Жұмабек Тәшенев деген кім?

TIЛ ЖУРНАЛЫ 2010 M12 27
6609
1
38
0

Қазақ халқының тарихында есімдері алтын әріптермен жазылып қалған тұлғалар аз емес. Әсіресе, алмағайып аласапыран кезеңдерде туған еліне ес болып, бағыт-бағдар көрсеткен жандардың орыны тым ерекше...

Қазақ халқының тарихында есімдері алтын әріптермен жазылып қалған тұлғалар аз емес. Әсіресе, алмағайып аласапыран кезеңдерде туған еліне ес болып, бағыт-бағдар көрсеткен жандардың орыны тым ерекше. Олар болмаса біздің бүгінгі жарқын күндеріміз дәл осындай қалпында болар ма еді? Халқымыздың басына түскен қиын сағаттарда ерекше жаралған перзенттерінің жанкештілігінің арқасында қазақ жері осы бүтіндігін сақтап қалды. Өткенді бағаламай, тарихты терең білмей, ертеңгі күнге дайын болу мүмкін емес. Біз журналымыздың осы санынан бастап, ұлт жанашырлары атанған, бүгінде арамызда жоқ асыл тұлғалар жөнінде баяндағымыз келеді.

Жұмабек Тәшенев - Жумабек ТАШЕНЕВ - ТАШЕНОВӨмірбаяны

Жұмабек Тәшенев 1915 жылы 20 наурызда Ақмола облысының Аршалы ауданындағы Танагүл ауылында дүниеге келген (бұрынғы жері қазіргі Береке және Қойгелді ауылдары ардасында). Содан 1928‑1933 жылдары жергілікті Шаруашылық жастар мектебінде оқыған. Бір курс 1933‑1934 Ақмола құрылыстық техникумда оқыды. Өмірбаяның қысқаша айтсақ, 1934‑1939 жылдар аралығында Ақмола, Ақмола облысы Вишнев, Қарағанды облысы Нұра және Солтүстік Қазақстан облысы Советтік, Бейнеткор аудандық атқару комитеттерінде жауапты хатшысы болып қызмет атқарған. 1939‑1943 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы жер бөлімі бастығының орынбасары қызметіне көтерілді. 1945 жылы Солтүстік Қазақстан облысы партия комитеті хатшысының орынбасары және мал шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі қызметіне ауыстырылды. 1947‑1948 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1948‑1951 жылдар аралығында осы Облыстық атқару комитетінің төрағасы болып бекіді. 1952 жылы Ақтөбе облыстық партия комитетінің бірінші хатшылығы қызметіне тағайындалды. Облыста жақсы қызмет істеп, жоғары көрсеткіштерге жеткен Ж. Тәшеневті халық 1955 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы қызметіне сайлады. Мұнан бес жыл өткеннен кейін лайықты басшысы болып саналған 45 жастағы Тәшенев 1960 жылы қаңтар айында Қазақ КССР Министрлер Кеңесі төрағасына тағайындалды.
Бұл қызметтен 1961 жылы қантар айында босатылған соң, ұзақты бес ай жұмыссыз отырғызып, кейін Шымкент облыстық атқару комитеті төрағасының қатардағы орынбасары қызметіне қитұрқы саясаттың кесірінен әлдеқалай кенет төмендетілді. Содан Жұмабек Тәшенев алпыс жасқа жеткеннің күткендей, оны 1975 жылы наурыз айында мемлекеттік қызметтен шұғыл еңбегі сіңген дербес зейнеткерлікке босатылып жіберілген. Ел ағасы болып танылып, халық құрметіне бөленді. Жанқиярлық еңбегі үшін Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет Белгісі» ордендерімен наградталған. Соқтықпалы соқпақсыз өмір жолын бастан кешірген аяулы азамат 1986 жылы қарашаның 18 күні 71 жасында дүниеден өтті.

Ол өмір сүрген кезеңде қасқайып тұрып, ұлттың намысын қорғау, жерін сақтаймын деп талпыну, жүрек жұтқандық пен азаматтық таныта білу кез-келгеннің қолынан келмейтін кез еді. Сол дәуірдегі саясаттың салқынынан қорықпай, қарсылық көрсетіп, қазақтың жерін сақтап қалған тұлға — Жұмабек Ахметұлы Тәшенев. Оның туған халқының алдындағы үлкен ерлігінің бірі — сұрапыл хрущевтік дәуренде Қазақстанның солтүстік аймағындағы байлығы шалқыған, егін-жайы толқыған бес облысын көрші Ресейге қосудан аман алып қалуы дер едік. Қазақтың ұлан-ғайыр киелі жерін талан-тараждан қорғап қалған Ж. Ташеневті халық арасында «Кісендеулі жолбарыс» деп атап кеткен.
Жұмабек Тәшенев халқына адал, ел игілігі жолында асқан жауапкершілікпен еңбек еткен қайраткер тұлға болатын. Қазақтың тарихи сахнасында әр кезеңде ақылды, ойлы, ұлт мүддесін ойлаған азаматтар туылып отырған. Сондай өз заманына лайық туған, елім, жерім деп өмір сүрген, халқына жақсылық жасаудан жанын аямаған дара тұлғаны қандай сөзбен әспеттесек те жарасымды

Жұмабек Тәшенев деген кім?

