---
title: "\"Жолда қабылдау акциясы\""
description: "Алакөл ауданының полиция бөлімі ағымдағы жылдың шілде айының 16-17 күндерінде барлық карантиндік нор..."
author: "zhenis.police.kz"
published: "2021-08-06T06:15:09+00:00"
modified: "2021-08-06T06:22:37+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zholda-abyldau-akciyasy-943871"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zholda-abyldau-akciyasy-943871/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# "Жолда қабылдау акциясы"

> Алакөл ауданының полиция бөлімі ағымдағы жылдың шілде айының 16-17 күндерінде барлық карантиндік нор...

Алакөл ауданының полиция бөлімі ағымдағы жылдың шілде айының 16-17 күндерінде барлық карантиндік нормаларды сақтай отырып кең көлемде " Жолда қабылдау " акциясын өткізеді . Аудан тұрғындарымен кездесуде полиция бөлімінің бастығы , оның орынбасарлары , Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі , Әкімшілік полиция бөлімшесі жол - техникалық инспекция бөлімшесі және де көші - қон қызметі тобының қызметкерлері арнайы орындарда халықты жеке қабылдайды .

Акция барасында халыққа ішкі істер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтерді алу кезінде кәсіпкерлер мен тұрғындар үшін шығындарды қысқарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы , оның ішінде электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы , сондай - ақ , онлайн режимінде айыппұлды қарау және төлеу , полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану тәртібі туралы құқықтық кеңестер беріледі .

« Жолда қабылдау » акциясы Алакөл ауданы Ушарал қаласы Қонаев көшесі " Достық " сауда орталығының алдында өткізіледі .

Алакөл АПБ бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қ.Е.Ақбасов

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zholda-abyldau-akciyasy-943871](https://yvision.kz/kk/post/zholda-abyldau-akciyasy-943871)