---
title: "«Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (ауыртпалықтарды) және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу»"
description: "Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi бес жұмыс күнi iшiнде мынандай мемлекеттiк тiркеу жүргiзiледi: Ø..."
author: "ceka"
published: "2014-07-24T21:46:37+00:00"
modified: "2014-07-24T21:46:37+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhylzhymaytyn-m-likke-y-tardy-auyrtpaly-tardy-zh-ne-onymen-zhasalatyn-m-milelerdi-memlekettik-tirkeu-422696"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhylzhymaytyn-m-likke-y-tardy-auyrtpaly-tardy-zh-ne-onymen-zhasalatyn-m-milelerdi-memlekettik-tirkeu-422696/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (ауыртпалықтарды) және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу»

> Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi бес жұмыс күнi iшiнде мынандай мемлекеттiк тiркеу жүргiзiледi: Ø...

Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi бес жұмыс күнi iшiнде мынандай мемлекеттiк тiркеу жүргiзiледi:

- Ø тұрғын үй қоры объектiлерiне, гараждарға меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзудi, жедел басқаруды, кемiнде бiр жыл мерзiмге пайдалануды, сенiмдi басқаруды, кепiлдi және жер учаскесiне тиiстi құқықты;
- меншiк, жердi пайдалану құқығын, жер учаскесiне өзге де құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) (құрылысқа құқықтарды тiркемей);
- ипотекалық куәлiктi;
- олар бойынша мiндеттемелерi ипотекамен қамтамасыз етiлген банктiк қарыз шарты бойынша талап ету құқығын басқаға берудi; құқықтың үшiншi тұлғаға ауысуына байланысты емес ауыртпалықтардың тоқтатылуын, соның iшiнде жылжымайтын мүлiк кепiлiн;
- жылжымайтын мүлiкке құқықтардың (құқық ауыртпалықтарының), соның iшiнде құқықтық кадастрды жүргiзуге қажеттi жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң сәйкестендiру сипаттамаларының, құқықтық кадастрдың тiркеу парағында қамтылған құқық иесi туралы мәлiметтердiң, құқық түрiнiң, келiсiм-шарттар талабының өзгеруiн және өзге де өзгерiстердi;

- Ø мiндеттемелердi орындамағаны туралы хабарламаны;

- Ø сауда-саттық туралы хабарламаны;

- Ø кондоминиум объектiлерiн;
- сервитутты;
- өзге де мемлекеттiк тiркеу объектiлерiн.

Мемлекеттiк қызмет ақылы көрсетiледi. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым ставкалары Мемлекеттік стандарттың 3-қосымшада, ал жеделдетiлген тәртiппен мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым ставкалары 4-қосымшада көрсетiлген.
20 шілде 2007 жылғы шыққан №310 Жылжымайтын мүлікті тіркеу туралы заңының 67 бабына сәйкес техникалық тіл құжаттың көшірмесін қосу керектігіен ескертіп өтті.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhylzhymaytyn-m-likke-y-tardy-auyrtpaly-tardy-zh-ne-onymen-zhasalatyn-m-milelerdi-memlekettik-tirkeu-422696](https://yvision.kz/kk/post/zhylzhymaytyn-m-likke-y-tardy-auyrtpaly-tardy-zh-ne-onymen-zhasalatyn-m-milelerdi-memlekettik-tirkeu-422696)