---
title: "Әзірге Ұлттық арна басқалардан оқ бойы озық тұр"
description: "Ұлттық арна қосулы болсын Еңсемізді тіктеп, Тәуелсіз ел атанғанымызға 25 жыл болыпты. Осындай маңызд..."
author: "ERKANAT_NAIMAN"
published: "2016-09-05T23:29:50+00:00"
modified: "2016-09-05T23:29:50+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zirge-ltty-arna-bas-alardan-o-boyy-ozy-t-r-710612"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zirge-ltty-arna-bas-alardan-o-boyy-ozy-t-r-710612/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Әзірге Ұлттық арна басқалардан оқ бойы озық тұр

> Ұлттық арна қосулы болсын Еңсемізді тіктеп, Тәуелсіз ел атанғанымызға 25 жыл болыпты. Осындай маңызд...

Ұлттық арна қосулы болсын Еңсемізді тіктеп, Тәуелсіз ел атанғанымызға 25 жыл болыпты. Осындай маңызды датаны атап өту жыл басынан-ақ бастау алуда. Еліміздің телеарналарынан тәуелсіздікті ұлықтауға арналған бағдарламалар мен ақпараттарды беріп жатыр. Әзірге Ұлттық арна басқалардан оқ бойы озық тұр. Ұлттық арнаның көш басында тұруы заңды, өйткені еліміз ел болғалы таза мемлекеттік тілде сайрап келе жатқан жалғыз арна ол. Алып-қосарымыз сол, бүлдіршіндеріңізге тәуелсіздік туралы құлағына құйғыңыз келсе Ұлттық арнаны қосыңыз.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zirge-ltty-arna-bas-alardan-o-boyy-ozy-t-r-710612](https://yvision.kz/kk/post/zirge-ltty-arna-bas-alardan-o-boyy-ozy-t-r-710612)