Қазақ халқының тарихында есімдері алтын әріптермен жазылып қалған тұлғалар аз емес. Әсіресе, алмағайып аласапыран кезеңдерде туған еліне ес болып, бағыт-бағдар көрсеткен жандардың орыны тым ерекше. Олар болмаса біздің бүгінгі жарқын күндеріміз дәл осындай қалпында болар ма еді? Халқымыздың басына түскен қиын сағаттарда ерекше жаралған перзенттерінің жанкештілігінің арқасында қазақ жері осы бүтіндігін сақтап қалды. Өткенді бағаламай, тарихты терең білмей, ертеңгі күнге дайын болу мүмкін емес. Біз журналымыздың осы санынан бастап, ұлт жанашырлары атанған, бүгінде арамызда жоқ асыл тұлғалар жөнінде баяндағымыз келеді.
Ол өмір сүрген кезеңде қасқайып тұрып, ұлттың намысын қорғау, жерін сақтаймын деп талпыну, жүрек жұтқандық пен азаматтық таныта білу кез-келгеннің қолынан келмейтін кез еді. Сол дәуірдегі саясаттың салқынынан қорықпай, қарсылық көрсетіп, қазақтың жерін сақтап қалған тұлға — Жұмабек Ахметұлы Тәшенев. Оның туған халқының алдындағы үлкен ерлігінің бірі — сұрапыл хрущевтік дәуренде Қазақстанның солтүстік аймағындағы байлығы шалқыған, егін-жайы толқыған бес облысын көрші Ресейге қосудан аман алып қалуы дер едік. Қазақтың ұлан-ғайыр киелі жерін талан-тараждан қорғап қалған Ж. Ташеневті халық арасында «Кісендеулі жолбарыс» деп атап кеткен.
Жұмабек Тәшенев халқына адал, ел игілігі жолында асқан жауапкершілікпен еңбек еткен қайраткер тұлға болатын. Қазақтың тарихи сахнасында әр кезеңде ақылды, ойлы, ұлт мүддесін ойлаған азаматтар туылып отырған. Сондай өз заманына лайық туған, елім, жерім деп өмір сүрген, халқына жақсылық жасаудан жанын аямаған дара тұлғаны қандай сөзбен әспеттесек те жарасымды. Ол қандай мәселеге болсын әділдікпен қарап, белсеніп шығып, қызына сөйлеп, көзқарасын батыл қорғайтын. Ең үлкен дәрежедегі жиындарда өзі де пікірін ашық айтатын, өзгенің де жасқанбай сөйлеуін қалайтын. Өзінің қарақан басын, ағайын-туғандарын да ойламай, тек халықтың күйін күйттеп, жырын жырлап «халық үшін жан пида! " деп өткен асқақ рухты Жұмабек Ахметұлы Тәшенев сынды қазақтың озық ойлы азаматының тағдыры тарих, ісі өнеге.
Қазақ халқы үшін жан пида
Жұмабек Тәшенев туған жерге ғана емес, сонымен бірге ана тілімізге, қазақ баспасөзіне де үлкен жанашыр болған.
Тың игеру жылдары Солтүстік Қазақстандағы бес облыста облыстық газеттер жабылып, қазақ журналистердің жұмыссыз қалғаны  тарихи шындық. Сол жылдары республикалық қазақ тілді басылымдардың да басына қауіп төнді. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі төрағасы Тәшеневтің қарсылығының нәтижесінде «Қазақ әдебиеті», «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») және басқа қазақ газеттері жабылу қаупінен сақталып қалды. Белгілі жазушы Садықбек Адамбеков өзінің «Қайта соққан боран — замандастарым жайлы» атты туындысында Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті бюросының 1958 жылғы 28 шілдедегі «Қазақ әдебиеті» газетін жабу туралы мәселе қойылған отырысы туралы әңгімелейді. Сол жерде Жұмабек Тәшенев солақай белсенділердің сойқанды әрекеттеріне батыл соққы беріп, мәжілістің алдын ала дайындалып қойған сценарийін іске асырмады. «Өңкей шаш ал десе, бас алатын» жағымпаздар жарыса жамырап, Қазақстандағы қазақ тілінде шығатын барлық газеттерді жауып, аударма басылымдарға айналдыру жөнінде ұсыныс жасайды. Тіпті сол кезде «Социалистік Қазақстанның» қарашаңырағын ұстап отырған Қ. Шәріпов өзінің «Казахстанская правда» газеті редакторының орынбасары болып қалуға да қарсы еместігін білдіреді. Осы сәтте отырысқа қатысып отырған Жұмекең: «Социалистік Қазақстанды» ашқан да сен емес, жабатын да сен емессің, не деп тұрсың өзің!» — деп зекіп тастапты. Ал «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Сырбай Мәуленов мінберге қарай көңілсіз көтеріліп бара жатқанда Ж.Тәшенев: «Тайсақтамай, батыл сөйле! — деп, орнынан қозғалып қойды», - дейді. Қазақ газеттерінің ғана емес, қазақ тарихының да алдында әділетсіздік жасалғалы тұрған жиында Ж. Тәшенев ұлт тіліндегі газеттерді жабудың негізсіздігін нақты мысалдармен дәлелдеп шығады. Туған халқының, ұлт тілінің тағдырына араша түсіп, кемелділік танытып, өзінің нарлығын да, арлылығын да көрсеткен ардақты азаматтың арқасында қазақ газеттері солақай саясаттың сойылынан сақталып қалған еді.
Ұлттық рух болмаған жерде, ұлттық намыстың да болмайтыны белгілі. Қазақ ұлтының ұлт ретінде, мемлекет ретінде дамуы мен танылуы елдің бірлігі мен ынтымағына байланысты. Рухының биіктігімен, намысының күштілігінен, есімі халықтың жүрегінде сақталып қалған, істеген істері аңызға айналып кеткен, кезінде халықтық рухы жарқылдай көрінген осындай азаматтарымыздың бірі — Жұмабек Тәшенев еді.

