---
title: "Жыңғыл мен сакура"
description: "Жыл сайын жапон елінде сакура гүлдейтін мезгілде халқы мәз-мәйрам болып, атадан балаға мирас қылып т..."
author: "Fvfylsr"
published: "2017-05-07T01:50:41+00:00"
modified: "2017-05-07T01:56:48+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhy-yl-men-sakura-766010"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhy-yl-men-sakura-766010/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жыңғыл мен сакура

> Жыл сайын жапон елінде сакура гүлдейтін мезгілде халқы мәз-мәйрам болып, атадан балаға мирас қылып т...

![](https://storage.yvision.kz/images/user/fvfylsr/A6i5snhjt9c7Obzs9M8d2aEaML0Ne2.jpg) Жыл сайын жапон елінде сакура гүлдейтін мезгілде халқы мәз-мәйрам болып, атадан балаға мирас қылып тойлап, атап өтеді. Енді қайтсын, жері аз, халқы көп. Аталған мерекені көру үшін миллиондаған турист те ағылып келеді. Ұлттық рухын ұлықтайтын мейрам ғой және сакураның гүлдері тамақ өнеркәсібі, парфюмерия саласында да пайдаланылады. Үнемшіл жапондар бәрін кәдеге жаратады.Дәл сондай өсімдік - қазақ даласында мыңдаған жылдар бойы өсіп, өмірімізге куә болып келе жатқан бұта бар - ол жыңғыл. Жыңғылдың да бүршік шашқан гүлдері сакураға ұқсас. Алқызыл-күлгін түсті гүлдері шамамен 2-3 апта бойы гүлдеп тұрады. Айтайын дегенім сакура күтімді қажет ететін, аялап өсірілетін гүл ғой, ал біздің жыңғылымыз өзіміз сияқты даланың өтіне, желдің бетіне, қысқаша айтқанда табиғатымызға бейімделген өсімдік, Айтқандай жыңғыл кеш гүлдесе әлі суық болады деген сөз бар екен. Және бір қызығы жыңғыл басқа бұтаның түбінен өсіп шығады деседі. Сакура қанша әдемі болғанымен, біздің жыңғылға не жетсін!

Айтқандай мына фотода былтырғы жылы Торғайдағы Көкалат ауылының маңындағы жыңғыл арасында жүрген кезіміз еді!

http://torgaitravel.plp7.ru/

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhy-yl-men-sakura-766010](https://yvision.kz/kk/post/zhy-yl-men-sakura-766010)