---
title: "📣 1 маусымда Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады"
description: "👩🏻‍💼Іріктеуге мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес деңгейде меңгерген, жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар 35 жаста?..."
author: "irusgera"
published: "2025-05-24T05:38:05+00:00"
modified: "2025-05-24T05:38:05+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/1-mausymda-prezidenttik-zhastar-kadr-rezervine-kezekti-irikteu-bastalady-1014247"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/1-mausymda-prezidenttik-zhastar-kadr-rezervine-kezekti-irikteu-bastalady-1014247/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 📣 1 маусымда Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады

> 👩🏻‍💼Іріктеуге мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес деңгейде меңгерген, жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар 35 жаста?...

👩🏻‍💼Іріктеуге мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес деңгейде меңгерген, жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар 35 жастан аспаған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. 🚀Іріктеу 2025 жылдың маусымынан қазанына дейін өтетін бірнеше кезеңнен тұрады. Іріктеу қорытындысы бойынша резервке үздік 50 үміткер қабылданады. Қабылданған күннен бастап 3 жыл ішінде резервшілер конкурстық іріктеуден тыс әртүрлі мемлекеттік лауазымдарға тағайындалуы мүмкін. 🧭 Іріктеу** 6 бағыт бойынша** іске асырылады: • әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам; • агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау; • цифрландыру; • инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты; • экономикалық және қаржылық саясат; • сыртқы саясат және инвестициялар. Іріктеу маусым мен қазан айлары аралығында 6 кезеңмен өтеді:
- **Құжаттарды қабылдау** 📅 1–30 маусым 🌐 [http://pkrezerv.gov.kz](http://pkrezerv.gov.kz) порталында
- **Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау** 📅 2–10 тамыз
- **Ситуациялық тапсырмаларды шешу** 📅 16–17 тамыз
- **Құзыреттерді бағалау** 📅 22 тамыз – 28 қыркүйек
- **Сарапшылық комиссияда әңгімелесу** 📅 8–15 қазан
- **Ұлттық комиссияның отырысы** 📅 25 қазанға дейін

Іріктеу нәтижесінде үздік 50 кандидат Президенттік жастар кадр резервіне қабылданады. Резервке енген үміткерлер 3 жыл ішінде конкурстан тыс түрлі мемлекеттік лауазымдарға тағайындалу мүмкіндігіне ие болады.

🌐 Іріктеу шарттары мен кезеңдері туралы толық ақпарат ресми порталдан қолжетімді: [http://pkrezerv.gov.kz](http://pkrezerv.gov.kz)

Сұрақтар туындаған жағдайда келесі байланыс арналары арқылы көмек алуға болады: 📞 +7 700 096 70 74 💬 Jivo чат порталында 📧 info@pkrezrv.gov.kz

**Еліңе қызмет еткің келсе — мүмкіндігіңді жіберіп алма!** Президенттік резерв — сенің жаңа биіктерге бастар жолың.

---

Source: [https://yvision.kz/post/1-mausymda-prezidenttik-zhastar-kadr-rezervine-kezekti-irikteu-bastalady-1014247](https://yvision.kz/post/1-mausymda-prezidenttik-zhastar-kadr-rezervine-kezekti-irikteu-bastalady-1014247)