Тәшеневтің үйі
Жұмекең қолында билік болғанда қазақтың барлық шығармашылық адамдарына, дарынды тұлғаларына пайдалы іс жасауға белсене кіріскен. Мәселен, 1958 жылы қазақ өнері мен әдебиетінің Мәскеудегі өте тамаша онкүндігін паш етіп өткізуге үлкен күш-жігер жұмсап қана қоймай, бес бірдей қазақ өнерпаздарына(Қ. Қуанышбаев, Р. Жаманова, Е. Серкебаев, Ш. Айманов, М. Төлебаев) ең жоғары атақ — КСРО Халық әртісі атағын алып беруде де Жұмабек Тәшенев үлкен қажырлық көрсеткен. Осыған дейін мұндай көлемде топпен жоғары атақ алу қазақ топырағында болмаған екен. Кейін Тәшенев Совминнің төрағасы болып, 1960 жылы қазіргі Алматыдағы Қонаевпен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысындағы 120 пәтерлік үлкен жаңа технологиямен салынған үйді түгелімен өнер мен әдебиет қайраткерлеріне бергізді. Осы Қонаев көшесіндегі № 135 үйді бүгінге дейін жұрт мақтаныш реттінде «Қазақ ауылы» немесе «Тәшеневтің үйі» деп атайды. Бұл үйге кірген атақтылардың ішінде Ілияс Омаров, Бибігүл Төлегенова, Гүлфайруз Ысмаилова, Кәукен Кенжетаев пен Шабал Бейсекова, Жамал Омарова, Сейфолла Телғараев, Құрманбек пен Шолпан Жандарбековалар, Шара Жиенқұлова, Қапан Бадыров, Жүсіпбек пен Хабиба Елебековалар, жазушы Хамза Есенжанов, Зейін Шашкин, Жүсіп Алтайбаев, Балғабек Қыдырбекұлы, оқымыстылар Әбді Тұрсынбаев, академик Ермековтер бар. Жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің баспаналы болуына Жұмабек Тәшеневтің көмегі тиген екен. Ол өнер адамдарына қамқорлық жасау арқылы, қазақ өнеріне, мәдениетіне жанашырлық танытқан.
Тәшеневтің жылдары республикалар Жоғарғы Кеңесінің төрағасы КСРО Жоғарғы Кеңесі төрағасының орынбасары болып есептелетіндіктен, бір ай бойы кезекпен Мәскеуде қызмет еткен кезі болған. Жұмекең осы мүмкіншілікті халқының мүддесі үшін кеңінен пайдаланған. Сол жерде отырған уақытында Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романының Лениндік сыйлыққа өтуіне әсер еткен. Қазақтың ішінен шыққан кемеңгер тұлғаларға бір жапырақ көшенің өзін беруге қимай тұрған Мәскеуді Алматының ең үлкен магистральды көшесіне Абай Құнанбайұлы есімін беруге және сол көшенің ең төріне ақынның алып ескерткішін қоюға көндіреді. Халқымыздың рухани оянуынан қорқып, сан сылтау айтқандарға Тәшенев Тбилисиде — Руставелидің, Мәскеуде — Горькийдің, Ташкентте — Науаидің ескерткіштері бар екендігін, ал қазақ халқына ондай қиянат жасамау қажеттігін айтып, бүгінде көзіміз көріп жүрген тарихи ескерткіш пен алып ақын көшесі осылай пайда болған.
Брежнев кек сақтаған
Ол жылдары жергілікті тұрғын халықтың мүдделері онша ескеріле бермейтін тіпті әрі басшы кадрларды да Мәскеу тағайындайтын. Мәселен, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің (бүдан әрі — ҚазКОК) бірінші хатшысы Леонид Брежнев КОКП-ның ХХ съезінде КОКП Орталық Комитетінің хатшысы болып тағайындалған соң Алматыға келіп, ҚазКОК-нің бюросын өткізіп, онда Орталық Комитетінің бірінші және екінші хатшылығына И. Яковлев пен Н. Журиннің кандидатуралары ұсынылатынын хабарлайды. Бұған бюро мүшелері Д. Қонаев, Ф. Кәрібжанов, М. Бейсенбаевтар келісімдерін білдіргендей, үндемей тұнжырап отырады. Мәскеуден келген Л. Брежнев енді бюро мәжілісін жапқалы жатқанда сол сәтте болған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы Ж. Тәшенев сөз алып, былай дейді: «Құрметті, Леонид Ильич! Аудандарда, облыстарда, орталық аппаратта, министрліктерде