---
title: "Журналистиканың 6 бас сұрағы"
description: "Әр журналист мақала жазатын болса, мынадай алты сұраққа жауап беруі тиіс: Кім, Қайда, Қашан, Қалай, ..."
author: "Arsik"
published: "2009-10-28T02:44:46+00:00"
modified: "2009-10-28T02:44:46+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhurnalistikany-6-bas-s-ra-y-20644"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhurnalistikany-6-bas-s-ra-y-20644/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Журналистиканың 6 бас сұрағы

> Әр журналист мақала жазатын болса, мынадай алты сұраққа жауап беруі тиіс: Кім, Қайда, Қашан, Қалай, ...

![Журналистиканың 6 бас сұрағы](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/3P4wMicKtEcbO6H9fCml8k2p1C6YHJ.jpg)

Әр журналист мақала жазатын болса, мынадай алты сұраққа жауап беруі тиіс: Кім, Қайда, Қашан, Қалай, Неге. Журналист осы сұрақтарға қысқа да болса ақпарат беруі қажет. Ағылшын тілінде алты сұрақтың бесеуі W әрпінен басталады және біреуі H. Сол себепті кәсіби тілде журналистер оларды «Бес W және бір H» деп атайды. Осы сұрақтарды журналистикаға Редьярд Киплинг енгізген болатын.

I KEEP six honest serving-men (They taught me all I knew); Their names are What and Why and When And How and Where and Who.

Мақала жазар алдында оның құрылымын анықтау қажет, мысалы, оқиға желісінің жоспары сияқты. Алайда, ең бастысы - мақаланы неден басталатынын анықтап алу керек. Басында сіздің қойын дәптеріңізде осы алты сұраққа жауап беретін ақпараттың бар-жоғын тексеріп алайық. Егер бар болса, онда материалға кірісуге болады. Ең бірінші - лид. Содан бастайық.

**Лид****ты құру.** Жаңалықпен таныстыру үшін 6 сұрақтың ішінен ең маңыздысын таңдап, мақалада басты мәселені ерекшелеп аламыз. Осылайша лидтің алты түрін (6 сұраққа жауап беретіндей) жасайық. Лид мақаланың басты сұрағынан басталады.

**К****ІМ?** Осы сұраққа жауап беру үшін бірінші орынға тұлғаны қоямыз. Көбінде бұл танымал адам - мемлекет басшысы, белгілі саяси қайраткер.

*«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде профессорлар мен студенттерге оқыған дәрісі зор мәнге ие болды».*

**НЕ?** Бұл лид тұлғалардан маңыздырақ оқиғаларға арналады. Лидте жасалынған нәрселер бірінші орында тұрады.

*«Семей полигонының жабылғанына да 20 жыл өтті**».*

**ҚАШАН?** Посткеңестік журналистикада бұл лид ең көп қолданылатындардың ішінде. Материалды «бүгін» немесе, мысалы, «28 қазанда» деп бастау дәстүрге айналды. Осындай лид ақпараттың жеделдігін көрсетіп тұрады.

*«**Бүгін Алматыда «IT-2009 - Microsoft инновациялық жобалары» 2-ші форумы басталды*».

**ҚАЙДА?** Бұл лид оқиғаның орнына назар аудартады.

*«Қазығұрт ауданындағы Жіңішке аулының тұрғындары төрдегі тележәшіктің құмырсқадай жыбырлаған экранына қадалып, дыбысына құлақтарын тосады*».

** Неге****?** Лидтің осы түрі оқиғаның себептерін ашып тұрғандай болады.

*«Мемлекеттік тілді дамыту қорының қолдауымен ашылған сайттардың мақсаты - қазақ тілді интернет-журналистиканы дамыту мен қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы бәсекені арттыру».*

**Қалай?** *«Қарағанды облыстық тілдерді дамыту басқармасында құжаттардың басым бөлігі тек орыс тілінде жүргізіліп келген, қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту жұмыстарына бюджеттен бөлінген қаражат мақсатсыз жұмсалған дейді тексеріс жүргізген прокурорлар»*.

Қарап отырсаңыз, лид қазақ тілінің қолдану жағдайын көрсетіп тұр.

[Мінбер.кз](http://minber.kz/) үшін

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhurnalistikany-6-bas-s-ra-y-20644](https://yvision.kz/kk/post/zhurnalistikany-6-bas-s-ra-y-20644)