмайды. Демек, сөзді түрлендіру заңдылығы бойынша тілдегі сөздердің түрленуі сөздердің белгілі топтарына қатысты. Жоғарыда келтірілген 1-топтағы сөздер – етістік, оларды түрлендіретін өз қосымшалары бар, 2-топтағы сөздер – зат есімдер, оларды түрлендіретін өз қосымшалары бары мысалдардан көрінді. Олай болса, тілде қалыптасқан заңдылық бойынша тілдегі әр сөз өзінше түрлене бермейді, сөздердің түрленуі белгілі бір сөз таптарына қатысты және әр топтың өзінің түрлену жолы бар. Мәселен, зат есімнің түрленуі мен етістіктің түрленуі бір емес, сондай-ақ етістіктің түрленуі мен сын есімнің түрленуі басқа-басқа. Айталық, заттық ұғымды білдіретін сөздер көптеледі, септеледі, тәуелденеді, сындық белгіні білдіретін сөздер шырайға түрленеді, етістіктер шаққа, райға, жаққа түрленеді де, сөйлемде түрлі тұлғада қолданылады. Сөйлемде сөздердің түрлі тұлғада қолданылуы жеке сөздерге қатысты емес, сөздердің белгілі тобына қатысты. Сондықтан сөздерді таптастыруда сөздердің тобының түрленуіне көңіл бөлінеді. Сөздердің тобының түрленуі оларда қандай грамматикалық категорияларының барына байланысты. Осымен байланысты, сөз таптарының грамматикалық категорияларын орыс тіл білімінде морфологиялық категориялар деп атау да бар. Демек, сөздерді таптастыруда әр топтағы сөздердің өзіне тән грамматикалық ерекшелігі, грамматикалық құбылысы, грамматикалық сипаты есепке алынады. Есте боларлық жай тілдегі сөздердің топтарының бәрінің грамматикалық категориясы болуы шарт емес, өйткені кейбір сөз таптарының грамматикалық категориялары жоғы да бар. Мысалы, еліктеуіш сөздер, үстеу, одағай т.б. Мұндай жағдайда осы сөздердің түрленбеуінің өзі оның грамматикалық белгісі, сипаты болып есептеледі. Сонда сөздерді топтастыруда сөз таптарының грамматикалық сипаты сөздерді таптастыруда негізгі қызмет атқаратын ұстанымдардың бірі саналады.

3. Сөздерді сөз таптарына таптастыруда негізгі ұстанымдардың бірі болып сөздердің синтаксистік қызметі саналады. Морфологияның сөздерді түрлендіру жүйесінің қызметі, мақсаты – сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстыру. Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен дұрыс байланысқанда ғана, сөйлем байланысты ойды білдіреді, яғни, адамдардың тіл арқылы пікірлесіп, бір-біріне ойын білдіруі сөйлемдегі сөздердің байланысына тікелей қатысты. Сөйлемдегі сөздердің бір-бірімен байланысына қатысты сөздердің сөйлемдегі қызметі қалыптасқан. Әр сөзтұлғаның сөйлемде атқаратын синтаксистік қызметі бар. Ал, сөздердің түрленуі сөз таптарына қатысты болғандықтан, сөз таптарын таптастыруда сөздердің синтаксистік қызметі сөздерді таптастыру ұстанымдарының 3-белгісі, 3-түрі саналады.

Демек, сөздерді таптастыруда сөз таптарының негізгі синтаксистік қызметі ескеріледі. Мәселен, зат есім сөздердің бастауыш, толықтауыш қызметін атқаруы, сын есім, сан есім сөздердің анықтауыш, үстеудің пысықтауыш, етістіктің баяндауыш қызметін атқаруы сөздерді таптастырғанда есепке алынады.

Осы сөз таптары сөйлемнің басқа да мүшелерінің қызметін атқара береді. Зат есім сөйлемнің анықтауышы да, пысықтауышы да, баяндауышы да бола береді. Бірақ, бұл қызметтерді зат есімнің белгілі топтары ғана атқарады, яғни, бүкіл зат есім сөздер атқармайды, олардың белгілі топтары, белгілі жағдайда ғана атқарады. Мәселен, анықтауыш қызметті зат есім сөз екінші заттың неден жасалғанын білдіру үшін, екінші заттың алдынан тірескенде атқарады. Мысалы, алтын сағат, кірпіш үі, темір кереует т.б. Зат есім ішінде мекен, мезгіл мәнді зат есімдер мекен мәндісептіктерде қолданылғанда ғана, пысықтауыш қызметін атқарады. Мысалы, қалада тұрады, күзде келеді т.б.Зат есім ішінде адам аттары, мамандық мәнді зат есімдер сөйлемнің баяндауыш қызметінде қолданыла алады. Мысалы: Сен инженерсің! Оның ағасы – Асқар.

Ал, зат есімнің бастауыш, толықтауыш қызметін барлық зат есім сөздер атқарады, бастауыш, толықтауыш қызметін атқара алмайтын лексикалық мағыналы зат есім жоқ. Сондықтан, бастауыш пен толықтауыш – зат есімнің басты синтаксистік қызметі.

