---
title: "Журналистік шеберлік жайлы сөз қозғағанда..."
description: "Ал, сөйлеу заманы – интернетпен болсын, теледидармен болсын ақпар таратып, сөз құдыретінің еселенген..."
author: "uservk203616231"
published: "2020-10-04T14:40:17+00:00"
modified: "2020-10-04T14:41:29+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhurnalistik-sheberlik-zhayly-s-z-oz-a-anda-867935"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhurnalistik-sheberlik-zhayly-s-z-oz-a-anda-867935/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Журналистік шеберлік жайлы сөз қозғағанда...

> Ал, сөйлеу заманы – интернетпен болсын, теледидармен болсын ақпар таратып, сөз құдыретінің еселенген...

Ал, сөйлеу заманы – интернетпен болсын, теледидармен болсын ақпар таратып, сөз құдыретінің еселенгене түсуі, яғни журналистиканың болашағы зор.

Журналистік шеберлік туралы сөз қозғағанда, ең алдымен, ел алдында сөз бастаған билерден аттап кете алмаймыз. Себебі, қол бастаудан да сөз бастау қиын. Аталар сөзі – ғасырлар көзі. Олар қолданған әрбір сөз қазіргі қаламгер үшін баға жетпес қазына секілді. Яғни журналистік шеберлік пен шешендік өнер тығыз байланысты.

- Ақпарат жинау мен таратуда тәжірибе жинау;
- журналистиканың қоғамдық өмірдің әр түрлі сатыларында, сан түрлі тарихи кезеңдерінде қызмет ету заңдылықтарын жетік білу;
- теориялық ережелерді сақтай отырып, жанрлар жүйесін және қазіргі журналистік тәжірибені де елеп-екшеп, талдап-таразылау – журналистік шеберлікке жету жолдары болып табылады. Алайда, жоғарыда атап кеткендей, шешендік өнерді де қатар алып жүрген жөн.

Бастысы - ісіңе деген сүйіспеншілік. Егер ол болса, кез келген мамандық адамға оңай дарып, әрі қарай жолы оңға баспақ.

Нәтижеге қол жеткізу – шешендік өнердің де, ақынның сөзінің де, журналист мақсатының да түп қазығы. Өйткені, жол мұраты – жету болса, сөз мұраты – ұту. Сөзден ұтқан адамның мерейі қашанда үстем. Яғни, журналистік шеберліктің қайнар көзі де, тарихи бастаулары да халқымыздың шешендік өнерінде жатқанына ешкім де таласа алмайды.

«Қалай шешен боламын?» - деген сұрақ әр адамда туындауы мүмкін. Ол өнерді «туа бітеді» деу – қателік. Адамның қолынан келмейтіні жоқ. «Көре-көре көсем боласың, сөйлей-сөйлей шешен боласың» - деп атам қазақ бекер айтпаса керек. 1% - қабілет болса, 99% - еңбек болмақ. Бастысы, қолға алғанды жарты жолдан тастамай, шарықтау шегіне дейін жеткізіп, адал тер төгу.

Адал тердің наны қашанда тәтті, солай емес пе?

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhurnalistik-sheberlik-zhayly-s-z-oz-a-anda-867935](https://yvision.kz/kk/post/zhurnalistik-sheberlik-zhayly-s-z-oz-a-anda-867935)