• 86167
  • 31
  • 5
Нравится блог?
Подписывайтесь!

100-ден 100 балл алғандар оқуға түспеді

Намазалы ОМАШҰЛЫ, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті журналистика және саясаттану факультетінің деканы, профессор:

 

– Намазалы аға, биылғы жылы журналистика мамандығы бойынша ең жоғары, 100 балл алған талапкерлер оқуға түспей қалыпты. Бұл қалай? Мұның өзі қазақ журналистикасына жасалып отырған қиянат емес пе?

– Жоқ, мен олай деп ойламаймын. Бұл министрліктегі осы мәселені жоспарлап отырған кейбір адамдардың қателігі шығар.

– Бұл қателік алдағы жылдары журналист болсам деген үкілі үміттері бар талай жастардың жолын кесіп, сенімдерін жоғалтпай ма? Осы фактіден кейін келесі жылдары талапкерлер бұл мамандыққа келмей қояды деп ойламайсыз ба?

– Ондай жағдай да туындауы мүмкін. Олар шамасы келсе, «Алтын белгі» алуға тырысуы керек. Себебі биылғы жылғы жаңа факультет ашылуына байланысты «Алтын белгілер» саны екі есеге артып, мемлекеттік гранттар соларға, олимпиада жеңімпаздары мен ауыл квотасы иегерлеріне ғана бұйырды. Бірақ 100 балдан жүз алып, оқуға түспей қалған» деген фактінің өзі жақсы емес. Әрине, бұны аяқсыз қалдыруға болмайды. Бұл мәселені түпкілікті шешу үшін биылғы жылы белгілі журналистердің, бұрыннан журналист мамандарын даярлап келе жатқан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің журналистика факультетіндегі тәжірибелі мамандардың, Білім және ғылым министрлігі мен Байланыс және ақпарат министрлігінен осы мәселеге жауапты адамдардың басын қосып конференция өткізіп, журналистік зерттеу жүргізсек деген ойымыз бар. Осы шара аясында Байланыс және ақпарат министрлігімен бірге республикалық БАҚ-тарға мониторинг жүргізе отырып, бүгінгі күндегі қазақ журналистеріне деген нақты сұранысты анықтауымыз қажет. Өйткені бұрындары журналистикаға қазақ бөліміне – 50, орыс бөліміне 50 адам қабылданатын. Мемлекеттік жоспар жұмыс істеп тұрған кезде бұл мәселе осылай шешілетін. Ол кездері қазіргідей емес, газет-журналдар аз, радио мен телеарналар санаулы ғана болатын. Ал қазір керісінше. Телерадиоарналар да көп, газет-журналдар да жетіп-артылады. Оған заман талабына сай Интернет журналистиканы да қосыңыз. Ал енді осыған қарамастан, грант саны жыл сайын кеміп келеді. Былтырғы жылға дейін қазақ бөліміне – 40, орыс бөліміне 30 адам қабылданып келген. Ал биыл қазақ бөліміне былтырғыдан да аз – 35, орыс бөліміне 27 адам қабылданған. Сол себепті 100 балл алғандардың түспей отырғаны рас.

– Мұны осы күйінде қалдырмай дабыл қағу керек шығар?

– Біздің мақсатымыз – дабыл қағып қана қою емес, осы тығырықтан шығудың жолын іздеу. Жүзден жүз түспей отырған кезде дабыл керек, әрине. Бірақ құр әшейін байбалам салу, дау-дамай, дабыл қағу ғана болып қалмас үшін бұл мәселені түпкілікті шешудің жолы жаңағыдай. БАҚ саласының мамандары мен екі министрліктегі жауапты қызметкерлердің басын қоса отырып, журналистік зерттеу, мониторинг, талдау қорытындылары негізінде нақты ұсыныстар әзірлеу. Сол арқылы «елімізге журналист мамандары қажет пе, жоқ па, оған деген сұраныс қаншалықты» деген сұраққа нақты әрі түпкілікті жауап бермекпіз. Сөйтіп, мұны құры байбалам емес, салиқалы, салмақты жолмен шешпекпіз. Осы жиынның қорытынды ұсыныстарын Президент Әкімшілігіне, Білім және ғылым министрлігі мен Байланыс және ақпарат министрлігіне жолдаймыз. Бұл мәселені министрліктің көзін жеткізіп, дәлелдеп барып өркениетті жолмен шешуіміз қажет.

