---
title: "Жыл басынан бері 8 мыңнан астам алматылыққа арнайы әлеуметтік қызмет көрсетілді"
description: "Алматыда 2026 жылдың басынан бері әлеуметтік қолдауға мұқтаж 8 192 тұрғынға арнайы әлеуметтік қызмет көрсетілді. Бұл туралы қалалық Жұмыспе?..."
author: "AselOmarova"
published: "2026-07-14T06:50:14+00:00"
modified: "2026-07-14T06:50:14+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhyl-basynan-beri-8-mynnan-astam-almatylykka-arnayy-aleumettik-kyzmet-korsetildi-1021581"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhyl-basynan-beri-8-mynnan-astam-almatylykka-arnayy-aleumettik-kyzmet-korsetildi-1021581/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жыл басынан бері 8 мыңнан астам алматылыққа арнайы әлеуметтік қызмет көрсетілді

> Алматыда 2026 жылдың басынан бері әлеуметтік қолдауға мұқтаж 8 192 тұрғынға арнайы әлеуметтік қызмет көрсетілді. Бұл туралы қалалық Жұмыспе?...

**Алматыда 2026 жылдың басынан бері әлеуметтік қолдауға мұқтаж 8 192 тұрғынға арнайы әлеуметтік қызмет көрсетілді. Бұл туралы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері хабарлады. **

![Жыл басынан бері 8 мыңнан астам алматылыққа арнайы әлеуметтік қызмет көрсетілді](https://storage.yvision.kz/images/user/582720/6c25a1809f1f7739aa5db972775a9eda.jpg?width=1280&height=854)

Арнайы әлеуметтік қызмет ерекше қажеттілігі бар адамдарға, қарттарға, сондай-ақ өмірінде қиындық болып жатқан азаматтарға көрсетіледі.Стационарлық жағдайда 1 402 адамға қызмет көрсетілді. Жартылай стационарлық форматта 1 399 азамат қажетті көмек алды.Үй жағдайында 4 614 адамға әлеуметтік қызмет көрсетілді. Оның ішінде жалғыз тұратын зейнеткерлер мен ерекше қажеттілігі бар азаматтар бар.Бұған қоса, 777 азаматқа, оның арасында тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдарға, тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге және өзге де әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарға уақытша болу қызметі ұсынылды.Қалада аталған санаттағы тұрғындарды әлеуметтік қолдау, оңалту және қоғамға бейімдеу жұмыстары жүйелі түрде жалғасып келеді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhyl-basynan-beri-8-mynnan-astam-almatylykka-arnayy-aleumettik-kyzmet-korsetildi-1021581](https://yvision.kz/kk/post/zhyl-basynan-beri-8-mynnan-astam-almatylykka-arnayy-aleumettik-kyzmet-korsetildi-1021581)