---
title: "Өзіңізден бастаңыз..."
description: "2016 жылғы 13 сәуірде Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін және барлық қ..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2016-04-15T06:19:03+00:00"
modified: "2016-04-15T06:19:03+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zi-izden-basta-yz-689355"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zi-izden-basta-yz-689355/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Өзіңізден бастаңыз...

> 2016 жылғы 13 сәуірде Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін және барлық қ...

**

![Өзіңізден бастаңыз...](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/cxggpTBKd0DNHjf1kSldWfiUgBgmv7.jpg)

**

2016 жылғы 13 сәуірде Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін және барлық құқық бұзушылық түрлеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру жөніндегі 2016 жылға арналған іс-шаралар жоспарының 5.1. тармағын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) «Ақмола облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы» РММ-нің ұжымымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және барлық құқық бұзушылық түрлеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру мәселелері жөніндегі «ақпараттық алаң» өткізді.

Іс-шараға қатысушылар адамгершілік құндылықтарды дәріптеуге тәрбиелеу, әр азаматтың елдің әл-ауқатын жақсартуда ғы рөлінің маңыздылығы туралы ой-пікірлерімен бөлісті.

Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының қызметкері М. Ахметқалиев іс-шараға қатысушыларың назарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты әр адам өзінен бастауы тиіс екеніне аударды.

Ескі ағылшын мақалы: «Балаларыңызды тәрбиелемеңіздер. Олар бәрібір сізге тартқан болып өседі. Өздеріңізді тәрбиелеңіздер», -дейді.

Іс-шараның қорытындылары бойынша барлық қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін және барлық құқық бұзушылық түрлеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру еліміздің әрбір азаматының боышы мен міндеті деген ортақ пікірге келді.

Іс-шараға 70 адам қатысты.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zi-izden-basta-yz-689355](https://yvision.kz/kk/post/zi-izden-basta-yz-689355)