Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
09:25, 27 декабря 2010

КЕЛЕ ЖАТҚАН 2011 ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

2011 - Қоян жылы құтқа толсын! Қоян жылы халқымызға құт-береке, табыс әкелсін.

ҚОЯН ЖЫЛЫ ҚҰТҚА ТОЛСЫН!

Қазақтар үшін Жаңа жыл мерекесі наурыздың 22-сінде, күн мен түн теңелген қасиетті мезгілде басталған. Жаңа жылды әшекейлі шыршамен қарсы алу дәстүрін Ресейде 1700 жылы қаңтардың 1-інде I Петр енгізген, дәл осы жылы Ресейде жаңаша жыл санау басталған.

Келе жатқан 2011 жыл да Қазақ Елі үшін ерекше болмақ. Бұл жылы Қазақстан Ислам конференциясына төрағалық етіп, Тәуелсіздіктің 20 жылдығын тойлап, Қысқы Азиаданы өткізеді.

Келер қоян жылы, осы өтер жылдан 1 000 000 есе қуанышты болуына тілектеспіз. Жаңажыл — жүріп өткен бір жылға баға беріп, жаңа бастамалар мен ізденістерге тың қадам жасайтын, серпін беретін, жақсылыққа ұмтылатын, жаңаша ойлауға жол сілтейтін ерекше сипаттағы айтулы мереке. Сондықтан да жаңа бастамаларыңыз бен еңбектерігіңізге зор табыстар тілейміз. Жаңа жыл отбасыларыңызға тек жақсылық әкелсін!

Қоян жылы құтқа толсын!

Қоян жылы халқымызға құт-береке, табыс әкелсін.


0
394
0