---
title: "«Жолда қабылдау!»"
description: "2019 жылдың 27 тамызында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2019-08-27T12:21:14+00:00"
modified: "2019-08-27T12:21:14+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zholda-abyldau-839456"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zholda-abyldau-839456/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Жолда қабылдау!»

> 2019 жылдың 27 тамызында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ...

2019 жылдың 27 тамызында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, Батыс Қазақстан кәсіпкерлер палатасы, көліктегі бақылау инспекциясы қызметкерлерімен бірге Орал-Атырау тас жолында «Жолда қабылдау» акциясын өткізді. Акция мақсаты жолда жүк тасымалдау кезіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылады. Акция кезінде жүргізушілерге сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардын алдын-алу, жүктерді тасымалдау кезінде бақылаушы органдардың лауазымды адамдарына пара беру фактілерінің алдын алу маңыздылығы түсіндірілді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zholda-abyldau-839456](https://yvision.kz/kk/post/zholda-abyldau-839456)