– Намазалы аға, жақында Л.Н.Гумилев атындағы жоғары оқу ордасында журналистика және саясаттану факультетінің ашылғаны белгілі. Бұл БАҚ саласындағы озық жетістіктердің бірі екені даусыз. Осы орайда факультетті құру идеясы қалай келді, оны ашуға не түрткі болды деген сауалымызды қойғымыз келіп отыр...

– Осыған дейін республикада бір ғана журналистика факультеті болды, ол – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет інде еді. Ал бүгінгі күнге дейін республика астанасында журналистика факультетінің болмауы кемшілік деп есептейміз. Қазір Астананы дүниежүзі біледі, мұнда әлемдік деңгейдегі форумдар өтіп тұрады. Сондықтан дүниежүзінің көз тіккен ақпарат алаңында журналистика факультетінің болмауы, осы сала мамандарының шоғырланбауы олқылық еді. Былтыр республикалық БАҚ басшылары мен жетекші журналистердің қатысуымен өткен басқосуда ректорымыз Бақытжан Әбдірайым келесі жылғы журналистер күні қарсаңында факультет ашуға уәде берді. Ол кісі сол уәдесінде тұрып, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізіп, кәсіби мерекеміз қарсаңында журналистика және саясаттану факультетінің тұсауын кесті.

Бұған дейін Еуразия ұлттық университетінде бір ғана журналистика кафедрасы жұмыс істеген. Кейін Ғаділбек Шалахметов келді, бұрыннан Ақселеу Сейдімбек жұмыс істеген. Мен де келдім. Сосын университет басшыларымен ақылдасып, бір кафедраның аздық ететіндігін айтып, оның орнына баспасөз және баспа ісі, телерадиожурналистика кафедраларын ашуды ұйғардық. Сосын менің мұрындық болуыммен журналистика мәселелерін зерттеу институты ашылды. Келешекте мұның бәрінің басын қосып, факультетке айналдыру көзделген. Сол жоспарымыз іске асып, биыл журналистика және саясаттану факультеті ашылды.

– Не себепті факультет журналистика және саясаттану деп аталды?

– Меніңше, бұл екі мамандықты бір факультетке біріктіру – дұрыс шешім болған сияқты. Мемлекеттік саясатты терең меңгерген журналистер немесе қаламы жүйрік саясаткерлер қоғам үшін аса қажет. Бұл туралы еліміздің аға басылымы – «Егемен Қазақстан» газетінің президенті, Сауытбек Әбдірахман биылғы жылғы университетте жасаған баяндамасында: «Журналистика мен саясаттануды біріктіргендеріңіз, меніңше, өте дұрыс болды. Өйткені бұл екі мамандық бір-біріне өте жақын. Саясаттанушылар өз пікірлерін көп жағдайда журналистика арқылы білдіреді. Бір факультет болған соң біздің журналистер саясаттанудан хабары болса, саясаттанушыға журналистика алаңында машықтануға мүмкіндік туады. Сондықтан бұл шешім өте орынды, келісті болған, екі мамандықтың бір-біріне игі ықпалы тиеді», – деді. Бұл ойды жиынға қатысқан журналистер қауымы, басқалар да қызу қуаттады.

