---
title: "Жол белгілері жобалық кеңсе бақылауында"
description: "17.06.2019 ж. жоба кураторы Г. Оспанқұлов, жобалық кеңсенің басшысы А. Салиева және жобалық кеңсенің..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2019-06-20T04:57:12+00:00"
modified: "2019-06-20T04:57:12+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhol-belgileri-zhobaly-ke-se-ba-ylauynda-834898"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhol-belgileri-zhobaly-ke-se-ba-ylauynda-834898/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жол белгілері жобалық кеңсе бақылауында

> 17.06.2019 ж. жоба кураторы Г. Оспанқұлов, жобалық кеңсенің басшысы А. Салиева және жобалық кеңсенің...

17.06.2019 ж. жоба кураторы Г. Оспанқұлов, жобалық кеңсенің басшысы А. Салиева және жобалық кеңсенің қызметкерлері уәкілетті органдар өкілдерінің (Орал қаласы әкімінің орынбасары, БҚО ІІД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы мен қызметкерлері), БАҚ және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен Орал қаласы Рамаев/Листовая көшелерінің қиылысы мекен-жайы бойынша тұрғындардың өтініші бойынша азаматтарды көшпелі қабылдау өткізді.

Аталған көшелердің тұрғындары осы жол қиылысында жылдамдық режимін сақтамағаны үшін жиі орын алатын жол-көлік апаттарына шағымданды (40 км. с. шектеу). Кездесу қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға осы жол қиылысында адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғасын болдырмау үшін жасанды кедір-бұдырлықтарды орнату бойынша ұсыныстар берілді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhol-belgileri-zhobaly-ke-se-ba-ylauynda-834898](https://yvision.kz/kk/post/zhol-belgileri-zhobaly-ke-se-ba-ylauynda-834898)