---
title: "Жоғары және жоғары оқудан кейінгі білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын алу мүмкіндігі"
description: "«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК барлық бөлімдерінен «Жоғары және жоғары оқудан кейінгі білім б..."
author: "TARAZ_CON_1"
published: "2015-09-22T06:07:59+00:00"
modified: "2015-09-22T06:07:59+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zho-ary-zh-ne-zho-ary-o-udan-keyingi-bilim-beru-turaly-zhattardy-teln-s-alaryn-alu-m-mkindigi-545586"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zho-ary-zh-ne-zho-ary-o-udan-keyingi-bilim-beru-turaly-zhattardy-teln-s-alaryn-alu-m-mkindigi-545586/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жоғары және жоғары оқудан кейінгі білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын алу мүмкіндігі

> «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК барлық бөлімдерінен «Жоғары және жоғары оқудан кейінгі білім б...

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК барлық бөлімдерінен «Жоғары және жоғары оқудан кейінгі білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын алу» мемлекеттік қызметін тұтынуға мүмкіндіктер бар. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. Қызмет алушы қызмет түрін алу үшін жоғары оқу орындарына және халыққа қызмет көрсету орталығына қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап бір айдан кешіктірмей ала алады. Тұтынушы Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінген кезінде мына құжаттар топтамсын: 1)Белгіленген нысан бойынша ХҚО басшысының атына білім туралы құжаттың жоғалу мән-жайлары немесе басқа да себептері көрсетілген өтініш; 2)құжаттың нөмірі мен тіркелген күнін көрсете отырып, құжаттың жоғалғандығы туралы мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланған хабарландырудың көшірмесі;көрсетілетін қызметті алушының жеке куәлігінің түпнұсқасы; 4)қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының тегінің (атының, әкесінің атының) өзгергенін растайтын құжат; 5) жарамсыз немесе алдыңғы жылдары толтырған кезде қателері бар (болған жағдайда) білім туралы құжаттың түпнұсқасын ұсыну қажет. Толық ақпараттық мәліметтер мен қажетті құжаттар тізілімін электронды үкімет порталы арқылы немесе ақпарат алу үшін жергілікті ХҚКО жүгінуіңізге және 1414 біріңғай байланыс орталығына тегін қоңырау шалуыңызға болады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zho-ary-zh-ne-zho-ary-o-udan-keyingi-bilim-beru-turaly-zhattardy-teln-s-alaryn-alu-m-mkindigi-545586](https://yvision.kz/kk/post/zho-ary-zh-ne-zho-ary-o-udan-keyingi-bilim-beru-turaly-zhattardy-teln-s-alaryn-alu-m-mkindigi-545586)