---
title: "Жырақ кеткен бүлдіршіндер"
description: "Жанна, Дана, Руслан, Милананың тағдырымен толығырақ «Шетелдегі қазақ балалары» жобасынан таныса алас..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-08-01T22:11:39+00:00"
modified: "2015-08-01T22:11:39+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhyra-ketken-b-ldirshinder-526379"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhyra-ketken-b-ldirshinder-526379/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жырақ кеткен бүлдіршіндер

> Жанна, Дана, Руслан, Милананың тағдырымен толығырақ «Шетелдегі қазақ балалары» жобасынан таныса алас...

Жанна, Дана, Руслан, Милананың тағдырымен толығырақ «Шетелдегі қазақ балалары» жобасынан таныса аласыздар.

![Жырақ кеткен бүлдіршіндер](http://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/r0L182C726qYMTPhhK3D74P13foWPs.png)

Тағдырдың жазуымен туған топырақтан жырақ кеткен бүлдіршіндер бүгінде басқа ананың құшағында, басқа елдің топырағында. Русланның ата-анасы – дәрігер. Русланның анасы Мэриан: «Мен ең алдымен ана бақытын сезінуді қаладым. Сондықтан, бірінші күйеуімді емес, Русланды таңдадым»,-дейді. Ол қазақ бүлдіршінін осыдан 10 жыл бұрын асырап алған. Содан кейін ғана тұрмыс құрған. Ал, Жаннаның әкесі Ричард: «Онсыз менің өмірімнің мәні жоғалар еді. Соңғы сегіз жыл менің ең бақытты дәуренім»,-дейді. Себебі, ол жұбайы екеуі қазақ қызын 50-ден асқанда асырап алған.

Бүгінде АҚШ-тың Нью-Йорк, Бостон қалаларын мекен еткен қазақ бүлдіршіндері - Жанна, Дана, Руслан, Милананың тағдырымен толығырақ 12:10-да «Шетелдегі қазақ балалары» жобасынан таныса аласыздар.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhyra-ketken-b-ldirshinder-526379](https://yvision.kz/kk/post/zhyra-ketken-b-ldirshinder-526379)