---
title: "Журналист болам деушілерге..."
description: "Жаңа заманғы журналистика біз өмір сүріп жатқан дәуірдің қажеттілігі. Журналист болам деушілер көп. ..."
author: "Zevsko"
published: "2013-02-27T05:24:11+00:00"
modified: "2013-02-27T05:24:11+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhurnalist-bolam-deushilerge-339792"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhurnalist-bolam-deushilerge-339792/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Журналист болам деушілерге...

> Жаңа заманғы журналистика біз өмір сүріп жатқан дәуірдің қажеттілігі. Журналист болам деушілер көп. ...

Жаңа заманғы журналистика біз өмір сүріп жатқан дәуірдің қажеттілігі. Журналист болам деушілер көп. Әйтсе де, кейбіреулері бойында таланты бола тұра бұл салаға бұрылмай, өзге жолды таңдап кете береді. Ал көкейде көмулі қалған сол арманды сыртқа шығаруға сондай мүмкіндіктер бар. Журналист болғаң келе ме, курсқа жазыл да сол дүние үшін жаралғандығыңды дәлелдеуге тырыс. Мамандар дацындайтын арнайы курстар баршылық. Соның бірі MediaSchool журналистика мектебі.

Жақында аталмыш мектеп журналистикаға қызығушылығы бар адамдарды өз айналасына жинап оқытпақ екен! Қысқаша айтып өтсек:

Журналистика мектебі журналистік шеберлікті меңгергісі келетіндерге, бірақ БАҚ саласына қажетті тәжірибесі жоқ адамдарға арналған. Оқу қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Қарқынды практикалық оқыту бағдарламасы мынадай блоктардан тұрады: Баспасөз БАҚ-ы; Ақпараттық агенттіктер мен электронды БАҚ құралдары; Заманауи медиа; БАҚ және Құқық.

Оқу барысында студенттер Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары туралы жалпылама мәлімет алып, мақаланың құрылымын зерттеп, әр түрлі форматта мақала жазуды, ақпарат көздерін тауып, телевизиялық және жаңалықтар сюжетін жасауды үйренеді.

Сонымен қатар Жаңа Медиамен жұмыс жасаудың ерекшеліктерімен, мультимедиялық журналистиканың заманауи талаптарымен танысып, этикалық және заңдық нормаларды сақтай отырып мақала жазудың қыр- сырын меңгереді. Дәрістер тренинг түрінде өтеді. Оларды тәжірибелі мамандар: журналистер, блоггерлер, редакторлар, саясаттанушылар,сарапшылар, құқыққорғаушылар, инфографистер, юристтер өткізеді.Журналистика Мектебіне қабылдау 2013 жылдың 18–ші наурызына дейін жалғасады. Сабақ 2013жылдың 20-сыншы наурызында басталады. Оқу ақысы айына – 25 000 теңге.

Әр адамның жүрегіңнің түбінде қалған арманы, мақсаты, жүзеге аспаған идеялары бар екені рас. Сол идеяларды жүзеге асыруға асығу керек. Себебі, өмір бір рет қана беріледі адамға.

Р.S: толық ақпарат алғыңыз келсе мында өтіңіз:

[www.facebook.com/groups/medianet.kz/](http://www.facebook.com/groups/medianet.kz/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhurnalist-bolam-deushilerge-339792](https://yvision.kz/kk/post/zhurnalist-bolam-deushilerge-339792)