---
title: "«Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу»"
description: "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №1586 қаулысы «Жылжымайтын мүлiкке құқ..."
author: "ceka"
published: "2014-08-31T22:44:50+00:00"
modified: "2014-08-31T22:44:50+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhylzhymaytyn-m-likke-y-tardy-auyrtpaly-tardy-memlekettik-tirkeu-427641"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhylzhymaytyn-m-likke-y-tardy-auyrtpaly-tardy-memlekettik-tirkeu-427641/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу»

> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №1586 қаулысы «Жылжымайтын мүлiкке құқ...

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №1586 қаулысы «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты бойынша қызмет көрсетіледі.
1. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi
1.1. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi:

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының орталыққа жүгінген кезінде құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:

жылжымайтын мүлiкке және өзге де мемлекеттік тіркеу объектiлеріне құқықтардың (құқықтардың ауыртпалықтардың) туындауын, өзгеруiн немесе тоқтатылуын мемлекеттiк тiркеу бойынша – өтініш көрсетілетін қызметті берушіге келiп түскен кезден бастап бес жұмыс күнi iшiнде (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi, бұл ретте мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын береді);
2. Мемлекеттiк қызмет ақылы түрде қолма-қол ақшалай және (немесе) қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша көрсетiледi:
жеке тұлғалар үшін:

1) осы мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;

2) көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);

3) көрсетілетін қызметті алушы өкілінің жеке куәлігі және көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтері көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті алушының өкілеттіктерін білдіруді куәландыратын құжат не көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда);

4) жылжымайтын мүліктің техникалық паспортын және (немесе) жер учаскесіне сәйкестендiру құжатын қоса бере отырып, тіркеу объектісін растайтын құқық белгілеуші және өзге де құжаттар;

5) бюджетке тіркеу алымы сомасын төлегенiн растайтын құжат не алым төлеуден босатуды растайтын құжат.

Көрсетiлген құжаттардан басқа тiркеу объектiсіне байланысты өзге де құжаттар ұсынылады.

Заңды тұлғалар үшін:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;

2) көрсетілетін қызметті алушы өкілінің жеке куәлігі және көрсетілетін қызметті алушының өкілеттіктерін білдіруді куәландыратын құжат (түпнұсқа көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады) (көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда);

3) жылжымайтын мүліктің техникалық паспортын және (немесе) жер учаскесіне сәйкестендiру құжатын қоса бере отырып, тіркеу объектісін растайтын құқық белгілеуші және өзге де құжаттар;

4) бюджетке тіркеу алымы сомасын төлегенiн растайтын құжат не алым төлеуден босатуды растайтын құжат;

5) құрылтай құжаттары, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде не құрылтай құжаттарында көзделген жағдайларда жылжымайтын мүлiк объектiлерiн сатып алуға немесе иелiктен айыруға құрылтайшылар (қатысушылар, директорлар кеңесi, акционерлер кеңесi) жиналыстарының хаттамалары (олардан үзiндi көшірмелер);

7) шетелдiк заңды тұлғалар сауда тiзiлiмiнен заңдастырылған үзiндi көшірмені немесе шетелдiк заңды тұлға шет мемлекеттiң заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжатты мемлекеттiк тiлдегi және орыс тiлiндегi нотариалды куәландырылған аудармасымен бірге ұсынады.

Көрсетiлген құжаттардан басқа тiркеу объектiсіне байланысты өзге де құжаттар ұсынылады.

Егер тiркеуге арналған өтiнiште сатып алынатын немесе сатылатын активтердiң жиынтық теңгерiмдiк құны Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгiленген мөлшерден асып кететiні туралы мәлiметтер болса, онда көрсетілетін қызметті алушы монополияға қарсы органның алдын ала жазбаша келiсiмiн ұсынады.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылатын жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы орталықтың қызметкері орталықтың ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhylzhymaytyn-m-likke-y-tardy-auyrtpaly-tardy-memlekettik-tirkeu-427641](https://yvision.kz/kk/post/zhylzhymaytyn-m-likke-y-tardy-auyrtpaly-tardy-memlekettik-tirkeu-427641)