Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
11:46, 26 декабря 2010

Интернет журналистикасы

Мамандардың айтуы бойынша, интернеттi дамыту үшiн үш түрлi жағдай әсер етедi екен. Бiрiншi, сол ұлттың өзiнiң хат алмасу торабы болуы қажет. Бiз Ресейдiң mail.ru тегiн почтасына тәуелдiмiз. Яғни, бiзге ұлттық хат алмасу торабы керек. Екiншi, өзiнiң iздеу торабы болуы тиiс. Үшiншi, интернет қымбат болмауы жөн. Осы үш мәселенi аттап өтпейiнше, ел тұтастай интернеттi пайдалана бiлмейдi. Пайдаланған күннiң өзiнде басқа елдiң мүддесiне қызмет етемiз, ақша басқаның қалтасына құйылады. Орысша бiлуге мәжбүр боламыз.

Политехте оқитын Қуаныш Мағзуов деген баланың "Сөздiк" деген жобаны жүзеге асырмақ ойы бар. Ол жоба бойынша кез келген ағылшын тiлiндегi мәтiндi клавиатураның бiр түймесiн басып тегiн аудармаға қол жеткзiу көзделдi. Ригаға барғанымызда, осы жобаға демеушi болғысы келгендермен кездескенде, олар "Бұл үкiметтiң iсi ғой. Неге өздерi қолға алмаған?" деген сауал қойды. Бұл сұрақты естiгенде ұялып кеттiм. Ағылшын тiлiнен қазақ тiлiне аударатын сайт жасау үшiн басқа елден көмек сұрауға мәжбүр болып отырғанымыз бiз үшiн шынында ұят едi. Олар үшiн мемлекеттiк деңгейдегi мұндай iстерге бiздiң қоғамдық ұйымдардың деңгейiнде мән берiлiп жатқаны түсiнiксiз едi.

Негiзiнен мемлекет тарапынан интернеттi дамытуға ақша бөлiнiп жатыр. Бiрақ, бұқара тарапынан нақты талап болмай отырған-сынды. Егер, бұқара тарапынан Парламентке, Мәжiлiске сұрау салса, қазақ тiлiн дамыту үшiн интернеттегi тiлдiң таралу аясын кеңейту керек. Ол үшiн бiрiншiден, мынадай параметрлерге ақша бөлiнсiн десе. Мәселен, тегiн онлайн жүйесiнде қазақ тiлiнен ағылшын тiлiне, орыс тiлiнен қазақ тiлiне мәтiн аударатын арнайы бағдарлама жасап шығару. Бiраз адамдар жасауға талпынып көрдi. Бiрақ, ол бұқараға тегiн ұсынылған еркiн бағдарлама емес едi. Оны пайдалану үшiн сатып алуың керек. Бiздiң айтарымыз, бұндай бағдарламалар тегiн болуы керек. Егер, бiз тiлдi дамытамыз десек, оны қолданушылар аясын кеңейтемiз десек, ағылшын тiлiнен қазақ тiлiне тiкелей аударатын сайт жасауымыз керек.

Ондай заң кейбiр елдерде бар. Мысалы, АҚШ-та "Блогшылар туралы" заң қарастырлуда. Бiрақ, ол елдерде қабылданған заңдарға әлеумет белсендi атсалысады. Яғни, бұл заңдар интернеттi шектеу үшiн емес, реттеу үшiн әзiрленедi. Бiзде қабылданатын заң да интернеттi реттейтiн оның дамуына үлес қосатын заң болса құба-құп, керiсiнше, интернеттi бақылауды сылтау етiп, оның еркiндiгiне сызат түсiретiн болса онда ондай заңның қажетi жоқ. Қазiр бұқара интернет мүмкiндiгiн толық пайдаланып отырған жоқ. Сол себептi де олардың заңға атсалысуы мүмкiн емес.

Қазақстанның өзiнiң блог тұғыры жоқ. Американың wordpress платформасында блогты тегiн дамытуға мүмкiндiк бар. Бiрақ, ол ағылшын тiлiнде. Бұл — бұқараға тегiн ұсынылып отырған өнiм. Сондықтан, оны аударуға да мүмкiндiк бар екен. Кореядағы қандастарымыз Жанарбек Матай, Бақытнұр Байтелұлы және осында тұратын Бақытгүл Салықова деген блогшылар оны қазақшалауды қолға алды. Ол платформада 3 мыңның үстiнде ұғым-түсiнiк бар едi. Жоғарыда аты аталған үшеуi оны бөлiсiп, өз ерiктерiмен аударуға кiрiстi.
Бұл бiзге қандай мүмкiндiк бередi? Егер, бұрын блогты тек ағылшынша, орысша бiлетiндер жасай алатын болса, ендi оның қазақша нұсқасы да пайда болады деген сөз.

Шетелге шығып келгеннен кейiн, Қазақстанға келiп қазақ газеттерiн ашқан кезде бiрден байқайтыным, қазақ журналистерi мақала мазмұнынан гөрi, эмоцияға көбiрек иек артады. Себебi, бiздiң оқырманның болмысы осыны талап етедi. Сондай-ақ, Кеңес Одағынан қалған бiр стереотип бар, журналист — ол тұлға, қайраткер, журналистiң сөзiне Құранның сөзiндей сенедi. Қоғам журналист не десе, сол деңгейде қабылдауға бейiм. Батыс журналистикасында, журналист оқиғаны тек қана баяндаушы, әңгiмелеушi. Ой қорытуды оқырманның өзiне қалдырады. Бiзде журналист оқырманға өз ойын қоса ұсынады да, оқырман мәселенi сараптап жатпайды, журналистiң ойын қаз-қалпында қабылдай салады. Қазақ журналистикасының ғылыми тұрғыдан базисi қалыптаса қойған жоқ десем ешкiм ренжи қоймас. Интернет журналистикасы әлi қалыптасқан жоқ. Жоғары оқу орындарының журналистика факультетiнде интернет журналистерiн даярлаған күннiң өзiнде интернеттiң не екенiн толық түсiнбеген кiсiлер дәрiс бередi, оқулық әлi дайындалмаған. Бiзде қазақтiлдi журналистиканың зерттеу тенденциясын бақылау жүйесi жоқ. Қазiр ол қай деңгейде, қайда барады, болашақта қалай болуы мүмкiн, оның қоғамға тигiзiп отырған әсерi қалай деген сараптамалар жоқтың қасы. Журналистика ғылым түрiнде қалыптаспағандықтан, бiресе орыс журналистикасының, бiресе Батыс журналистикасының ықпалында кетiп барады.
Мысалы, мен жақында жолым түсiп Ригада болып қайттым. Бiзге Латвия туралы жеткен ақпараттардың көбi олар орыс тiлiне қарсы, орысқа қатыстының бәрiн құртып-жойып жатыр дегенге сайып келген едi. Алайда, олай болмай шықты. Онда 2,5 миллион ғана халық тұрады екен. Орыстарға жек көрiнiшпен қарайтын сезiмдi байқаған жоқпын. Олар өздерiнiң ұлттық қалпын сақтау үшiн, қалпына келтiру үшiн күресiп жатыр, ол рас. Бiрақ, туристердiң көбi орыстар болғандықтан, орыс тiлiнде сөйлеуге мәжбүр. Демек, бiз Рига туралы ақпаратты орыстiлдi ақпарат құралдарынан алып отырмыз да, соның ықпалында қалып қойғанбыз.

0
2201
3