---
title: "ZOOM платформасы арқылы және Таушық ауылында \"Таушық ауыл шаруашылығы\" ЖШС кездесу өтті."
description: "Кездесуге Атамекен Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының Түпқараған аудандық филиалы бойынша Жобаны сүйемел..."
author: "tupkaragan.nurotan.kz"
published: "2020-11-20T05:22:11+00:00"
modified: "2020-11-20T05:22:11+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zoom-platformasy-ar-yly-zh-ne-taushy-auylynda-taushy-auyl-sharuashyly-y-zhshs-kezdesu-tti-876116"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zoom-platformasy-ar-yly-zh-ne-taushy-auylynda-taushy-auyl-sharuashyly-y-zhshs-kezdesu-tti-876116/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ZOOM платформасы арқылы және Таушық ауылында "Таушық ауыл шаруашылығы" ЖШС кездесу өтті.

> Кездесуге Атамекен Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының Түпқараған аудандық филиалы бойынша Жобаны сүйемел...

Кездесуге Атамекен Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының Түпқараған аудандық филиалы бойынша Жобаны сүйемелдеу жөнінде кеңесшісі Бердигулов Султангали Кенжебаевич қатысты. Кездесу барысында С.Бердигулов Атамекен Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының жұмыс бағытын түсіндіріп, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы, ауыл шаруашылық кәсіпкерлерін және жалпы кәсіпкерлерді қолдау жөнінде ақпараттар беріп өтті.

Өз кезегінде С.Бердигулов "Егер сіздің кәсібіңізде қандай да бір кедергілер болса, бізге көмекке жүгініп, кеңес алуға болады. Заңға қатысты кедергілер болып жатқан жағдайда көмекке жүгінуге, салық жағынан кедергілерге тап болсаңыз және тағы басқа сол сияқты қиындықтар болған жағдайда Атамекен Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасына келіп, кеңес алуға толық мүмкіндік бар" екендігін атап өтті. "Кәсіпкер бізге өзінің мәселесімен келген жағдайда, алдымен біз мәселенің мән-жайымен толықтай танысып, ақпаратын алғаннан кейін облыстағы заңгермен біріге мәселені заң жүзінде шешуге жұмыстанатын боламыз".

Келесі сөз кезегінде "«Нәтежелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту аясында сертификаттаумен айналысамыз" дей келе, «Бастау Бизнес» жобасына қатыса алатын халық санатын атап өтті.

1) Жұмыссыз болса, яғни, жұмыссыздар қатарында тіркеуде тұрған халық.

2) Жұмысқа шықпаған бала күтімінде отырған аналар.

3) Жеке кәсіпкерлер(ИП).

4) Зейнетке шықпаған азаматтар мен азаматшалар.

Одан бөлек, шағын және орта бизнеске арналған «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында сертификаттаумен де жұмыс істейтінін айтты. «Бизнестің жол картасы-2025» жобасына қатыса алатын азамттар мен азаматшалар келесідей талаптарда сай қабылданады:

1) Жеке куәлігі.

2) Жұмыс орнынан анықтама.

Кездесу соңында жиынға қатысушылар сұрақтар қойып, өз жауаптарын алды.

Сертификаты бар болған жағдайда несиенің үстеме пайызы туралы қойылған сұраққа "Сертификаттың жарамдылық мерзімі 3 (үш) жыл, жарамдылық мерзімі өтпеген жағдайда 4-6%-бен несие алу мүмкіндігі бар, несие алуға барлық құжаттарды жинауға біздер көмектесеміз, барлық қызметтің түрі тегін" деп жауап берді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zoom-platformasy-ar-yly-zh-ne-taushy-auylynda-taushy-auyl-sharuashyly-y-zhshs-kezdesu-tti-876116](https://yvision.kz/kk/post/zoom-platformasy-ar-yly-zh-ne-taushy-auylynda-taushy-auyl-sharuashyly-y-zhshs-kezdesu-tti-876116)