---
title: "Ұзынағашта атыс болып, бір адам қаза тапты"
description: "Полиция мәліметінше, 4 тамызда сағат 16:20 шамасында Жамбыл облысы Ұзынағаш ауылындағы ауруханаға оқ..."
author: "usergoogle106130794574359253877"
published: "2022-08-05T06:30:41+00:00"
modified: "2022-08-05T06:30:41+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zyna-ashta-atys-bolyp-bir-adam-aza-tapty-972632"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zyna-ashta-atys-bolyp-bir-adam-aza-tapty-972632/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ұзынағашта атыс болып, бір адам қаза тапты

> Полиция мәліметінше, 4 тамызда сағат 16:20 шамасында Жамбыл облысы Ұзынағаш ауылындағы ауруханаға оқ...

Полиция мәліметінше, 4 тамызда сағат 16:20 шамасында Жамбыл облысы Ұзынағаш ауылындағы ауруханаға оқ жарақатымен үш жергілікті тұрғын жеткізілген. Зардап шеккендердің бірі жансақтау бөліміне жеткізілгеннен кейін қаза болған.

«Полицейлер дереу деректің барлық мән-жайын анықтауға және қылмысқа қатысы бар тұлғаларды ұстауға бағытталған шараларды қолға алды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жоспар жарияланып, аймақтық полиция бөлімшелерінің жеке құрамы күдіктілерді ұстауға жұмылдырылды», - делінген хабарламада.

Алдын ала анықталған мәлімет бойынша, оқиға бір топ жергілікті тұрғындар арасында болған. Қазіргі уақытта күдіктілердің бәрі анықталған, енді оларды ұстау шаралары жүргізіліп жатыр.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zyna-ashta-atys-bolyp-bir-adam-aza-tapty-972632](https://yvision.kz/kk/post/zyna-ashta-atys-bolyp-bir-adam-aza-tapty-972632)