---
title: "«ЖОО ашықтықты және айқындықты қамтамасыз ету жөніндегі жемқорлыққа қарсы стандарты»"
description: "2020 жылдың 10 маусым күні ZOOM қосымшасы арқылы М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың басшылығы мен әкімшілі..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2020-06-10T13:44:10+00:00"
modified: "2020-06-10T13:44:10+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhoo-ashy-ty-ty-zh-ne-ay-yndy-ty-amtamasyz-etu-zh-nindegi-zhem-orly-a-arsy-standarty-858898"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhoo-ashy-ty-ty-zh-ne-ay-yndy-ty-amtamasyz-etu-zh-nindegi-zhem-orly-a-arsy-standarty-858898/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «ЖОО ашықтықты және айқындықты қамтамасыз ету жөніндегі жемқорлыққа қарсы стандарты»

> 2020 жылдың 10 маусым күні ZOOM қосымшасы арқылы М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың басшылығы мен әкімшілі...

2020 жылдың 10 маусым күні ZOOM қосымшасы арқылы М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың басшылығы мен әкімшілік бөлімі қызметкерлеріне «ЖОО ашықтықты және айқындықты қамтамасыз ету жөніндегі жемқорлыққа қарсы стандарты» тақырыбында онлайн-конференция ұйымдастырылды.

Онлайн-конференция жұмысына М.Өтемісов атындағы БҚМУ проректоры Т.М.Дәрішева, БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н.И.Самет және университеттің әкімшілік бөлімі қызметкерлері қатысты.

Шара барысында ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар және 12-бабына сәйкес шектеулер қабылдаулар барысы талқыланды.

Аталған онлайн-конференциялар өз жалғасын табатын болады.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhoo-ashy-ty-ty-zh-ne-ay-yndy-ty-amtamasyz-etu-zh-nindegi-zhem-orly-a-arsy-standarty-858898](https://yvision.kz/kk/post/zhoo-ashy-ty-ty-zh-ne-ay-yndy-ty-amtamasyz-etu-zh-nindegi-zhem-orly-a-arsy-standarty-858898)