---
title: "Жолдау-2021: «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі»"
description: "«Nur Otan» Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркенд..."
author: "terekty.nurotan.kz"
published: "2021-09-06T07:28:03+00:00"
modified: "2021-09-06T07:28:07+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zholdau-2021-haly-birligi-zh-ne-zh-yeli-reformalar-el-rkendeuini-berik-negizi-947260"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zholdau-2021-haly-birligi-zh-ne-zh-yeli-reformalar-el-rkendeuini-berik-negizi-947260/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жолдау-2021: «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі»

> «Nur Otan» Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркенд...

«Nur Otan» Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауы мен «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламаның іске асырылуына жүйелі қоғамдық бақылауды қамтамасыз ететін болады.

📷Бұл туралы билеуші партия Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook-тегі парақшасында айтты.

Б.Байбек өз постында 3 негізгі мәселеге назар аударды.

📷Оның айтуынша, біріншіден, Мемлекет басшысының ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы тұсында жасаған бұл Жолдауы басымдықтарды айқындап, мемлекет пен қоғамның әрі қарай даму бағытын белгілеп қана қоймай, сонымен бірге осы жылдар аралығында жүріп өткен жолымызды да қорытындылайды.

«Қасым-Жомарт Кемелұлы Жолдауының басында айтқандай, «Қазақстан Тұңғыш Президентіміз – Елбасының дара саясатының арқасында табысты ел ретінде бүкіл әлемге танымал болды. Ең басты жетістігіміз – біртұтас ел болып, жаңа мемлекет құрдық. Іргемізді бекітіп, еңсемізді тіктедік. Халықаралық қауымдастықтың белді мүшесіне айналдық. Тұрақты қоғам қалыптастырып, орнықты даму жолына түстік», – деп жазды «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары.

Б.Байбек атап көрсеткендей, Қазақстан – бүгінде іргесі берік, тұғыры мығым мемлекет. Мұны ішкі саяси тұрақтылығы, бейбіт сыртқы саясаты және жалпы орнықты экономикасы қамтамасыз етіп отыр. Кезінде оппозицияның «қаражатты таратып беру керек» дегеніне қарамастан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев құрған Ұлттық Қор бүгінде біздің экономикалық сілкіністерді еңсеріп қана қоймай, елдің әрі қарай дамуы бойынша жаңа бастамалар ұсынуымызға да мүмкіндік беруде.

📷«Екіншіден, Жолдау бүкіл әлемді жайлап, елімізді әбігерге салған коронадағдарыс уақытында, азаматтардың әлеуметтік-экономикалық ахуалы нашарлаған және наразылық көңіл-күй артқан күрделі жағдайда жасалып отыр. Осындай кезеңде біз, өкінішке қарай, геосаяси турбуленттіліктің, әлемдік державалардың санкциялық текетірестерінің күшейе түскенін байқап отырмыз. Ауғанстаннан мыңдаған босқындар өз үйлерін тастап кетіп жатқанын көріп отырмыз, бұл, әрине, Орта Азия өңіріндегі және жалпы біздің еліміздегі ахуалға да әсер етпей қоймайды», – деді ол.

Оның пікірінше, мұндай күрделі жағдайда Мемлекет басшысының Жолдауы басымдықтарды айқын белгілеп, қазіргі сын-қатерлерге нақты жауап беріп отыр.

⠀

«Ел Президенті Қазақстан үшін ұлттық бірлікті одан әрі нығайту, азаматтық қоғамды дамыту мен экономиканың сапалы өсуі үшін жаңа ынталандыру тетіктерін құрудың басты басымдықтары болып табылатынын атап көрсетті. Бұл қазіргі қиындықтарды табысты еңсеруге мүмкіндік беріп қана қоймай, пандемиядан кейінгі кезеңде ел дамуын қамтамасыз етуге де жағдай тудырды», – деді партия Төрағасының Бірінші орынбасары.

⠀

📷Үшіншіден, Бауыржан Байбек Мемлекет басшысының саяси жаңғыртуға, азаматтық қоғамды дамытуға, жаңа әлеуметтік стандарттарды ендіруге, отандық бизнесті қолдауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға, сондай-ақ мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға бағытталған бағдарының жүйелі әрі табанды іске асырылып жатқанын атап көрсетті.

⠀

«Жыл сайынғы жолдаулар мен ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Nur Otan» партясының ХХ Съезінде жария еткен «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлауалды бағдарламасының іске асырылу барысы денсаулық сақтау жүйесінің сапасы, білімнің қолжетімділігі, цифрландыру, өңірлерді дамыту секілді маңызды мәселелердің қашанда басты назарда екенін көрсетеді. Қарапайым қазақстандықтарға атаулы, нақты қолдау көрсетуге, олардың әл-ауқатын арттыруға ерекше көңіл бөлінуде», – деп атап өтті ол.

⠀

📷Толығырақ: https://nurotan.kz/news/news-detail/287781?lang=kz

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zholdau-2021-haly-birligi-zh-ne-zh-yeli-reformalar-el-rkendeuini-berik-negizi-947260](https://yvision.kz/kk/post/zholdau-2021-haly-birligi-zh-ne-zh-yeli-reformalar-el-rkendeuini-berik-negizi-947260)