республиканың партия ұйымының екінші хатшысы қызметін атқара алатын лайықты кадр-лар өсіп-жетілді. Міне, ортамызда ҚазКОК хатшысы Фазыл Кәрібжанов отыр. Оның басқалардан несі кем? Неге ол екінші хатшы болып істей алмайды деп ойлайсыздар? Мені осындай дайын жергілікті кадрларға осылайша менсінбей қарау таң қалдырады. Мен мұны қазақ кадрларына сенім көрсетпеушілік, оларды ашықтан-ашық кемсітушілік деп қабылдаймын. Партиялық биліктің бірінші және екінші хатшы қызметтеріне ұлттық кадрлар өкілдерін жібермеу белгілі дәстүрге айнала бастады». Бұл сөздің Брежневке әсер еткені соншалық, ол өзіне-өзі келе алмай, жүрегін ұстайды. Кейін, Тәшеневтің ұлы Саянның айтуынша, сол отырыста Тәшеневті Орталық Комитеттің хатшысы Тәжиев қана жалғыз қолдап:
—Рас-ау, неге Орталық комитет осыншалық біржақты кадр саясатын жүргізеді, республика басшыларымен неге алдын-ала ақылдаспайды? — деген екен.
Бюродан кейін берілген түстікте Брежнев қасында отырған Тәшеневке:
—Мен сіздің мұныңызды ешқашан ұмытпаймын, — депті. Шынында да, оның бұл оқиғадан кейін Брежнев кек сақтаған қалпы Тәшеневтің қызмет сатысымен өсуіне кедергісін тигізді.
Аталған Тәшеневтің өткір қатаң сынға салған сөздері расында да жоғары жаққа әсер етті де, кейін жылға жетпей Ф. Кәрібжанов екінші хатшы болады. Араға тағы екі жыл салып Д. Қонаев ҚазКОК-тің бірінші хатшылығына тағайындалады. Осындай қолайлы жағдайлар енді облыстар мен аудандарға тарай бастайды. Ж. Тәшенев Қазақстан Жоғарғы Кеңесіне төраға болысымен аппаратты қазақтандыруға, жасартуға көп күш салды.
Тәшенев жоғарғы қызмет істеген тұста Қазақстанда отызыншы-елуінші жылдардағы репрессияға ұшы­ра­ғандарды ақтау жөніндегі қыруар жұмыстар атқарылды. Мыңдаған адамдар мен олардың отбасы мүшелерінің беделі қоғамда қайта көтерілді. Осы бір қайырымды істің басында Жұмабек Тәшенев те тұрған болатын.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры, тарих ғылымының докторы Мұхатова «Өз заманының ірі тұлғасы» мақаласында Тәшенев туралы былай деді: «… Оның бойындағы ең ерекше қасиетті даралап айтар болсақ, ол — үлкен адамгершілік асыл қасиет. Оған дәлел ретінде Мәскеуде КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасы төрағасының орынбасары қызметін атқарып отырған кезінде, Украинаның жазықсыз жаламен ату жазасына кесілген жазушысын ақтап алып қалған. Сол жылдары Ақтобе облысының Алға ауданынан келіп, Алматыдағы студент баласының қазасының үстінен түскен соғыс ардагері Әли Едігеевқа мүрдені алыс ауылына қызмет ұшағымен жеткізуге жәрдемдескен. Бұл да оның адамдығы мен қарапайымдылығының көрінісі.
Жұмекен Бауыржан Момышұлын үш рет, Рақымжан Қошқарбаевты бір рет Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынған. Екеуін де өткізе алмады. Десек те Б. Момышұлының алғашқы кітаптарының жарыққа шығуына Жұмабек Ахметұлы себепкер болған. Ол Алматы облысының Талдықорған ауданындағы еңбегі сіңген атақты колхоз төрағасы Нұрмолда Алдабергеновке екінші рет Еңбек Ері жұлдызын алып берген. Кейін, ағамыз Н. Алдабергенов күрсініп айтқан еді: «… мен барлық атақты қазақтарды білемін, бірақ Тәшеневтей қазақ жоқ, ондай қазақ тумаған… Әттең, Тәшенев енді бір жарты жыл орнынан түспей тұрғанда, үшінші жұлдызды да маған алып берер еді. Жігіттер, бұл мен үшін емес, қазақ ұлтының мақтанышы үшін керек еді ғой. Әр басқан қадамынан ұлтқа жанашырлығы байқалған нар тұлға қолынан келген ісінен аянып қалған жоқ.

