---
title: "Жол белгілерін мониторингілеу!"
description: "\"Ақжайық – адалдық алаңы\" жобалық кеңсесі БҚО полиция департаментімен бірігіп Орал қаласы көшелерінд..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2019-04-01T07:04:38+00:00"
modified: "2019-04-01T07:04:38+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhol-belgilerin-monitoringileu-829430"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhol-belgilerin-monitoringileu-829430/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жол белгілерін мониторингілеу!

> "Ақжайық – адалдық алаңы" жобалық кеңсесі БҚО полиция департаментімен бірігіп Орал қаласы көшелерінд...

"Ақжайық – адалдық алаңы" жобалық кеңсесі БҚО полиция департаментімен бірігіп Орал қаласы көшелеріндегі жол белгілерінің, таңбаларының және бағдаршамдардың жай-күйіне; бағдаршам объектілері жұмыс режимдерінің қолданыстағы құжаттамаға сәйкестігіне;жүргізушілерге, оның ішінде жүк және транзиттік көлік жүргізушілеріне ақпараттық, бағыттық бағдар беру жүйесіне және тағы басқа да мәселелер бойынша көктемгі кешенді тексеру жүргізу жоспарлануда.

Кешенді тексеру қорытындысы бойынша жол белгілерінің мақсатты орналасуын қамтамасыз ету мақсатында жол белгілерінің орналасуына және таңбалау сызбаларына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар енгізілетін болады.

Азаматтарға:Орал қаласы көшелерінде жасамай тұрған бағдаршам, жол жүру ережесіне сәйкес емес жол белгілерін және таңбаларын немесе соғылған жол белгілерін байқасаңыздар ұсыныстарыңызды аdaldyq07@mail.ruэл. поштасына фото немесе бейне материалдарын қоса жолдауыңызға болады.

Тел: 8 (7112) 50-33-07).

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhol-belgilerin-monitoringileu-829430](https://yvision.kz/kk/post/zhol-belgilerin-monitoringileu-829430)