---
title: "Жоғары хокей лигасында «Қазцинк — Торпедо» көш бастап тұр"
description: "Кеше Өскемен қаласының «Қазцинк-Торпедосы» сырт алаңда «ВМФ-Карелия» (Карелия Республикасы, Ресей)..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-09-18T22:58:09+00:00"
modified: "2013-09-18T22:58:09+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zho-ary-hokey-ligasynda-azcink-torpedo-k-sh-bastap-t-r-374662"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zho-ary-hokey-ligasynda-azcink-torpedo-k-sh-bastap-t-r-374662/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жоғары хокей лигасында «Қазцинк — Торпедо» көш бастап тұр

> Кеше Өскемен қаласының «Қазцинк-Торпедосы» сырт алаңда «ВМФ-Карелия» (Карелия Республикасы, Ресей)...

[!\[Жоғары хокей лигасында «Қазцинк — Торпедо» көш бастап тұр\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/09/20120523084347-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/09/20120523084347.jpg) Кеше Өскемен қаласының «Қазцинк-Торпедосы» сырт алаңда «ВМФ-Карелия» (Карелия Республикасы, Ресей) командасын жеңіп, ұпай саны жағынан Жоғары хоккей лигасында бірінші орынға көтерілді. Кешегі ойын — «Қазцинк-Торпедо» хоккейшілерінің сырт алаңдағы алғашқы матчы. Бұған дейін олар өз алаңында үш ойын өткізіп, үшеуінде де жеңіске жеткен. Осы жолы да «Қазцинк-Торпедоның» мерейі үстем болды. Ойынның бірінші кезеңінде-ақ Өскемен хоккей клубының жігіттері қарсыластардың қақпасына үш бірдей шайбаны кіргізді. Константин Савенков дубльдың авторы атанса, Евгений Рымарев үшінші шайбаны шебер сала білді. Одан кейін Юрий Сергиенко «ВМФ-Карелияның» қақпашысын төртінші рет қапы қалдырды. Қарсыластар болса, ойынның әрбір кезеңінде бір-бір шайбамен жауап берумен болып, есеп айырмасын 4:3-ке дейін қысқартты. Алайда одан аса алмады. Ойын осымен аяқталды. Осылайша, Өскеменнің «Қазцинк-Торпедосы» сырт алаңда өткізген алғашқы ойында жеңіске жетіп, тағы үш ұпайға қол жеткізді. Қазір төрт ойынның қорытындысы бойынша, оның еншісінде 12 ұпай бар. Соның арқасында «Қазцинк-Торпедо» Жоғары хоккей лигасының жалпы турнирлік кестесінде бірінші орынға көтерілді.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: [Арман Асқаров](http://www.inform.kz/kaz/searchauthor/1210)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zho-ary-hokey-ligasynda-azcink-torpedo-k-sh-bastap-t-r-374662](https://yvision.kz/kk/post/zho-ary-hokey-ligasynda-azcink-torpedo-k-sh-bastap-t-r-374662)