---
title: "Жолаушы сұранысына сай."
description: "Ақтөбе мен Алматы арасында жайлылық деңгейі жоғары №33-34 пойызы қатынай бастады. Бірінші ..."
author: "abenova-balkyz"
published: "2011-03-25T06:38:30+00:00"
modified: "2011-03-25T06:38:30+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zholaushy-s-ranysyna-say-131288"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zholaushy-s-ranysyna-say-131288/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жолаушы сұранысына сай.

> Ақтөбе мен Алматы арасында жайлылық деңгейі жоғары №33-34 пойызы қатынай бастады. Бірінші ...

Ақтөбе мен Алматы арасында жайлылық деңгейі жоғары №33-34 пойызы қатынай бастады. Бірінші құрамы жолға шыққан "Батыс" жолаушы пойызы халықтың жайлы, сапалы және қауіпсіз тасымалға деген сұранысына жауап беретін қатынас құралы болды. Пойыз отандық "Ремпассажирвагон-2" кәсіпорында қайта жөндеуден өткен "Жолаушылыр тасымалы " АҚ- ның вагондарынан құрастырылған. Жөндеу жұмыстары кезінде жолаушылар ұсыныстары ескеріліп, вагонның ішкі және сыртқы дизайына үлкен көңіл бөлінген. Нәтижесінде барлық вагондар жұмсақ әрі ыңғайлы орындарымен жабдықталып,DVD-ойнатқыштары бар теледидарлар қойылған. Мұнда жолаушыларға шахмат,нард ойындары мен газет- журналдардың жаңа номерлері ұсынылады. Сондай-ақ тоңазтқыш камераларын, қысқа толқынды пеш пен сейфті пайдалана аласыз.СВ,купе және плацкарт вагондары бар пойыздың вагон-мейрамханасында тағамның әр түріне тапсырыс беріп, түскі немесе кешкі тамақты купеге алғызу мүмкіндігі қарастырылған.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zholaushy-s-ranysyna-say-131288](https://yvision.kz/kk/post/zholaushy-s-ranysyna-say-131288)