ташеневНикита Хрущевқа «ЖОҚ» деп қарсы шыққан
«… Жұмабек Тәшеневтің ел үшін, жер үшін жасаған еңбектеріне хронологиялық анықтама келтірмей-ақ осы азаматпен және менің қатысуыммен болған бір ғана оқиғаға тоқталайық деген Хайдар Арыстанбековтің өзі куә болған оқиғасын былай баяндайды.
Жұмекеңнің жерге қатысты күрестерінің бірін оның өзі тікелей қатысқан көрші Өзбекстан республикасы арасында болған жағдайдан байқауға болады. Осыған орай: «Жалпы, Бостандық ауданынан 1955 жылы біз қалай айрылып қалдық? " — деген сұрақтың тууы орынды. Ол былай болды. Әуелгіде өзбектер Бостандықты сұрап Мәскеу жаққа хат жіберген. Ол кезде Өзбек ССР-інің бірінші хатшысы Мұхитдинов болатын. Ол мынадай себептерді алға тартты: «Біріншіден, Қазақстан бұл ауданға Ташкент арқылы қатынайды. (Жол жоғы растұғын. Тауды айналып, Өзбекстан арқылы баратынбыз). Екіншіден, мақта саламыз, мал көбейтеміз, экономиканы көтереміз, т. б…». Қысқасы, өзбектер осынау шұрайлы өлкемізді әйтеуір бір сылтаумен қолға түсіргенше асықты. Содан кейін Қазақстан Орталық Комитеті құрған арнайы комиссиядағы жеті адам — Ж. Тәшенев (комиссия төрағасы), М. Бейсебаев, С. Дәуленов, мен (Х. М. Арыстанбеков), А. Морозов, В. Голосов, В. Шереметьев қол қойып, 1955 жылдың 1 маусымында: «Өзбек ССР-не Мақтаарал ауданының кейбір бөліктерін беруге келісеміз, ал Үкіметтің Бостандық ауданын беру туралы өтінішін негізсіз деп санаймыз» деп атап көрсетіп, хат жаздық.
Осы жерде айта кететін бір жай, біздің мұндай шешім қабылдауымыздың өзі өкіметтің саясатына қарсы екенін біз бәріміз де білдік. Бірақ осы шешімге Ж. Тәшеневтің батылдығы көп әсер етті. Оған дәлел, арамыздағы А. Морозов хат соңында: «Согласен с пунктом 1, 2 и 4, что касается Бостандыкского района считаю целесообразным еще раз обсудитъ этот вопрос его в составе Узбекской ССР», — деп жазып, бізбен толық келіспейтінін, өкімет саясатын түсінетінін, Мәскеудің ғана ыңғайымен жүретінін білдірді.
Бұл хатымыз сол қалпында біраз уақыт жауапсыз жатты. Содан кейін өзінен өзі жоғарғы жақтан «звонок» келді… Бұл өзі Никита Хрущевтің бастап жүрген мәселесі ғой. Сөйтіп, Бостандық ауданы ең құнарлы да ұлан-ғайыр территориясымен, 360‑370 мыңдай қойымен қоса Өзбекстанға берілді, ал ар жағындағы Бағыс пен Түркістан ауылына қарасты 20 миллион гектардай жайылымдарды «берілсін» деп біз айтқанымыз жоқ. Карта жасағанда ол Қазақстанда қалды. Сол қалпында Жоғарғы Кеңестің сессиясында қаралып, біраз жер өзбектің пайдасына шешіліп кете барады… Ол кезде сессия төрағасы Қонаев болатын. Артынша Мұхитдинов саяси бюроға мүше боп Мәскеуге ауысты. Оның орнын Ниязов басты. Осы жерде бір нәрсеге мән беру керек: Ниязов өндіріс академиясында Хрущевпен бірге оқыған. Бұл — бір. Ал Жоғарғы Кеңеске төрағалыққа Насреддинова келе қалды. Хрущев Насреддинова не айтса да қарсы болмайтын. Ел аралауға шыққанда екеуі машинаға бірге мініп, бірге түсіп жүретін