---
title: "Зика қызбасының таралуы жалғасын тауып отырған елдер туралы хабарлама"
description: "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Зика қ..."
author: "KZPP"
published: "2016-02-25T00:29:40+00:00"
modified: "2016-02-25T00:29:40+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zika-yzbasyny-taraluy-zhal-asyn-tauyp-otyr-an-elder-turaly-habarlama-680319"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zika-yzbasyny-taraluy-zhal-asyn-tauyp-otyr-an-elder-turaly-habarlama-680319/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Зика қызбасының таралуы жалғасын тауып отырған елдер туралы хабарлама

> Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Зика қ...

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Зика қызбасының таралуы жалғасын тауып отырғаны және Зика қызбасы вирусын жұқтыру жағдайлары елдер туралы хабарлайды:

- Американдық Самоа

- Аруба

- Барбадос

- Боливия

- Бразилия

- Бонэйр

- Венесуэла

- Вануату

- Виргин аралдары (АҚШ)

- Гваделупа

- Гватемала

- Гайана

- Гаити

- Гондурас

- Доминикан Республикасы

- Кабо-Верде

- Колумбия

- Коста-Рика

- Кюрасао

- Мальдивтер

- Маршалл аралдары

- Мартиника

- Мексика

- Жаңа Каледония

- Никарагуа

- Панама

- Парагвай

- Пуэрто-Рико

- Сен-Мартен

- Самоа

- Соломон аралдары

- Суринам

- Сальвадор

- Таиланд

- Тонга

- Тринидад пен Тобаго

- Фиджи

- Француздық Гвиана

- Эквадор

- Ямайка

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Зика қызбасы бойынша қолайсыз елдерге баруды жоспарлаған кезде ұсынылған ақпаратты ескеруді және мүмкіндігінше сапарға шықпауды, әсіресе жүкте әйелдерге эпидемиологиялық ахуал қалыпқа келгенге дейін сапарға шықпауларын ұсынады.

Осы өңір елдерінде болу қажеттілігі туындаған жағдайда масалар мен москиттерден қорғану шараларын (репелленттерді, жеңі ұзын киімдерді, шалбарларды) пайдаланған орынды, батпақты жерлерге және басқа да масалар жиналаған жерлерге бармауға тырысу керек, егер қонақүйлердің терезелері москит торлармен жабдықталмаған болса, оны ашпай ауа баптағышты пайдалану қажет.

Қолайсыз елдерде болған кезде және сапардан келген кезде ауру симптомдары пайда болған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну қажет.

Ауру 4-7 күн бойына жеңіл және орташа ауыр клиникалық нысанда өтеді және сауығумен аяқталады. Негізгі симптомдары дене температурасының көтерілуі, тері бөртпесі, конъюнктивит, буынның ауыруы, бастың ауыруы, кей кезде жүрек айну және құсу болып табылады.

Әсіресе Зика қызбасымен ауыруұрықтың аномалиясының, нәрестелердің микроцефалиясының дамуына байланысты жүкті әйелдер үшін қауіпті.

Зика қызбасының арнайы вакцинациясы және емі жоқ.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zika-yzbasyny-taraluy-zhal-asyn-tauyp-otyr-an-elder-turaly-habarlama-680319](https://yvision.kz/kk/post/zika-yzbasyny-taraluy-zhal-asyn-tauyp-otyr-an-elder-turaly-habarlama-680319)