---
title: "«Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы»"
description: "«Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» ҚР Заңы бойынша мынадай мәліметтер атап өтті. «Жылжымайтын мүлi..."
author: "ceka"
published: "2014-07-28T00:46:36+00:00"
modified: "2014-07-28T00:46:36+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhylzhymaytyn-m-lik-ipotekasy-turaly-423024"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhylzhymaytyn-m-lik-ipotekasy-turaly-423024/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы»

> «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» ҚР Заңы бойынша мынадай мәліметтер атап өтті. «Жылжымайтын мүлi...

«Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» ҚР Заңы бойынша мынадай мәліметтер атап өтті.
«Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы»Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2723 Заңыиен қабылданған.
Кепiл берушi - жылжымайтын мүлкi немесе ондағы үлесi ипотеканың мәнi болып табылатын тұлға;
Кепiл ұстаушы - негiзгi мiндеттеме бойынша мүдделерi ипотекамен қамтамасыз етiлген тұлға;
Жылжымайтын мүлiк ипотекасы (ипотека) - кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiк немесе ондағы үлесi кепiл берушiнiң немесе үшiншi тұлғаның иелiгi мен пайдалануында қалатын кепiл түрi;
Ипотекалық ұйым - қызметiнiң айрықша түрi осы Заңда көзделген қызмет болып табылатын заңды тұлға;
Ипотекалық шарт - тараптардың негiзгi мiндеттеменi қамтамасыз етуде ипотеканы белгiлеу туралы келiсiмi;
Ипотекалық қарыз - жылжымайтын мүлiк ипотекасымен қамтамасыз етiлген банк қарызы;
Ипотекалық тұрғын үй қарызы - тұрғын үй салу не оны сатып алу және (немесе) жөндеу мақсатында берiлетiн ипотекалық қарыз.
Ипотека ипотекалық қарыз шарты немесе өзге де мiндеттеме бойынша кепiл ұстаушыға қарыздың негiзгi сомасының толық немесе ипотека шартында көзделген бөлiгiнде төленуiн қамтамасыз етедi.
Ипотека шарты бойынша құқықтарды беру, талаптардан бас тарту ережелерi сақтала отырып, ал ипотека куәлiгi берiлген жағдайда осы Заңның 16-бабында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады және мемлекеттiк тiркеуге жатады.
Негiзгi мiндеттеменiң және (немесе) ипотека шартының талаптарын өзгерту кепiл берушi мен кепiл ұстаушының (негiзгi мiндеттеме туралы шартқа және ипотека шартына қол қойған өзге де адамдардың) негiзгi мiндеттеме туралы шартқа және ипотека шартына қосымша келiсiм жасауы арқылы ресiмделедi.
Ипотека куәлiгi болған кезде оның мазмұнын өзгертудi болжайтын негiзгi мiндеттеменiң және (немесе) ипотека шартының талаптарын өзгерту ипотека куәлiгiне осы Заңның 13-1-бабында көзделген тәртiппен өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу үшiн негiз болып табылады.
Ипотека шарты жасалған кезде кепiл берушi, тiптi, бұл құқықтар белгiленген тәртiппен тiркелмесе де, ипотеканы тiркеу сәтiнде өзiне белгiлi ипотека затына барлық үшiншi тұлғалардың құқықтары туралы кепiл ұстаушыны ескертуге тиiс. Бұл ереженiң орындалмауы кепiл ұстаушыға негiзгi мiндеттеменiң мерзiмiнен бұрын орындалуын немесе ипотека шарты уағдаластықтарының өзгертiлуiн талап етуге құқық бередi.
Ескерту. 10-бапқа өзгерiс енгiзiлдi- ҚР 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhylzhymaytyn-m-lik-ipotekasy-turaly-423024](https://yvision.kz/kk/post/zhylzhymaytyn-m-lik-ipotekasy-turaly-423024)