---
title: "Жобалық кеңседе жануарлардың бруцеллезін алдын алу және жою мәселелері талқыланды"
description: "2019 жылы 11 маусымда \"Ақжайық - Адалдық Алаңы \" жобалық кеңсесінде мүдделі мемлекеттік органдардың,..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2019-06-12T09:46:59+00:00"
modified: "2019-06-12T09:46:59+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhobaly-ke-sede-zhanuarlardy-brucellezin-aldyn-alu-zh-ne-zhoyu-m-seleleri-tal-ylandy-834332"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhobaly-ke-sede-zhanuarlardy-brucellezin-aldyn-alu-zh-ne-zhoyu-m-seleleri-tal-ylandy-834332/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жобалық кеңседе жануарлардың бруцеллезін алдын алу және жою мәселелері талқыланды

> 2019 жылы 11 маусымда "Ақжайық - Адалдық Алаңы " жобалық кеңсесінде мүдделі мемлекеттік органдардың,...

2019 жылы 11 маусымда "Ақжайық - Адалдық Алаңы " жобалық кеңсесінде мүдделі мемлекеттік органдардың, бизнес өкілдерінің (БҚО ауыл шаруашылығы, ветеринария басқармалары, Орал қаласы ауыл шаруашылығы, ветеринария бөлімдері, «Орал қаласы ветеринарлық станциясы» МКК, БҚО ВҚБ, «Кублей» ЖШС, «Жардем» ШҚ, «Уральские колбасы» ЖШС, «Ветеринарлық лаборатория» БҚО филаиалы, «Атамекен» БҚО ҰКП)және БАҚ өкілдерінің қатысуымен БҚО аумағында жануарлардың бруцеллезін алдын алу және жою мәселелері бойынша кеңес өткізілді.

Жиын барысында мүдделі мемлекеттік орган өкілдері бруцеллездің пайда болу негіздері қандай, бруцеллездің алдын алу шаралары, жануарлардың бруцеллез ауырғанда қандай шаралар қабылдау керек, қандай тиімді вакцинация турлері бар және т.б. сұрақтарға жауап берді.

Жануарлар арасында бруцеллез ауруын алдын алу және ауру пайда болған жағдайда уақытылы тиімді шаралар қабылдау мақсатында уәкілетті органдарға тұрақты түрде тұрғындар арасында БАҚ арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізу және БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізу туралы ұсыныс берілді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhobaly-ke-sede-zhanuarlardy-brucellezin-aldyn-alu-zh-ne-zhoyu-m-seleleri-tal-ylandy-834332](https://yvision.kz/kk/post/zhobaly-ke-sede-zhanuarlardy-brucellezin-aldyn-alu-zh-ne-zhoyu-m-seleleri-tal-ylandy-834332)