еді. Содан олар: «Мынау Мақтаарал, Киров, Ильичевкий — мақталы аудандар, қазақтар мұның бәріне Ташкент арқылы келеді. Осы жерлерді бізге беріңдер», — деп тағы сұраныс жасады. Сөзсіз тағы да ауыз жаласқан шешім бойынша комиссияға ілігіп кеттік. Бірақ біздің азаматтардың, атап айтсақ Ж. Тәшеневтің күшімен сол жылы бір қатерден аман алып қалдық. «Біз Украинаға бүкіл Қырымды беріп жібердік. Ал сендер бір-екі аудан үшін…», — деп Хрущевтің айқайлағаны әлі есімде. Көп ұзамай Тәшенев кеткен соң ол аудандардан да айрылып тындық. Бірақ кейін көп нәрсе өзгерді. Брежнев кезінде Мақтаарал, Жетісай аудандарының кейбір бөліктерін бізге қайтарып берді. Әйтсе де өзбектер жарты жерді алып қалды. Бұған өзіміз кінәліміз. Ол қазақтың принципсіз немқұрайлы, кең қолтық көзқарасынан деп түсіну керек. Сол кезде өзбектердің талай жерлерімізді өзінен өзі заңдастырып алғаны да біздің ашық ауыз, ештеңені керек қылмай, тек өзбек айтқандай «хоп майлі» дей беретінімізден.
Ал Бағыс пен Түркістан қазақтың жері екені рас. Баяғыда Түркістан каналы салынғанда ол республикамыздың мақта өндірісін қалыптастыруға жол ашқан үлкен қадам болатын. Өзбек ағайын шетінен кіріп, күрек салып, атыздап ала берді. Сарыағаш, Келес аудандарында қарбыз өсіріп, тіпті «Сарыағаш» шипажайына бар-жоғы 500‑600 метр жерге дейін шекарасын жылжытып алған. Ал біз үндемейміз. Тіпті бертін келе Сарыағаш ауданының бір май құю стансасы да Өзбекстан территориясында тұрған болып шықты».
Жалпы осы айтылған мәселелердің барлығы — Ж. Тәшеневтің басшылығымен болған, жер туралы айқастарда кездескен қиыншылықтардың бір белестері ғана…»
Академик Б. Ермұқанов «Сіз бізге қарсы емессіз, сіз өз күйіңізді күйттейсіз» деген мақаласында мынадай мысал келтіреді: ғұндардың ұлы мемлекетінің іргесін қалаушы Модэге (б. з. д. 209 ж.) дұшпандар келіп, одан сәйгүлік арғымағын беруді талап етіп, сонан соң ғұндардың аса сүйікті әйелдерінің біреуін алып кетуін емеурінмен білдіреді, ол сұрағандарын береді. Ал олар жердің бір бөлігін алғысы келгенде, ол ашуға булығып: «Жер — мемлекеттің тұғыры, оны қалай беремін?», — дейді. Ол өзіне жерді беру жөнінде кеңес айтқандардың бәрінің бас-тарын шауып, жауларға тарпа бас салып, оларды талқандаған. Одан әрі мақала авторы мына жәйтке назар аудартады: “… 60-шы жылдардың бас кезінде КОКП генсек Никита Хрущев Қазақстанның бес облысы (Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Ақмола, Павлодар) кірген Тың өлкесі деп аталатын құрылым арқылы өлкені тікелей орталыққа бағындырып, іс жүзінде қазақ жерін күштеп бөлшектеуге жанталаса ұмтылған кезде республиканың аумақтық тұтастығына айтарлықтай қатер төнген еді. Бағымызға қарай, осы сәтте Хрущевтің буынсыз жерге пышақ салған ұсынысына өжет басшы — Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы Ж. Тәшенев батыл қарсы шықты. Ақыры Одақ басшысының бұл даурықпа дәмегөйлік пиғылы жүзеге аспай қалды.

