---
title: "Жоғары оқу орындарының академиялық және басқару еркіндігін кеңейту."
description: "Жоғары оқу орындарының академиялық және басқару еркіндігін кеңейту25 сәуір күні Министр Ерлан Сағади..."
author: "MON_RK"
published: "2017-05-15T10:55:23+00:00"
modified: "2017-05-25T08:07:08+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zho-ary-o-u-oryndaryny-akademiyaly-zh-ne-bas-aru-erkindigin-ke-eytu-766799"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zho-ary-o-u-oryndaryny-akademiyaly-zh-ne-bas-aru-erkindigin-ke-eytu-766799/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жоғары оқу орындарының академиялық және басқару еркіндігін кеңейту.

> Жоғары оқу орындарының академиялық және басқару еркіндігін кеңейту25 сәуір күні Министр Ерлан Сағади...

***Жоғары оқу орындарының академиялық және басқару еркіндігін кеңейту***25 сәуір күні Министр Ерлан Сағадиев Үкіметтегі жоғары оқу орындарының академиялық және басқару еркіндігін кеңейту туралы заң жобасы талқыланған жиналысқа қатысып, сөз сөйледі. Министрлік бірқатар негізгі жаңалықтарды ұсынды.Жоғары оқу орындарының академиялық және басқару еркіндігін өрістету.Атап айтқанда:- оқу орындарына студенттерді қабылдау тәртібін белгілеу және білім бағдарламалары шеңберінде контингентті қалыптастыру;- білім бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын жасау;- жоғары оқу орнының құрылымы мен қызметкерлер штатын белгілеу;- жұмысқа алу тәртібін белгілеу;- ғылыми білім беру саласы бойынша еншілес ұйымдар құру сияқты құқықтар беріледі.Бұрын мұндай артықшылық тек ұлттық жоғары оқу орындарына берілетін, енді барлығы осындай құқыққа ие болмақ. Ал ұлттық мәртебесі бар жоғары оқу орындарына қосымша құзыреттіліктер беріледі, атап айтқанда:- білім беру стандарттары мен талаптарын өз бетімен жасауға, мұны білім берудің барлық деңгейінде пайдалануға;- шет елдерде филиал ашуға;- стартап-компаниялар ашуға;- жоғары оқу орнына қабылдау тәртібін белгілеуге құқылы болады.Ұлттық біліктілік шеңберіне (ҰБШ) сай, білім беру бағдарламаларын жасау принципін енгізу. Енді ҰБШ білім алудың нәтижесі мен құзыреттілікті белгілейді. Бұл кәсіби мамандармен келісіліп, ҰБШ, СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бекітілген, сондай-ақ, кәсіби стандарттарға енгізілген. Мұны Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Еңбек министрлігі жасап бітуге таяу.Енді жоғары оқу орындары қолда бар оқыту нәтижесі мен құзыреттіліктерді есепке ала отырып, өздерінің білім беру бағдарламаларын жасай алады. Түрлі оқу орындары арасында білім беру бағдарламасы бойынша бәсекелестік болады. Білім министрлігі реестрді және білім беру бағдарламаларының рейтингін жүргізеді, жыл сайын нарық талабына жауап бере алмайтын және жұмыс берушілер қауымдастығымен бірлесіп, әлсіз білім беру бағдарламаларын реестрден шығарып тастап отырады. Осылайша, білім беру бағдарламасы талапқа сай емес жоғары оқу орнының алдында 3 таңдау бар:- Білім беру бағдарламасын жабу;- Жақсы бағдарлама ұсынған оқу орнының білім беру бағдарламасын алу;- Өздігінен немесе серіктестермен бірлесе отырып жаңа білім беру бағдарламасын жасау және оны реестрға енгізу.Нәтижесінде бәсекелестікті арттырып, сонымен бірге жоғары оқу орындарындағы оқыту сапасын арттырып, білім беру бағдарламаларының талапқа сай болуына бақылау жасай аламыз.Соған сай лицензия беру де өзгереді. Егер бұрын лицензия мамандыққа берілетін болса (аумағына, кітап санына, оқытушы-профессорлар құрамына қарай), енді дайындық бағыттарына лицензия беріледі, оның ішіндегі білім беру бағдарламалары Реестрге енген болуы керек.Бұл жоғары оқу орындарына академиялық еркіндік берудің әлемдік тәжірибесі және негізгі принципі. Кадр дайындаудың мұндай механизмі түлектердің халықаралық дәрежедегі ұтқырлығына да ықпал етіп, олар әлемнің кез келген елінде оқып, жұмысқа орналаса алатын болады. Ол үшін жоғары оқу орындары өздерінің білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредитация агенттіктерінде тіркеуі тиіс. Бүгінде жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру саласында 600-ге жуық мамандық бар, ал жаңа жүйеге көшкенде 10 дайындық бағыты болады, олардың әрқайсысының ішінде оқу орындарының өз білім беру бағдарламасы болады. Ол Экономикалық әріптестік және даму ұйымына кіретін (ЭӘДҰ) елдердегідей 600-ден көп болуы да мүмкін.Бірегей аккредитация стандартына көшу, ол халықаралық және өзіміздің жеке аккредитация агенттіктерімізді ESG халықаралық стандарттарына сәйкестендіру үшін қажет.Студент сапалы білім беру қызметін алуға өзі мүдделі болуы керек.Халықаралық тәжірибе бойынша студентке бір мезгілде екі бағытта білім алатын жеке траектория жасауға мүмкіндік беріледі:- «Major» (пәнді терең игеру);- «Мinor» (пәнді қосымша игеру).Бұл, мәселен, физика мамандығығында оқитын студенттер қосымша заң ғылымын оқи алады, ал экономистер ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, құқықты немесе маркетингті оқи алады деген сөз. Пәнаралық білім беруді жаппай енгізуге мүмкіндік тудырады. Қазіргі кезде бұл тәжірибе тек педагогика мамандықтарында бар (физик-математик), енді бұл жаңалық барлық мамандыққа қатысты болады.Қаржыландыру саласындағы икемділік. Біз 4 жыл бойына мамандықты қаржыландырудан нақты кредитті қаржыландыруға өтеміз. Мысалы, егер студент 18 кредит алса,Мемлекет соны төлейді, ал білім алушы 18 кредиттің ішінен пәндерді өзі таңдау құқығына ие болады. Бірақ, тек «Major» қаржыландырылады, «Мinor» бойынша қаржы бөлінбейді.Жоба Президент Әкімшілігі мен Премьер-министр Канцеляриясының ескертпелері мен ұсыныстарын ескере отырып, барлық мүдделі мемлекеттік органдармен келісілді, бірнеше рет академиялық қауымдастықпен және жоғары оқу орындарымен, жоғары оқу орындарының бақылау кеңесі, қамқоршылық кеңесі және директорлар кеңесі мүшелерімен талқыланды.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/mon_rk/SxeIMADAvfZS71eUW8u3VChMU59JQ8.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zho-ary-o-u-oryndaryny-akademiyaly-zh-ne-bas-aru-erkindigin-ke-eytu-766799](https://yvision.kz/kk/post/zho-ary-o-u-oryndaryny-akademiyaly-zh-ne-bas-aru-erkindigin-ke-eytu-766799)