---
title: "📷«Жыл волонтері» сыйлығының жеңімпаздары анықталды"
description: "📷«Жыл волонтері» сыйлығының жеңімпаздары анықталды📷Халықаралық волонтерлер күні елордада «Жыл волонт..."
author: "zhangali.nurotan.kz"
published: "2022-12-07T04:43:18+00:00"
modified: "2022-12-07T04:43:18+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhyl-volonteri-syyly-yny-zhe-impazdary-any-taldy-980246"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhyl-volonteri-syyly-yny-zhe-impazdary-any-taldy-980246/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 📷«Жыл волонтері» сыйлығының жеңімпаздары анықталды

> 📷«Жыл волонтері» сыйлығының жеңімпаздары анықталды📷Халықаралық волонтерлер күні елордада «Жыл волонт...

📷«Жыл волонтері» сыйлығының жеңімпаздары анықталды

📷Халықаралық волонтерлер күні елордада «Жыл волонтері» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды. Бұл сыйлық 2020 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен тағайындалды.

Биыл 42 ерікті мен волонтерлер ұйымы жеңімпаз атанды.

📷Марапаттау рәсімінде «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов волонтерлер коронавируспен күрес кезінде, Арыстағы, Мақтааралдағы, Әулиекөлдегі, Екібастұздағы оқиғалар барысында қазақстандықтарға алғашқылардың бірі болып көмек көрсеткенін атап өтті.

📷«Волонтерлердің қызметі шынайы патриотизмнің көрінісі саналады. Олар – кез келген қиын жағдайда көмек қолын созатын мейірімді жүректің иелері. Қазақстандағы волонтерлік қозғалыстың белсенді жұмыс істеуі – кемел қоғамның келбеті», – деді А.Оралов.

📷Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлінің айтуынша, биыл волонтерлерді қолдау мақсатында 255-тен астам шағын грант табысталды.

📷«Мейірімділік пен қамқорлық – халқымызға тән қасиеттер. Бүгінде елімізде волонтерлер қозғалысы тұрақты дамып келеді. Волонтерлерді ынталандыру және құқығын кеңейту бойынша шаралар қабылданды. Волонтерлік қызметті қолдау стандарттары әзірленді», – деді министр.

📷«Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуге белсенді қатысқаны үшін» номинациясы бойынша «VITA» Павлодар қаласының іздеушілері» ұйымы марапатқа ие болды. Ұйым басшы Екатерина Кудрявцеваның айтуынша, бұл сыйлықтың мақсаты – волонтерлер қозғалысына мүмкіндігінше көп адамды тарту.

📷«Төтенше жағдайларды жоюға белсенді қатысқаны үшін» номинациясы бойынша Олжас Мамыр есімді волонтер марапатталды. Оның айтуынша, еріктілердің басым көпшілігі үшін ең маңыздысы – өзгеге көмектесу.

📷Салтанатты іс-шара барысында «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Ярослав Степанецке, Дамир Абдинге, Дархан Айдарханұлына, Олжас Мамырға, сондай-ақ «VITA» Павлодар қаласының іздеушілер» ҚБ және «Lider.kz Астана волонтерлері» ҚБ өкілдеріне сыйлық табыстады.

t.me/AMANATPartiyasy

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhyl-volonteri-syyly-yny-zhe-impazdary-any-taldy-980246](https://yvision.kz/kk/post/zhyl-volonteri-syyly-yny-zhe-impazdary-any-taldy-980246)