Тың өлкесін Ресейге қосудан аман алып қалды

Сол үшін таяқ жеп жатса да ол тайсалмаған. Мәселен, тың өлкесін Ресей Федерациясына қосу туралы КОКП Орталық Комитетінің басшысы Хрущев Тәшеневтен пікірін сұрағанда ол ашық өз қарсылығын былай білдірген: «Мен өзім Ақмолада туып-өстім, менің ата-анамның, ата-бабамның жаны осы жерде жай тапқан. Енді осы жерді бізден алып, Ресейге бергелі отырсыздар. Мұндаймен ешбір қазақ келіспейді. Ойланыңыздар, жолдастар! Мен осындай мәселенің көтергеннің өзіне жан-тәніммен қарсымын!» депті. Ал оңтүстіктегі үш ауданның жерін Өзбекстанға беру туралы пікірін сұрағанда «… мұндай мәселені де шешу түгіл, көтерудің өзіне қарсы…» екенін айтқан.
Бұған шамданып қалған Хрущев «КСРО біртұтас мемлекет, сондықтан қай республикаға қандай жерді беру керектігін біз сізден Тәшенев сұрамай-ақ шеше аламыз» дегенде: «Олай болса бұл КСРО Конституциясына қарсы шыққандарыңыз. Ал онда әрбір республиканың аумағы оның бұлжымас меншігі делінген. Егер Конституцияның бұл талабы өрескел бұзылатын болса, біз халықаралық ұйымдардың араласуын сұрауға қақымыз бар», — деп Тәшенев тойтарып тастайды.
Кешегі репрессияға ұшырап кеткен қазақ зиялыларының басынан өткен нәубет салқыны әлі есіп тұрған кезеңде мұндай пікірді білдіру үшін үлкен жүрек пен жігер керек еді. Оның батылдығының тағы бір көрінісі тың өлкесі басқарып отырған Т. Соколовқа айтқан сөзі еді. 1960 жылдың аяғында Қазақ үкіметінің билігін мойындағысы келмей, қиқарланып, Мәскеуге бұра тартқанын естігенде, шыдай алмай күйініп кетіп, арнайы ұшақпен сол кездегі Целиноградқа Қазақ КСР Министрлер Кеңсесінің төрағасы Жұмабек Тәшенев ұшып келіп: «жолдас Соколов, келер жылдың бюджетін неге өткізбей отырсыңдар? Қазақстанға бағынғың келмесе, 24 сағаттың ішінде бұл жерден табаныңды жалтырат! Есінде болсын, Тың өлкесі ешқашан да Ресейге берілмейді, ана жақтағы бастықтарыңа да солай деп айт», — деген екен. Әрине, мұндай сөздерді жүрегінің түгі бар, қайраты мен ерік жігері шыңдалған адам ғана айта алса керек. Халықтың сүйсінгеннен аузынан тастамай айтып, түрлі аңыздарға айналдырып жүрген Ж. Тәшенев ерліктерінің бір парасы осындай.. Әрине, оның мұндай сөздерін бүкіл билік қолында тұрған Хрущев кешірген жоқ.
Хрущевтің шыдамының таусылғанына мына бір жағдай да әсер етсе керек. 1960 жылдың күз кезінде Ақмола облысы аумағындағы бір әскери лагерьдің казармасында республикалық үлкен кеңес өтіп жатады. Сол кезде Хрущевтің көмекшісі Шевченко рұқсатсыз мас күйінде өз бетімен Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы Ж. Тәшеневтің ұшағымен Бурабайға ұшып кетеді. Мұны естіген Тәшенев рация арқылы ұшқышпен байланысып, қайыра әуежайға қайтуға бұйырады. Мәскеуден келген жүгенсіз кеткен шенеуніктің «сыбағасын» береді де, бірақ бұл туралы Хрущевке баяндамайды. Осыны пайдаланып, Щевченко бұл жағдайды бастығына басқаша жеткізеді.
Егер қазақ біреудің алдында борыштар болса, ол алдымен Ж. А. Тәшеневтің алдында борыштар

