---
title: "Жолдауды талқылауға арналған Бір толқында диалог алаңында Айгуль Туркина белсенді жастармен кездесті"
description: "Жолдауды талқылауға арналған «Бір толқында» диалог алаңында Айгуль Туркина белсенді жастармен кездес..."
author: "oral.nurotan.kz"
published: "2022-10-20T09:38:11+00:00"
modified: "2022-10-20T09:38:11+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zholdaudy-tal-ylau-a-arnal-an-bir-tol-ynda-dialog-ala-ynda-aygul-turkina-belsendi-zhastarmen-kezdest-976708"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zholdaudy-tal-ylau-a-arnal-an-bir-tol-ynda-dialog-ala-ynda-aygul-turkina-belsendi-zhastarmen-kezdest-976708/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жолдауды талқылауға арналған Бір толқында диалог алаңында Айгуль Туркина белсенді жастармен кездесті

> Жолдауды талқылауға арналған «Бір толқында» диалог алаңында Айгуль Туркина белсенді жастармен кездес...

Жолдауды талқылауға арналған «Бір толқында» диалог алаңында Айгуль Туркина белсенді жастармен кездесті

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жолдауында азат елдің озат ойлы жалынды жастары үшін зор қуаныш және жарқын жетістіктерге жол ашатын мүмкіндіктердің бастауы анық көрінеді. Бүгінде елімізде жастардың білім алуы, жұмысқа орналасуына қатысты туындап отырған мәселелер жеткілікті. Студент жастарды жатақханамен қамтамасыз ету күн тәртібінде тұр. Әсіресе, ірі қалаларда жатақхана мәселесі әлі күнге шешімін таппай келеді.

Мемлекет басшысы Жолдауда жатақхана мәселесі мемлекет мойнындағы жауапкершілік ретінде қала беретінін айтты. Осы орайда жеке меншік жоғары оқу орындарындағы жатақхана мәселесіне мемлекет тарапынан қолдау жасалатындығы да орынды. Бүгінде жастардың алдында үлкен міндеттер тұр. Олар өз білімін ары қарай ел келешегінің дамуына арнап, экономиканың қай саласында болмасын жарқын қызмет етуі керек деді, - Айгуль Туркина.

Сонымен қатар кездесу барысында қалалық мәслихат депутаты өз өмір жолын баяндай отыра, бүгінде еңбек етемін, өзімді дамытамын, үйренемін деген жастарға мүмкіндіктің шаш етектен екенін жеткізді.

Сол себепті «Болашақ – жастардың қолында», — деп осы сөзді ұран етіп, болашаққа нық қадам басу, көк туды көкте желбірету жастардың айқын мақсаты болуы тиіс. Келешектің тізгінін берік ұстап, болашақтың көшбасшысы болумен қатар, еліміздің еңсесін көтерер азамат болу керек, - деп өз сөзін қорытындылады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zholdaudy-tal-ylau-a-arnal-an-bir-tol-ynda-dialog-ala-ynda-aygul-turkina-belsendi-zhastarmen-kezdest-976708](https://yvision.kz/kk/post/zholdaudy-tal-ylau-a-arnal-an-bir-tol-ynda-dialog-ala-ynda-aygul-turkina-belsendi-zhastarmen-kezdest-976708)