---
title: "«Жылы өлке»"
description: "6 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі аясында Мемлекеттік орталық мұр..."
author: "Arsik"
published: "2012-12-08T04:00:29+00:00"
modified: "2012-12-08T04:00:29+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhyly-lke-307384"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhyly-lke-307384/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Жылы өлке»

> 6 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі аясында Мемлекеттік орталық мұр...

*6 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі аясында Мемлекеттік орталық мұражайда Қазақстан мен Орта Азияның белгілі суретшілерінің туындылары жинақталған «Жылы өлке» атты көрме ашылды.*

![«Жылы өлке»](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/F7U9AM91lw63c7f2cfiNZn5ga0uj02.jpg)

Көрменің басты мақсаты Алматы қаласының тұрғындары мен қала қонақтарын Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан сияқты бұрынғы біртұтас социалистік мемлекеттердің ХХ ғасырдың 60-80 жылдарындағы реалист-суретшілерінің біртума туындыларымен таныстыру.

![«Жылы өлке»](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/nmIJxJpDd29K5ZN7p5PxEkM6a9Ah9Y.jpg)

Көрмеден қазіргі отандық бейнелеу өнерінің берік іргетасын қалап, қазақ тарихын, мәдениетін және дәстүрін бейнелеуде өнегелі жол көрсеткен Ж.Шарденов, К.Шаяхметов, А.Черкасский, Н.Нұрмұхамедов, М.Кенебаев, А.Исмаилов, Б.Табиев сынды тұлғалардан бастап, Өзбекстан мен Қырғызстанның халық суретшілері А.Перов, К.Керімбеков, А.Осмонов сынды суретшілердің 70-ке жуық тамаша туындыларын тамашалай аласыздар.

Ал енді назарларыңызға Екпіннің "Жылы өлке" көрмесіне шолуын ұсынамыз.

![«Жылы өлке»](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/zy78sVkAjP3KhB2c8wBoBnn2IJ91SC.jpg)

"Шығарып салу", 1977 ж. А.Перов, Өзбекстанның халық суретшісі.

![«Жылы өлке»](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/6rr4p9Sa162DwfO9DjmqtYPkeE29Gb.jpg)

"Шығарып салу", 1977 ж. А.Перов, Өзбекстанның халық суретшісі.

![«Жылы өлке»](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/k2w9X67fN5IDO5JpQS7KH2qlS4UWiB.jpg)

"Дастарқан", Е.Бисембинова.

![«Жылы өлке»](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/b09E3Et4c0Y7CG76gM8WR48KIclHdv.jpg)

"Таң. Балықшылар", 1990 ж. К.Керімбеков, Қырғызстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері.

![«Жылы өлке»](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/Ydn1ed78FKMja1rn6XpmTZfWHMb945.jpg)

![«Жылы өлке»](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/ZNDHPWV7bOxM3gt3rqvps43mPvizeO.jpg)

"Тоқтағұлдың әні", 1985 ж. Т.Назаренко.

![«Жылы өлке»](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/4p5OR4PffsD1WZwPcta5cw49fOENQB.jpg)

![«Жылы өлке»](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/ov2D5M0bGa07ung7kx6Z2i7XdSyyAi.jpg)

"Тау өзені", 1978 ж. К.Керімбеков

![«Жылы өлке»](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/5wn2I8uLwsG6y5Vt5pQBY9o72nLvs5.jpg)

"Қалыңдық", Т.Тоғысбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері.

![«Жылы өлке»](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/3yErlIhrAAmsC78y5I43n2HfdeQS1l.jpg)

"Салнақтың шуақты күндері", 1987 ж. Т.Тоғысбаев.

![«Жылы өлке»](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/KR1nA012WKNNIX08564UOcqoI65gWW.jpg)

![«Жылы өлке»](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/1vd5WkiGIX5S1XSC76pinv1Ot6L5RE.jpg)

"Жанұя", Б.Табиев, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері.

![«Жылы өлке»](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/osVqDyvm3pT2a3Z3M4hem2z951L1hF.jpg)

![«Жылы өлке»](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/9mt0srCokA83hX8VwKg2V9APmZ4vLU.jpg)

"Арсланбоб", 80-жылдар, В.Корбан.

![«Жылы өлке»](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/5DnLYncmCd8J4clCQ954Pt5Q3qcrHF.jpg)

"Жайлау", 1972 ж. А.Шурыгин.

![«Жылы өлке»](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/7yYNhWoo1XU3k16GD8Mu974b2LVdKe.jpg)

![«Жылы өлке»](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/ZJK4fq1NG3a5HoH22n3FwmkkVU8CmP.jpg)

"Жайлаудағы таң", 1974 ж. В.Светлицский.

![«Жылы өлке»](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/OWev4LzeN4FK6kNb2EUugqars2r3fI.jpg)

![«Жылы өлке»](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/Ctc2Pr90VCu6kJS65fVNG8Ch9YcU5R.jpg)

"Ана", 1995 ж. А.Осмонов, Қырғызстанның халық суретшісі.

![«Жылы өлке»](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/7GCSaXXhlpYeTQdx7qCsi893mdcAkj.jpg)

"Үзіліс", В.Мартиросов.

![«Жылы өлке»](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/892X7n0W47WihXcLn2SWqK2C37WWj7.jpg)

![«Жылы өлке»](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/zr91N912liOI6fKWju0h2ReI75csMm.jpg)

"Жылы өлке" көрмесі **6 желтоқсан **мен **8 қаңтар** аралығында өтеді. Бейнелеу өнері шеберлерінің туындыларын сағат **10:00-ден 17:00-ге дейінгі **аралықта тамашалай аласыздар.

**Демалыс күні:** сейсенбі

**Мекен-жайы:** Самал-1, 44 (Фурманов пен Жолдасбеков көшелерінің қиылысында)

**Байланыс телефондары:** 264 - 46 - 50, 264 - 55 - 66

*Материалды дайындаған: **Айнұр Ракишева***

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhyly-lke-307384](https://yvision.kz/kk/post/zhyly-lke-307384)