---
title: "Жол полициясымен болған әңгіме"
description: "Сағат түңгі бірдің шамасы.. Абайдың бойымен асықпай, бірақ қатты келе жатырм.. Артқы жағымнан \"Волв..."
author: "Qaseke"
published: "2012-04-12T20:46:07+00:00"
modified: "2012-04-12T20:46:07+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhol-policiyasymen-bol-an-gime-247402"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhol-policiyasymen-bol-an-gime-247402/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жол полициясымен болған әңгіме

> Сағат түңгі бірдің шамасы.. Абайдың бойымен асықпай, бірақ қатты келе жатырм.. Артқы жағымнан "Волв...

Сағат түңгі бірдің шамасы.. Абайдың бойымен асықпай, бірақ қатты келе жатырм.. Артқы жағымнан "Волво, прими вправо и остановись" дейді.. Мен болсам жылдамдықты көтермей ары қарай кетіп бара жатырм.. Артқы жағымнан "я кому сказал остановись!!" деп дауысын көтеріп қояды.. Оны да естімеген ұқсап ары кетіп барам.. Қызыл жанды.. Сол жағымнан кеп тоқтады.. Терезені түсір деп белгі берді.. Түсірдім..

- Еее, неге тоқтамайсың?

- Ассалаумағалейкүм! Қайда? Не үшін?

- Естімейсің ба не?

- А не, маған бірдеме айттыңдар ма? Түсінбедім мен, орысша жаман түсінем..

Жасыл жанды.. Менің жолымды кесіп барып тоқтатты ақыры.. Отырмын.. Жаныма келді..

- Еее, бауырым, не болды өзіңше болып, тоқтамайсың ба!

- Еее емес, бауырда емес.. Сіз деп сөйлеңіз, сіз менің ағам емессіз ғой..

- Сіз неге тоқтамадыңыз?

- Сөйлеген сөзіңізді түсінбедім, қазақша сөйлесеңіз тоқтар едім бірден.. Негізі мемлекет Қазақстан, тіл - қазақ тілі, мен қазақ, сіз мемлекеттік істе жүрген қазақ, ал менің өзге тілді түсінбеуім мүмкін.. Оған қоса маған жұрттың көзінше "остановись" деуіңіз дұрыс емес, сыпайы түрде айту керек, доп теуіп жүрген жоқпыз ғой жолда.. Адам сияқты айтсаңыз, адам сияқты тоқтар едім..

- Құжаттарыңызды көрсетіңізші?

- Әрине..

- Жақсы, сау болыңыз, жолыңыз болсын!

- Рақмет!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhol-policiyasymen-bol-an-gime-247402](https://yvision.kz/kk/post/zhol-policiyasymen-bol-an-gime-247402)