Ректораттың бұл шешімінің өте дұрыстығын уақыт көрсете жатар. Бұл екі мамандықтың бірін-бірі кәсіби тұрғыдан өсіретіндігіне, дамытатындығына игі ықпал ететіндігіне еш күмән жоқ. Кейбіреулер бұл екі мамандық бірігіп дайындалады деп ойлап қалуы мүмкін. Жоқ, журналистика өзінің оқу жоспарымен жеке мамандық ретінде, саясаттанушылар өз алдына дайындалады.

– Факультет қандай жаңа техника, құрал-жабдықтармен толықты?

– Бұл жағын бірден қатырып тастадық деп айта алмаймыз. Университетте бұрыннан студенттердің тәжірибелік сабақтарына арналған телерадиостудия жұмыс істейді. «Еуразия университеті» газеті шығады. Баспахана бар, құрал-жабдықтары жаман емес, жақсы оқулықтар шығарып келеді. Яғни біздегі екі кафедра студенттерінің тәжірибелерін шыңдауға мүмкіндік жасалған. Виртуалды журналистика дамыған бүгінгі заманда жеке-дара Интернет класын ашу жоспарда бар. Әзірге осы корпустағы әлеуметтік ғылымдар факультетімен бірге ортақ интернет-класс жұмыс істейді. Оқу корпусымыз күрделі жөндеуден өткізіліп, дәрістердің өз деңгейінде өтуіне мүмкіншілік туды. Жеке факультет болғалы студенттеріміздің айдарынан жел есіп, еңселері көтеріліп қалды. Қуаныштарында шек жоқ.

– Факультетте қазақ тіліндегі оқулықтар мәселесі шешілді ме? Студенттер тағы орыс тіліндегі оқулықтарға телміріп жүрмей ме?

– Қазақ журналистикасында оқулықтар өте тапшы, оны жасырудың қажеті жоқ. Сол олқылықтың орнын толтыру мақсатында біз «Қазақ журналистикасы» атты үштомдықты шығардық. Бұл қазір студенттердің қолынан түспейтін оқулыққа айналды. Тағы бір үлкен жетістік: былтыр «Радиожурналистиканың теориясы мен тәжірибесі» атты оқулық жарық көрді. Ол соңғы бекітілген типтік оқу бағдарламасына, кредиттік технология талаптарына сай жазылды.

Жалпы, бұл бір күнде шешілетін мәселе емес. Қазақ тіліндегі оқулықтар проблемасы басқа мамандықтарда да бар. Журналистика оқулықтарын 5-10 жылда жаңартып тұрмаса, уақыт үніне ілесе алмай қалады. Жаңа оқулықтар мәселесі жоспарлы, жүйелі түрде мемлекеттік деңгейде шешілуі тиіс.

– Жаңа факультетте тәжірибеге қаншалықты мән беріледі?

– Журналистика мамандығы тәжірибесіз болмайды, оған зор мән беру керек. Астанада көптеген мерзімді басылымдар, телерадиоарналар бар. Олармен тікелей байланыс жасау арқылы ол мәселелерді шешуді көздеп отырмыз. Осыған дейін журналистика кафедрасы басқа факультеттің құрамында болып, журналистерді дайындау ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік болған жоқ. Алдағы уақытта тәжірибелі журналистерді оқытушылыққа шақыру, кездесулер ұйымдастыру, журналистиканың өзекті мәселелерін ғылыми кеңесте қарау, яғни мамандықты дамыту, өсіру істерімен айналысамыз.

– Орыстілді БАҚ өкілдері ұлттық мүддеге келгенде тартыншақтап жүретіні, тіпті кейбірі бұл мәселеге аяқ баспайтыны белгілі. Бәлкім, факультеттің орыстілді бөлімдеріне ұлттық мүдде туралы сабақтарды көбірек енгізу керек шығар, қалай ойлайсыз?