ташенов, ташеневРеспублика Министрлер Кеңесінде бір жылға жетер-жетпес уақыт жұмыс істеген Ж. Тәшеневті «бөгде ойлы адам» ретінде күстәналап, Н. Хрущевтің нұсқауымен Оңтүстік Қазақстан облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметіне төмендетіп жіберді, осында ол 1975 жылға дейін, зейнеткерлікке шыққанша абыройлы жұмыс істеді. Мансабымнан айрыламын деп ешкімнің алдында иілмеген тұлғаның есімі қазақ деген халық барда ұмтылмасы анық. Дәл осы тұста құрамына Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Қырғызстан және Қазақстанның Шымкент облысы басшылары енген Орта Азия бюросы құрылды. Хрущевтің күллі жымысқы ойы осыдан кейін тайға таңба басқандай айқын болып еді. Ол болашақта республика арасындағы шекараларды жою жөніндегі өз идеясын қалайда тезірек жүзеге асырмақ», — деп жазды Д.Қонаев.
Украинаға сый-сияпат ретінде берілген Қырымның ащы сабағының мысалында Ж. Тәшеневтің тегеурін танытқан теңдесі жоқ ерлігін лайықты бағалауымыз міндет.
Кезінде Қазақ КСР-ның 1-ші хатшысы болған И. Юсупов Жұмабек Ахметұлы туралы былай деп еді: «Егер қазақ біреудің алдында борыштар болса, ол алдымен Ж. А. Тәшеневтің алдында борыштар».
Мұхтар Шаханов ширек ғасыр Қазақстанды басқарған Д. А. Қонаевтан: "…тың өлкесін Ресейге қосудан аман алып қалған Жұмабек Тәшенев дейді. Сол рас па?" деп сұрағанда, Димекең: «Иә. Ол кезде Тәшенев Қазақ КСР-і Үкіметінің төрағасы болатын» деп қысқа жауап береді.
Академик Манаш Қозыбаев өзінің «Дерек — тарихи дәлел» деген мақаласында былай деп көрсетті: “… Ж. Тәшенев және басқа да адамдар Қазақстан аумағындағы ядролық жарылыстарға қарсы шығып, озбырлықтың құрбаны болды». Ал Д. Қонаев өзінің кітабында: «Әрбір нақты жағдайда әмір Мәскеуден түсетін. Онда қандай да бір аумақты басқа аймаққа қосу жөнінде үзілді-кесілді айтылып, ол өңірлерді ауылдардан, деревнялардан, шопандар қыстауларынан жылан жалағандай тазартудың мерзімі көрсетілетін. Бұл әмірлер сөзге келместен атқарылатын» деп жазды.
Елі үшін қызмет жасап дағдыланған Жұмекең лауазымым төмендеді деп қайғырған жоқ, керісінше, жатпай-тұрмай осы қызметте 14 жыл болып, облыстың өркендеуше айтарлықтай үлес қосты. Жасы келіп, зейнеткерлікке шыққаннан кейін де қарап отырмай, ғылыми жұмыстармен айналысты, қаракөл елтірісінің сапасын жақсарту мәселелеріне араласты.
Белгілі филология ғылымының докторы, профессор Керімбек Сыздықов бір мақаласында Жұмекен туралы өз құлағымен естіген Ғабит Мүсіреповтің әңгімесін жеткізді: «Жігіттер, біз, жазушылар, ЦеКа емеспіз, біреуді бір орыннан алып, бір орынға қоя алмаймыз. Бірақ жазушы деген халық асыл азаматтарға өз жүрегінен орын бере алады.Менің жүрегімнің төрінен өз орынын мықтап алатын менің ер інім, еркек інім — Жұмабектің мынау елдеріңізге келген қадамы сіздерге құт болсын, өзінің денсаулығы мықты болсын деп тілек айтамын дегені де сол кезеңдегі зиялы қауым өкілдерінің оған деген құрметін көрсеткен.

Жұмабек Тәшенев шынында кім болған?
Қазақстан тәуелсіздігін алып, кешегі тың өлкесі ретінде басқа мемлекетке берілмек болған Ақмола топырағында қазақтың әсем елордасы бой көтерді. Астананың әдемі көшелерінің біріне Ж.А.Тәшенев есімі берілді. Кейде сол көшемен жүріп бара жатқан, кешегі Мәскеудің қабағына қарап жаутаңдаған кезеңді көрмеген азат елдің жастарының арасында "Тәшенев кім?" деген сұраққа жауап іздейтіндер табылса, мен оған былай жауап берер едім.
Ол халқымыздың тәуелсіздігін армандап, қазақ халқының өз жерінде өзі қожайын болуын аңсаған. Соңғы демі қалғанша ұлтына қызмет етіп, қазақтың жері үшін күресті. Тәшенев нар тұлға ғана емес, үлкен қайраткер, халқының болашағы үшін ұлы күрескер де бола білген. Осындай ел ардақтысына айналған, ұлттық мүддені қорғаған арыстарымыздың есімдері ел есінен өшпей, жыл өткен сайын жаңғыра берсін.

ТІЛ ЖУРНАЛЫ • #6 (8 – 9) | 2010

 

Оцените пост

38

Комментарии

0
Иә , Жұмабек Тәшенов - нағыз азамат..Іскер басшы..Халқының жанашыры..
Показать комментарии