---
title: "Жылдам әрі Ыңғайлы: Республиканың барлық шалғайдағы ауылдық елді мекендерінде «Құқық кабинеттері» ашылды"
description: "Мемлекет басшысының ауылдық елді мекендер тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру жөніндегітапсырмасын і?..."
author: "AdilNazar"
published: "2025-02-04T13:53:00+00:00"
modified: "2025-02-04T13:53:00+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhyldam-ari-yngayly-respublikanyn-barlyk-shalgaydagy-auyldyk-eldi-mekenderinde-kukyk-kabinetteri-ashyldy-1012338"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhyldam-ari-yngayly-respublikanyn-barlyk-shalgaydagy-auyldyk-eldi-mekenderinde-kukyk-kabinetteri-ashyldy-1012338/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жылдам әрі Ыңғайлы: Республиканың барлық шалғайдағы ауылдық елді мекендерінде «Құқық кабинеттері» ашылды

> Мемлекет басшысының ауылдық елді мекендер тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру жөніндегітапсырмасын і?...

![](https://storage.yvision.kz/images/user/268570/834b40f7c4bdd226291c393927cafffe.jpg?width=1289&height=886)

Мемлекет басшысының ауылдық елді мекендер тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру жөніндегітапсырмасын іске асыру мақсатында әділет органдары облыс әкімдіктермен бірлесіп **республиканың барлықшалғайдағы ауылдық елді мекендерінде 2 000-ға жуық «Құқық кабинетін» ашты.**

**«Құқық кабинеті»** - әрбір азамат қажетті құқықтық ақпаратты *(тегін заң көмегін)* ала алатын орын.

Кабинеттер аудандық, ауылдық әкімдіктердің ғимараттарында, ауылдық клубтарда, демалыс орталықтарындажәне т. б. EGOV өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының базасында жұмыс істейді. Жұмыс кестесі **сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін***(мекен-жайлар бойынша толық ақпарат алу үшін тиісті аумақтық әділет органдарына хабарласуқажет).*

![](https://storage.yvision.kz/images/user/268570/da3d895da3e92fdd77555b15ddcfd04a.jpg?width=1069&height=1304)

Кабинеттер қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен танысу үшін «Әділет» ақпаратттық құқықтықжүйесіне, «Заң» деректер базасына, сондай-ақ халықпен өзара іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік органдардыңақпараттық жүйелеріне *(е-otinish, egov, «Ашық НҚА» порталы және т.б.) *қолжетімділігі бар компьютерлермен *(принтер, телефон, веб-камера) *жабдықталған.

Бұл шалғайдағы ауылдық округтерде заңнаманы өз бетінше зерделеуге мүмкіндік бере отырып, халыққақұқықтық көмек көрсетуді және құқықтық ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/268570/fca6ba14a20641b4f76313ec903400e7.jpg?width=1384&height=919)

Ақпараттық жүйелерді пайдалану бойынша сұрақтар туындаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы аумақтық**әділет органының құқық түсіндіру бөлімінің қызметкеріне** не **1414 **байланыс орталығына қоңырау шалаалады, қажет болған жағдайда **заң консультанттары** палаталарының өкілдері, **адвокаттар** алқасының өкілдерітартылады.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/268570/3ec4b082177753118febb65b1d9385d0.jpg?width=1243&height=1210)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhyldam-ari-yngayly-respublikanyn-barlyk-shalgaydagy-auyldyk-eldi-mekenderinde-kukyk-kabinetteri-ashyldy-1012338](https://yvision.kz/kk/post/zhyldam-ari-yngayly-respublikanyn-barlyk-shalgaydagy-auyldyk-eldi-mekenderinde-kukyk-kabinetteri-ashyldy-1012338)