– Бұған келісуге болады, өте орынды қойылған сұрақ. Оқу жоспарына өзгеріс енгізу барысында, бұл – міндетті түрде ескеретін нәрсе. Жекелеген әлеуметтік мәселелердің шындығын шырқыратып тұрып айтады, ал ұлттық мәселеге, тілдің дамымай жатқанына, «Ел бірлігі» доктринасына келгенде жұмған ауыздарын ашпайды. Ауылдағы құдықтың суын, біреудің ауруын көре қалады, соған алаңдайды. Осындай қулықпен ел арасында жалған ұпай жинайды.

– Жақында шетелдік бір журналист Қазақстанға келіп төрт жыл бойы журналистика факультетінде не оқытасыздар, журналистер үшін екі-ақ жыл оқу немесе арнайы курстар жеткілікті емес пе деп таңданыпты дейді. Осы пікірді біздегі кейбір мамандар да қолдайды. Расында да, журналистика факультетінің студенттері екінші курстан кейін-ақ еңбекке араласып кетіп жатады. Сұрайын дегеніміз, журналистика факультетінде оқу жылын қысқартудың пайдасы бар ма?

– Мен өз басым журналист кадрларын шетелде дайындау тәжірибесімен жетік танысқан адаммын. Ол туралы «Жол үстінде – журналист» атты кітабымда егжей-тегжейлі баяндалған. Бұл қай елдің журналисі екенін қайдам, мен білетін АҚШ, Европа, Ресей, басқа жерлерде де бір-екі жылдық курстармен журналистер дайындалмайды. Бұл туралы талас пікірлер әр жерлерде болған. Бірақ журналистке міндетті түрде университеттік білім керек деген тоқтамға келген. Өйткені журналистерге өмірде көптеген күрделі мәселелермен бетпе-бет келуге тура келеді. Сол кезде оның университеттік білімі болмаса таяздық танытып, дұрыс позиция қабылдай алмайды. Журналистердің ең басты қасиеті – зырылдаған тілі немесе сылдыраған сөзі емес, оның өмірге деген көзқарасы, пайымы, танымы. Құр заржақтық, сөзуарлықтың заманы өткен. Азаматтық позиция терең білім арқылы қалыптасады. Білімді басқа факультеттен алып, журналистикаға бейімделетін де жол бар. Бірақ барлық журналистерді олай дайындау мүмкін емес қой. Олар бірен-саран ғана. Сондықтан бұл заманда білімсіз адам журналист бола алмайды. Журналист – тереңнен толғайтын, қоғамға дұрыс жол көрсететін тұлға. Ұлттық мүдде тұрғысынан мемлекеттік мәселелерді көтеру үшін де кемел білім керек. Журналистерді сыйласа, оның білімдарлығы үшін, айтылмай жүрген нәрсені тауып айтқаны үшін құрметтейді. Қанша уақыт өтсе де жұрт Ахаңдарды неге төбесіне көтеріп жүр деп ойлайсың?

– Журналистика бөлімдерінде студенттер негізінен, журналист болудың, жалпы жазудың қыр-сырын меңгереді. Ал операторлық, фотошеберлік өнерге олар жұмыс барысында ғана машықтанатын сияқты. Мұның себебі неде? Техникалық сабақтар жетіспей жатқан жоқ па?

– Операторлық – журналистің жұмысы емес, ол басқа саланың маманы. Ал фотожурналистер екібастан біздің факультетте дайындалады. Оның сапасы қай деңгейде екені алған біліміне байланысты. Фотожурналистика техникалық сабаққа жатпайды.

– Біз журналистерді дайындаудың ескі жүйесінде қалып қойған жоқпыз ба? Бұл салаға түбегейлі реформа керек деп ойламайсыз ба? Бәлкім, біздің батыс журналистеріне жете алмай келе жатуымыздың себебі осыдан шығар?

