---
title: "06.03.2015"
description: "Жамбыл облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлері гүлмен «қаруланды»Жамбыл облысы..."
author: "anticorruption_tz"
published: "2015-03-26T03:33:13+00:00"
modified: "2015-03-26T03:33:13+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/06-03-2015-485724"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/06-03-2015-485724/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 06.03.2015

> Жамбыл облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлері гүлмен «қаруланды»Жамбыл облысы...

**Жамбыл облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлері гүлмен «қаруланды»**

![06.03.2015](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruption_tz/wJrRGAe02Oc3XqvKEtnQY6vZT7Z8sX.jpg)

Жамбыл облысының департаментімен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, ҚР Конституциясының 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақ хандығының құрылғанына 550 жылдық мерейтойларына орай «20 мейрірімді іс» жобасын іске асыру басталды.2015 жылғы 6 наурызда « 20 мейірімді іс» жобасы аясында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Жамбыл облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлерімен «Нәзік жандар үшін» акциясы ұйымдастырылды.Акция барысында ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің атынан нәзік жандыларға гүлдер мен құттықтау хаттар тапсырылды.Акция Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ғимаратының алдында өтті.Департамент қызметкерлері басталған «20 мейірімді іс» жобасы және жоспарланған шаралар жұртшылық үшін өте тиімді болатындығына сенімді.

---

Source: [https://yvision.kz/post/06-03-2015-485724](https://yvision.kz/post/06-03-2015-485724)