---
title: "Әзілдер"
description: "Бір күні Темірлан Қожанасырмен әңгімелесіп отырып, Қожекеңнің шапанының бір кішкентай жыртық жерін б..."
author: "Agazhan"
published: "2011-04-28T06:57:53+00:00"
modified: "2011-04-28T06:57:53+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zilder-149556"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zilder-149556/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Әзілдер

> Бір күні Темірлан Қожанасырмен әңгімелесіп отырып, Қожекеңнің шапанының бір кішкентай жыртық жерін б...

Бір күні Темірлан Қожанасырмен әңгімелесіп отырып, Қожекеңнің шапанының бір кішкентай жыртық жерін байқап, соған саусағын тығып айналдыра береді. Жыртық ұлғая түседі. Әңгіме желісімен Темірлан:
- Қожеке, осы адам баласының ақылы кемігені қай уақытта білінеді? – деп сұрайды.

- Бәлкім, жанында отырған адамның шапанын саусағымен тескен заманда болса керек, - жеген екен Қожа.

_________________________________________________________________________________

Анасы қызына ақыл айтып отыр.

- Қызым, сен әлгі жігітке тұрмысқа шығушы болма! Мені жалғыз тастап кетемісің?

- Оған бола қам жемеңіз, апа! Мен сізді сағындырмай, тез арада қайтып келемін – депті қызы.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zilder-149556](https://yvision.kz/kk/post/zilder-149556)