---
title: "Ұжымды (әлеуметтік топ, қоғам, мемлекет) басқарудың ең оңай жолы..."
description: "КСРО тарқар алдында 5-6 жыл бұрын, біздің колхозда бір жас жігітті шабық шабатын әйелдер бригадасына..."
author: "Omirhan"
published: "2016-08-22T07:35:29+00:00"
modified: "2016-08-22T07:35:29+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhymdy-leumettik-top-o-am-memleket-bas-arudy-e-o-ay-zholy-708171"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhymdy-leumettik-top-o-am-memleket-bas-arudy-e-o-ay-zholy-708171/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ұжымды (әлеуметтік топ, қоғам, мемлекет) басқарудың ең оңай жолы...

> КСРО тарқар алдында 5-6 жыл бұрын, біздің колхозда бір жас жігітті шабық шабатын әйелдер бригадасына...

КСРО тарқар алдында 5-6 жыл бұрын, біздің колхозда бір жас жігітті шабық шабатын әйелдер бригадасына бригадир етіп тағайындапты. Сол күннен бастап, бригаданың жұмыс көрсеткіші төмендей бастайды. Егістіктегі әйелдер топ-топ болып, атыз үстіне жайғасып, өсек айтып, жұмыс істеуді қояды. Жас бригадирдің сөзін "Қазір-қазір тұрамыз" деп құлаққа да ілмейді.. Шарасы таусылған жас жігіт зейнеткерлікке шыққан бұрынғы бригадирге барып, жағдайды айтады.- Оларды жұмыс істету оп-оңай!

- деп қарт бригадир егістікке келеді де, отырған әйелдердің бірін шақырып алып, - Әй, келін сені ел жүргіш дейді ғой!?- дейді.

- Кім айтып жүр оны?

-

![Ұжымды (әлеуметтік топ, қоғам, мемлекет) басқарудың ең оңай жолы...](https://storage.yvision.kz/images/user/omirhan/5SQUS7nrI2qy37wNH9o1IKICR2fY57.jpg)

Анау айтты!

- деп отырған қатындардың бірін көрсетеді.- О, аузыңассейін,жүзіқара қаншық! Мен сенен өткен жәлеппін бе? деп келіншек әлгі қатынға тұра ұмтылады.Қырғын басталып кетеді.Төбелесте тағы бір "сібежий" әңгімелердің шеті шығып қалады.Кейбір арашашы қатындардың да біраз айыбы белгілі болып қалады.Жарым-сағат, бір сағат шамасында төбелес басылады.Біраз, орамал шешіліп, шаш жұлынады,көйлек жыртылып, бет тырналады.

Есесіне, әйелдер бірнеше күн біріне бірі жақындамай, көңілдері тек жұмыста болады)Ал, сіздің ұжымда қалай?)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhymdy-leumettik-top-o-am-memleket-bas-arudy-e-o-ay-zholy-708171](https://yvision.kz/kk/post/zhymdy-leumettik-top-o-am-memleket-bas-arudy-e-o-ay-zholy-708171)