– Батысқа Шығыс, Шығысқа Батыс жете алмай жатыр дегендер – даулы мәселе. Журналистерді дайындауда реформа болмаса да, өзгерістің қажеттігін өткендегі журналистер басқосуында айтқан болатынмын. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің журналистика факультетін басқарған кезімде журналист мамандарын дайындаудың жаңа концепциясын жасағанбыз. Журналистерді кеңестік білім беру жүйесінен арылтып, заман талабына сай жаңарттық. Соның арқасында факультет халықаралық деңгейге дейін көтерілді. Бұл – өзгеріс жасаудың арқасында қол жеткізген нәтиже. Түбегейлі реформа жасау керек деп айту қиын. Оны ешкім жасай алмайды, ол үшін қоғамның өзі түбегейлі өзгеруі керек. Журналистика қоғамнан тыс нәрсе емес. Кейде түбегейлі реформа жасаймыз деп барымыздан ажырап қалуымыз мүмкін. Өйткені қоғам оған дайын емес. Түбегейлі реформа деген – кредиттік технология. Аты солай болғанымен, сапасына қол жеткізе алмай отырмыз.

Ал өзгеріс енгізетін сала – мемлекеттік оқу жоспары. Журналистерді дайындауда оның шығармашылық мамандық екенін ескеру керек. Бүгінде студенттер мен магистранттар, докторанттардың өздік жұмыстарына арналған сабақтар бар. Қазіргі талап бойынша студенттер аудиторияда отыруға міндетті. Бұл басқа сала мамандары үшін пайдалы шығар, бірақ журналист мамандарының өздік жұмысы – шығармашылығы. Сондықтан оларды аудиторияда қамап ұстағаннан гөрі, сол сабақтардың есебінен бір күнді шығармашылыққа арнауы әлдеқайда тиімді болар еді. Бұл күні студенттер бұқаралық ақпарат құралдары жұмысына араласып, журналистік машығын қалыптастырар еді. Білім беру мен тәжірибе қатар жүргенде ғана ісіміз нәтижелі болары белгілі.

– Қазір тәуелсіз журналистика орталықтары көбейіп келеді? Олардың жұмыстарына қандай баға бересіз?

– Әрқайсысына әртүрлі баға беруге болады. «Әділ сөз» бірде дұрыс, бірде бұрыс айтады. Меніңше, Сейітқазы Матаев басқаратын Қазақстан Журналистер одағы өзінің позициясын дұрыс ұстап отыр деп ойлаймын. Олар әруақытта мемлекеттік мүдде жағына да, журналистердің құқықтарын қорғау ісіне де тең қарап отыр. Ал басқалардың бәріне бірдей жауап беру қиын. Көбінесе әркім өз мүддесі, көкейдегі ойы тұрғысынан жұмыс істейді. Ал Журналистер одағының төрағасы бұрын билікте де болған, журналистиканың қыр-сырын да жақсы біледі, солардың басшыларымен де араласады. Бұл орайда Журналистер одағының да, оның төрағасының да жұмысын қолдаймын.

– Бүгінгі журналистердің кәсіби деңгейіне, салалық журналистерді көбірек дайындау керек деген мәселеге қалай қарайсыз?

– Журналистикаға салалық мамандар өте қажет. Бакалаврда ондай мүмкіндік жоқ. Ал магистратурада белгілі бір салаға бейімдеуге болады. Кәсіби деңгей туралы айтар болсақ, қазір қазақ журналистикасы өсу үстінде, оны жоқ жерден аяғынан шалып, болмаса, орыс, шетел журналистикасынан қалып жатыр дейтін ештеңе жоқ. Шетелде мемлекеттік, ұлттық мәселелердің барлығы әлдеқашан шешілген. Сондықтан олар халыққа қызық фактілерді көрсетумен айналысады. Ал біз ол мәселелерді шешіп тастаған жоқпыз, біз мемлекеттік, ұлттық мүддені көздейтін ақпараттарға баса назар аударуымыз керек. Әртүрлі саладағы, мінездегі басылымдар болу керек. Оның еш зияны жоқ. Тек заңды аттамаса болды. Біз шетелдегідей таза қызық қуып кететін болсақ, мемлекеттік, ұлттық мәселелерді, бала тәрбиесі, білім беру, денсаулық мәселелерін шегеріп қоюға тура келеді. Ел-жұрт, мемлекет ретінде өспей қаламыз.

