---
title: "Өзіңнен баста!"
description: "2016 жылдың 20 мамырында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола о..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2016-05-21T03:50:23+00:00"
modified: "2016-05-21T03:50:23+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zi-nen-basta-694187"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zi-nen-basta-694187/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Өзіңнен баста!

> 2016 жылдың 20 мамырында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола о...

2016 жылдың 20 мамырында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының аумақтық департаментімен бірлесіп Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Ақмола облысының еңбек инспекциясы басқармасында *(Бұдан әрі – Басқарма)* «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және қызметтік әдеп ережелерін қалыптастыру» тақырыбында семинар- кеңес өткізді.

Семинар-кеңестің жұмысына Басқарманың және ведомствоға бағынысты ұйымдардың мемлекеттік және азаматтық қызметшілері қатысты.

Семинар-кеңестің барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның қолданысына және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, тыңдаушыларға қоғам назарына ілінген, сыбайлас жемқорлық сипаттағы құқық бұзушылықтар туралы резонансты бейнероликтер көрсетілді.

Кеңестің қатысушылары қойған сұрақтарына түбегейлі жауап алды.

Іс-шараның соңында сауалнама жүргізіліп, «Сыбайлас жемқорлықтан қалай қорғануға болады?» атты брошюралар таратылды.

Семинар-кеңеске 30-дан астам адам қатысты.

![Өзіңнен баста!](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/922OKiT0EOy22O4Jtz76xNhcgfvqfJ.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zi-nen-basta-694187](https://yvision.kz/kk/post/zi-nen-basta-694187)