Алайда, тілде әр түрлі синтаксистік қызмет атқаратын да сөз табы бар, ол – есімдік. Есімдік – табиғатында әр түрлі сөз табының, әр түрлі сөздердің орнына қолданылатын сөз табы. Осымен байланысты есімдік қай сөз табының сөзінің орнына қолданылса, сол сөздің синтаксистік қызметін атқарады. Мысалы: Асан ауылы – бұл ауыл, жақсы адам – осы адам, қандай адам? 1000 адам – барлық адам, көрген қойылым – осы қойылым т.б. Сондықтан да ғылымда есімдікті орынбасар сөз деп атау да кездеседі. Сөздерді топтастырғанда, есімдіктің жалпы семантикасы, орнына қолданылған сөз табының қосымшасымен түрленуі, синтаксистік қызметін қызметін атқаруы негізге алынады. Сондай-ақ, сөйлеммүшесі қызметін атқармайтын сөз таптары да бар, олар – шылаулар мен одағайлар. Олардың синтаксистік қызмет атқармауы синтаксистік белгісі саналады.

2002 жылғы «Қазақ грамматикасы» кітабында бұрыннан танылып келе жатқан 9 сөз табына модель сөздер қосылып, 10 сөз табы берілген. Модаль сөздер аналитикалық форманттың құрамында модальдық категорияның көрсеткіші болғандықтан, олар қосымшалар сияқты грамматикалық көрсеткіштер қатарында қалады және олардың саны өте аз. Сондықтан, модаль сөздер жеке сөз таптарының қатарына қосылмайды.

Қазақ тілінде сөздерді таптастырудың осы үш ұстанымына сүйеніп, тілдегі сөздер қазір тоғыз сөз табына таптастырылып жүр, олар:

1)      Зат есім;

2)      Сын есім;

3)      Сан есім;

4)      Есімдік;

5)      Үстеу;

6)      Еліктеуіш сөздер;

7)      Етістік;

8)      Шылау;

9)      Одағай;

 

kz_zez
29 декабря 2010, 19:39
11265

Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

«До какой же еще степени унижения должен дойти народ?!»

«До какой же еще степени унижения должен дойти народ?!»

Министерство труда и соцзащиты провело через парламент очередной крайне неоднозначный закон, который может вызвать всплеск недовольства в стране.
openqazaqstan
15 нояб. 2017 / 11:17
  • 28708
  • 21
Самый большой провайдер в стране: методы работы с клиентами от «Казахтелеком»

Самый большой провайдер в стране: методы работы с клиентами от «Казахтелеком»

История о том, как Народный провайдер наваривается на своих клиентах, намерено не отключая услуги, и беря лишние деньги за ненужные и не оказываемые услуги.
ligaspravedlivosti
17 нояб. 2017 / 19:12
  • 30108
  • 193
Бесспорные доказательства – путь к упрощенному судопроизводству

Бесспорные доказательства – путь к упрощенному судопроизводству

В Казахстане введен институт упрощенного (письменного) судопроизводства, который позволяет повысить доступность правосудия и сократить сроки рассмотрения дел.
mark_iceberg
20 нояб. 2017 / 15:49
  • 14980
  • 2
«Почему я не хочу встречаться с мужчинами-казахами»

«Почему я не хочу встречаться с мужчинами-казахами»

Заранее отпишусь, данный пост не является попыткой оскорбить собственную нацию) Как говорится о вкусах не спорят, каждому свое.
Bonittta
16 нояб. 2017 / 14:28
  • 16006
  • 372
Новшества на орбите уголовного правосудия

Новшества на орбите уголовного правосудия

Недавно я приняла участие в международной конференции по модернизации уголовного процесса, прошедшей в Бурабае. В чем значимость данных реформ для обычного казахстанца?
mirabeisenova
20 нояб. 2017 / 16:22
  • 11793
  • 1
Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Как сообщает телеканал КТК, только за последние девять месяцев Казахстан покинули 28200 человек, из них почти пять тысяч инженеров, около 2700 экономистов и 1700 учителей.
openqazaqstan
17 нояб. 2017 / 11:00
  • 11564
  • 58
Задержан казахстанец, продававший детей в сексуальное рабство в ОАЭ и Бахрейн

Задержан казахстанец, продававший детей в сексуальное рабство в ОАЭ и Бахрейн

Подтверждаются худшие предположения, циркулирующие в соцсетях. Периодические исчезновения детей в разных регионах Казахстана объясняются не только семейными проблемами и «синими китами».
openqazaqstan
16 нояб. 2017 / 15:46
  • 8072
  • 57
О «топ-30», «топ-50» и прочих понтах можно пока забыть

О «топ-30», «топ-50» и прочих понтах можно пока забыть

В объективности выводов швейцарского банка Credit Suisse усомниться трудно – его экономические рейтинги относятся к самым авторитетным и их явно трудно упрекнуть в предвзятости
openqazaqstan
18 нояб. 2017 / 17:21
  • 7393
  • 87
Система госинститутов Казахстана напоминает очень дорогое казино

Система госинститутов Казахстана напоминает очень дорогое казино

Сегодня в прессу просочились детали скандальной сделки ЕНПФ с «мусорными» облигациями ТОО «Бузгул Аурум», о которой уже подробно рассказывалось в начале года.
openqazaqstan
15 нояб. 2017 / 16:13
  • 3465
  • 21