---
title: "Зорлық-зомбылықсыз әлем"
description: "2016 жылдың желтоқсан айының 2-сі мен 20-сы аралығында Алматы қаласының мектептерінде \"Зорлық-зомбы..."
author: "birzhanmurat"
published: "2016-12-26T16:03:38+00:00"
modified: "2016-12-26T16:04:13+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zorly-zombyly-syz-lem-741665"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zorly-zombyly-syz-lem-741665/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Зорлық-зомбылықсыз әлем

> 2016 жылдың желтоқсан айының 2-сі мен 20-сы аралығында Алматы қаласының мектептерінде "Зорлық-зомбы...

![Зорлық-зомбылықсыз әлем](https://storage.yvision.kz/images/user/birzhanmurat/vrtA75GC83TP8x8BTjBX5iNxCdrJN3.jpg)

2016 жылдың желтоқсан айының 2-сі мен 20-сы аралығында Алматы қаласының мектептерінде "Зорлық-зомбылықсыз әлем" тақырыбында семинарлар кешені болып өтті. Аталмыш шараға Алматы қаласы əкімінің жанындағы əйелдер істері жəне отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері, қоғамдық көшбасшылар, Еуразиялық келісім қорының, Шығармашылық бастамашы әйелдер лигасының, Қазақстандағы дағдарыс орталықтары одағының, Y-PEER халықаралық еріктілер желісінің, «БҰҰ-әйелдер» халықаралық ұйымының, БҰҰ Тұрғын халық саласындағы (ЮНФПА) қорының белсенділері қатысты.

Əрбір жасөспірім қыз – болашақ ана, білікті маман, сонымен қатар, олар Қазақстанның гүлденуі мен өркендеуіне үлесін қосатын көшбасшылар мен үздік саясаткерлер. Сондықтан зорлық-зомбылық əрекетін болдырмау үшін əрбір қыз баланы қорғау шараларын қолға алу керек. Статистика бойынша əлемдегі əйелдер үлесінің 35%-ы осындай зорлықтың құрбаны болады. Мемлекет, отбасы, қоғамдық институттар күш біріктіріп, қауіпсіз əрі еркін жағдайда қыздардың адами әлеуетінің өсуіне, жан-жақты білім алып, технологияларды игеруіне ықпал ете отырып, жасөспірім қыздарға көрсетілетін зорлық-зомбылықтың алдын алады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zorly-zombyly-syz-lem-741665](https://yvision.kz/kk/post/zorly-zombyly-syz-lem-741665)