---
title: "Үзілмес сезім екенсің..."
description: "Өлең авторы – Айгүл СағымбайқызыӘуен авторы – Daveed ~ Tango / Irene Sheri - paintingsБейнематериал ..."
author: "Aikosmuz"
published: "2018-11-01T16:35:23+00:00"
modified: "2018-11-01T16:35:23+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zilmes-sezim-ekensi-818341"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zilmes-sezim-ekensi-818341/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Үзілмес сезім екенсің...

> Өлең авторы – Айгүл СағымбайқызыӘуен авторы – Daveed ~ Tango / Irene Sheri - paintingsБейнематериал ...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Daveed ~ Tango / Irene Sheri - paintings

Бейнематериал авторы – stef2012bg

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Бауыржан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Қайдасың, қайда арманым,

Сезім деп, алға шақырған.

Елеске, неге оралдың,

Бақ құсым болмай, самғаған.

Жылдарым менің, көктемім,

Әлі де естен, кетпеген.

Сондықтан, менің жүрегім,

Күзден де, көктем іздеген.

Тұрсада айтып, мұң тамшы,

Сырымды, жүрек сақташы.

Бес күндік, өмір алдамшы,

Деп сезім, маған айтпашы.

Алыстан сені құшамын,

Сағынып күнде, еске алып.

Жете алмай саған, жатамын,

Қанатсыз құстай, мен қалып.

Үзілмес сезім екенсің,

Жат болып мүлдем, кетсең де.

Әлі де менде мекенің,

Ғасырдай, уақыт өтсе де.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zilmes-sezim-ekensi-818341](https://yvision.kz/kk/post/zilmes-sezim-ekensi-818341)