 


Serik Akhmetov bas
легкоатлетика
27 декабря 2010, 0:00
4276

Загрузка...
Loading...

Комментарии

kz_zez
0
0
Мына кісіден сұхбатты өзің алдың ба?
bas
0
0
Әрине өзім алдым, мына кісі дегенің менің әкемнің досы

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Мой дом – не гостиница. Я не останавливаюсь у своей родни, потому что знаю, что это такое

Мой дом – не гостиница. Я не останавливаюсь у своей родни, потому что знаю, что это такое

Наступил долгожданный момент и мы смогли заселиться в собственную квартиру. А потом началось... Все знакомые, родственники, даже коллеги и соседи родителей вспомнили о нашем существовании.
Idealovnet
14 окт. 2017 / 20:38
  • 8919
  • 83
Работа на EXPO. «Улыбайтесь, вы – лица Казахстана»

Работа на EXPO. «Улыбайтесь, вы – лица Казахстана»

Продление перерывов, втыки от менеджеров, борьба за стенды, кучкования, как мы друг-друга прикрывали, защищали от гостей. Все эти события доставляли радость, и каждый день на работу я приходила...
madiNAtty
14 окт. 2017 / 22:34
  • 6141
  • 24
О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

У меня обширный сексуальный опыт, и я этим не хвастаюсь. Будь у меня возможность, променял бы это всё на одного партнёра. Но так как с личной жизнью не заладилось, а секс я очень люблю, то приходилось изворачиваться.
bez_prav
18 окт. 2017 / 18:01
Я четко помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж»

Я четко помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж»

У нас была особенная атмосфера, мы постоянно были вместе, читали треки, летом часто поднимались в горы. Гуляли пешком по ночному городу, иногда до утра. Снимали хату и представляли совместную жизнь...
Dominator-kz
14 окт. 2017 / 22:29
Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Вы когда-нибудь пользовались казахстанской косметикой? Я тоже нет, поэтому сразу же откликнулась на приглашение своего фейсбук-френда протестировать отечественные крема… из Степногорска.
Shimanskaya
16 окт. 2017 / 11:32
  • 2813
  • 31
Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я знал дату свадьбы. За неделю до свадьбы в соцсети "Вконтакте" на все мои последние фото, был проставлен лайк с её профиля. Сердце забилось сильнее. В душе загорелась наивная, крошечная надежда.
Dominator-kz
17 окт. 2017 / 15:41
Мой парень – «тиран». Почему я вступила в такие отношения?

Мой парень – «тиран». Почему я вступила в такие отношения?

История из моей жизни. Я вспоминаю эти отношения и сама не могу понять - как так произошло? А дело в том, что вы и сами не заметите. Это наступает плавно и динамично.
Altynai_JA
18 окт. 2017 / 14:17
Льготное кредитование для молодежи Алматы. Не хоромы, но для начала неплохо

Льготное кредитование для молодежи Алматы. Не хоромы, но для начала неплохо

Если вам нет 35 лет и у вас нет своего жилья, то есть интересная гос.программа. Нишевая программа - молодые семьи Алматы до 35 лет, семья - это как минимум 2 супруга без детей.
DanaJarlygapova
19 окт. 2017 / 16:21
«Автобусная неделя». Выдержит ли аким Шымкента давку в общественном транспорте?

«Автобусная неделя». Выдержит ли аким Шымкента давку в общественном транспорте?

Аким Шымкента Габидулла Абдрахимов нашёл решение накопившихся проблем городского транспорта. Все ключевые работники акимата некоторое время будут сами ездить на автобусах.
openqazaqstan
18 окт. 2017 / 10:53
  • 1695
  • 32