---
title: "Журналистиканың нәтижелігі"
description: "БАҚ қызметінің нәтижелігі журналистік идеяны жүзеге асыру сияқты, қоғам талабына сәйкес келетін мақс..."
author: "kz_zez"
published: "2010-10-12T11:46:27+00:00"
modified: "2010-10-12T11:46:27+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhurnalistikany-n-tizheligi-79214"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhurnalistikany-n-tizheligi-79214/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Журналистиканың нәтижелігі

> БАҚ қызметінің нәтижелігі журналистік идеяны жүзеге асыру сияқты, қоғам талабына сәйкес келетін мақс...

БАҚ қызметінің нәтижелігі журналистік идеяны жүзеге асыру сияқты, қоғам талабына сәйкес келетін мақсатқа қол жеткізу сатыларынан және қимылдаудан тұрады. Егер әңгіме оқырманға, көрерменге, радиотыңдарманға әсер ету және оларды сендіру жөнінде болса, біз нәтижелікті әлеуметтік институтқа максималды әсер етуіне қол жеткенде ғана функционалды деп атаймыз. Сонымен қатар, ауқымды аудитория: егер нәтиже көздеген нәтижеге қарама-қарсы болса - дисфункционалды, егер нөлдік қорытынды болса - афункционалды аудитория болады. Оған қоса функционалды емес нәтижелік те бар. Ол журналистің алдына қойған мақсатымен сәйкес келмейді. Онда БАҚ-ның әрекетінен кейін кері эффект пайда болады.

Е.П.Прохоровтың жазғанындай, әсерліктің проблемасы – ең біріншіден, прогматикалық бағыттың проблемасы. Демек, журналистік қызметтің қорытынды нәтижеге дейін әр қадамының алдын ала ойластыруы. Оның ойынша, бұқаралық ақпараттың қызметі үш сатыдан тұрады: бірінші – шынайылықтың айнасы, екіншісі – шығарма мәтінін жасау, үшінші – аудиторияның шығарманы меңгеруі. Журналистік шығарманы жасау және оны қабылдау процесі, қоғамдық аудитория жағынан бұқаралық ақпарат құралдарының арқасында ойлау қабілеті өзгереді. Бұл журналистиканың эффективтілігінің проблемалары. В.А.Сидоровтың ойынша, бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің қорытынды нәтижесін келесі параметрлер арқылы бағалауға болады: 1) Бұқаралық ақпарат құралдарының жариялауының өзектілігі және жаңалығы. 2) Журналистік мәтіннің мазмұны мен пішінінің сәйкестігі, бұқаралық ақпарат құралдарының шығармашылық қызметкерлерінің жұмыс әдісі мен аудитория қабылдамақ ақпарат құндылығы мен нормаларының сәйкестігі. 3) Әлеуметтік қызметтің сараптамалық тереңдігі. 4) қоғамдық маңызы зор өзекті проблеманың ақпараттық құралдар мен озымдық қойылымы. 5) Нақты журналистік мәтіндегі сияқты біріктірілудегі жеке идеалды және әлеуметтік саяси бағыт-бағдар. 6) Материалды ұсынудағы көркемділікті бейнелеу, көрсету. Бірақ бұдан басқа да редакцияның қоғамдық қызметі маңызды: Қоғамдық пікірді зерттеу және басылым аудиториясының көңіл күйі, редакция белсенділерімен және хаттарымен жұмыс, басқа да журналистік акциялар.

Нәтижелік факторлар қатарымен байланысты, ол журналистиканың функциясының қимылының нақтылығына, оның принциптерінің нақты сақталуына, журналистік тәжірибедегі құқықтық және этикалық нормаларға қатысты этикет сақтауынан және бұқаралық ақпарат құралдарының жұмыскерлерінің шеберлігінің деңгейіне тәуелді.

Бұқаралық ақпарат құралдары әлемді тануда, динамикалық қарым-қатынасты қамтамасыз етуде, әлеуметтік теңдікті сақтауда үлкен рөл атқарады. Бірақ, сонымен қатар, олар бұзу күшіне ие, кей кезде сана сезімді басқару құралына айналады.

Заманауи отандық журналистика мінезіне нарық ареалы әсер етеді (тіршілік үшін күрес, бәсекелестік) және ақпараттық процестің болжамы. Батыс индустриясында ақпарат құралының күштілігіне байланысты аморальдық, сенсациялық, ауқымды мәдениет әдеттегідей болады. Шынайылық пен идеалдылық арасындағы шекара бұзылады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhurnalistikany-n-tizheligi-79214](https://yvision.kz/kk/post/zhurnalistikany-n-tizheligi-79214)