---
title: "Журналистік шеберлік деген не?"
description: "Жаңалық жаршысы – журналистика өзгеден оқ бойы озық тұруды, болашақты болжап, қоғамдық пікірді дұрыс..."
author: "usergoogle113875725356035457742"
published: "2020-10-12T03:35:46+00:00"
modified: "2020-10-12T03:35:46+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhurnalistik-sheberlik-degen-ne-868385"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhurnalistik-sheberlik-degen-ne-868385/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Журналистік шеберлік деген не?

> Жаңалық жаршысы – журналистика өзгеден оқ бойы озық тұруды, болашақты болжап, қоғамдық пікірді дұрыс...

Жаңалық жаршысы – журналистика өзгеден оқ бойы озық тұруды, болашақты болжап, қоғамдық пікірді дұрыс қалыптастыруды көздейді. Бүгінгі кәсіби журналист дегеніміз – қажетті, маңызды ақпаратты дәл уақытында ала білген, көкейкесті проблемаларды дер кезінде жедел көтеріп, шешілу жолдарын көрсететін, экономикалық, қоғамдық, әлеуметтік мәселелерге қатысты татымды ой, пікір айта алатын журналист. Мұның бәрі тек журналистік шеберліктің қыр – сырын меңгергенде ғана жүзеге асырылатын шаралар болып табылады.

Журналистік шеберліктен біраз пайдалы мағлұматты жақында оқып шықтым. Шетел басылымдарына арнап жазатын журналистердің(меншікті тілшілердің)көбісі онлайн басылымдар үшін материал жазады, яғни бұл тәсілдер интернет журналистер мен блогерлерге де пайдалы болады.

Әр материалда жаңалық болуы шарт-жаңа фактілер, жаңа тұжырымдар, оқиға немесе проблемаға деген жаңа көзқарас, жаңа тәсіл. Ең маңыздысы – мазмұн!Оқырман шешім мен қорытндыны СІЗ ұсынған факт пен тұжырым арқылы ӨЗІ шығаруы тиіс. Егер бір көзқарасты оқырманға міндеттеп, мойындатқызатын болсаңыз, бұл насихаттау мен үгіттеуге ұқсап кетуі мүмкін. Бүгінгі оқырман факттың негізінде қорытындыны өзі шығарады, журналист бұл фактіні тек түсіндіріп, оған жан-жақты сараптама жасайды. Жеке фактіден жалпы қорытныдыға келу,бұл журналистке қойылатын басты талап. Оқырманға деген құрмет, яғни тек шындықты айту. Кез-келген қателік автордың немесе ақпарат көзінің мәртебесіне(сенімділігіне)нұқсан келтіреді. Түсінікті тілмен жазу, термин сөздер мен диалектизмдерді қолдануды әдетке айналдырмау қажет. Таптаурын болған сөз тіркестерді қолданудан аулақ болған жөн.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhurnalistik-sheberlik-degen-ne-868385](https://yvision.kz/kk/post/zhurnalistik-sheberlik-degen-ne-868385)